Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)

Әліппе

Уақыты: 22.10.15 ж.

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жж дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер, жалаушалар,кеспе әріптер,буындар т.б

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Тренинг сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Ынтымақтастық атмосферасы

(1 мин)

І Ұйымдастыру.
Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

- Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар.

1-топ.Жалау

2-топ.Жарыс

3-топ.Жайлау

Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.

Топқа бөлу

(2 мин)

Қызығушылықты ояту

(6 мин)

« Ой шақыру»

Ойын «Жапырақ жинау»

Теректегі жапыраққа өтілген мәтін бойынша сөздер жазылып жапсырылады. Оқушылар жапырақтарды жұлып алып, сөзді оқып, ол сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Балалар,қақпа,шабуыл,доп,Болат,Қайрат,орнына.

-Бұл сөздер қай мәтіннен алынған?

-Мәтінде не туралы айтылады?(Балалар жауап береді)

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. ( Жапырақ )
- Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады?

Қазір біз Ж дыбысы мен әрпімен таныс боламыз.

Мағынаны тану

(15 мин)

- Ж дыбысын дыбыстату.
- Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.
3. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
4. « Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ
5. « Тез, әрі сауатты оқиық! »

Жа ға жа лау жо та жан тақ жу ан

Жа са жа сау жу а жу сан жу ас
- Балаларға хормен оқыту.
6. Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
7. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
- Ж әрпін ауада жазу.
- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.

Сергіту сәті

(2 мин)

Сергіту сәті.
8. « Ұйқасын тап! » ойыны.
- Іші толған шәрбат, -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат, Дәмі сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін, Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім ) Оның аты- …( жаңғақ )
-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

Ой толғаныс

9.Топтық жұмыс.

1-топ.Жалау «Берілген суреттегі заттардың атын жазу»

2-топ.Жарыс «Суреттердегі жануарларды топтастыру»

3-топ. Жайлау «Үй жануарларының төлдерін тұсына жазу»

- Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
- Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
- Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.

(5мин)

Бағалау

(2 мин)

Рефлексия

(2 мин)

Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)





Рефлексиялық есеп

Сауат ашу.Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз,- дей келе сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым.Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлдім. 1-топ «Жалау»,2-топ «Жарыс»,3-топ «Жайлау». Сабағымыздың мақсаты таныстырылды:Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту. 3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақты «Жапырақ жинау» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтаумен жалғасытырдым. Теректегі жапыраққа өтілген мәтін бойынша сөздер жазылып жапсырылады. Оқушылар жапырақтарды жұлып алып, сөзді оқып, ол сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Балалар,қақпа,шабуыл,доп,Болат,Қайрат,орнына. Әр жауап берген топтын тұсына жапырақ жапсыру арқылы бағалап отырдым.Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы Ж дыбысы екенін білді. «Сөз ойла,көп ойла» деген ойында ж дыбысынан келетін сөздер айтылды және тақтада берілген буындардан жаңа сөздер құрады.Оқулықпен жұмыс жүргізілді.Жаңа сөздер оқылып мағынасын оқушылар оз білгендерінше тауып айтты,мәтінді оқып шықты.

Жа ға жа лау жо та жан тақ жу ан Жа са жа сау жу а жу сан жу ас
Дәптермен жұмыста оқушылар Ж ж дыбысының жазба түрін алдымен ауада содан соң дәптерге жазып орындады.Сергіту сәтінде «Ұйқасын тап» ойыны ойнатылды.Өлең жолдарын толықтырып,ж дыбысынан келетін сөздерді ұйқастырды.Сабақты қорытындылау мақсатында топтық жұмыс берілді.Әр топ топтаса отырып орындады және тақтада түсіндірді. Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа « Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім. Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.Кері байланыс :Сабақтан алған әсерлерін стикерге есімдерін жазып жапсырды. Сабақта топтық жұмыс аз болды,оқушылар еркін отырды, ережеге бағынбады.Бір жағынан сабақ сәтті өтті.Кейбір талған кемшіліктерді алдағы сабақтарда жібермеуге, айтылған ескертпелерді болдырмауға, оқушыларға ережені әлі де пысықтау керек деп ойлаймынжәне тырысамын.




Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс) Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс) Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс) Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)Конспект открытого урока по родному языку на тему Ж дыбысы мен әрпі (1 класс)

© 2010-2022