Әдебиеттік оқу: Ана құшағында. сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:15.03.15 ж

Кабинет:216

Мұғалім:Таскинбаева

Сабақтың атауы

Ғ Мүсірепов Ана құшағында

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Кітап, слайдтар, кестелер
Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: Жаңаны түсіндіру

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау «Ана құшағы» дегенде ойларыңа не келеді?
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін «Қазақ солдаты»романының үзіндісімен
танысамыз. Әуелі роман авторы Ғ. Мүсіреповпен танысайық. Кемеңгер жазушының
Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен? - «Қазақ солдаты». Иә, құлаққа етене таныс: «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен мәңгілік өлмес мұралардың бірі әрі бірегейі саналатын, ұлы жазушының таудай талантының арқасында дүниеге келген үлкен романның дәл өзі. Әрине, таудай талант иесі деп отырғанымыз - Ғабит Мүсірепов. Дәуірдің рухани - мәдени бел - белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі. Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі Кеңес Одағының Батыры Атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. Бұны біреу білсе, біреулер біле бермейді. Оның есесіне, бір дәуірдің талай сыры шертіліп, талай рухани адамдық ізденіс - өзгеріс ақтарылған айтулы туындыда азынаған замана лебі айқын сезіледі. Бас кейіпкердің арман - тілегі, өрісі мен өресі, көтерілген шыңы да, қинала кешкен ойы мен қыры да мен мұндалап тұр.
... Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның жаңа достары Бораш пен Шеген, әңгімедегі абзал аналар, табиғат суреті, әңгіменің баяндау түрі, тіл көркемдігі, мақал - мәтелдердің қолданысы, Қайроштың бір басындағы сезім арпалыстары шығарманы ширықтыра, оқырманды тарта түседі. Неге десеңіздер, тарқатып айтайық...

Мағынаны тану

2. Негізгі мағынаны таныту Мәтінмен танысу, оқу.
Сұрақтарға жауап (Оқулықтағы сұрақ тар)
3. Мақсатты оқу - Анасы мен баласының бір - біріне деген ыстық сезімін баяндайтын тұсты тап. - Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.
Анасына сипаттаманы үйден жазып келу тапсырылады.
Топтық жұмыс 1 Ана туралы мақал - мәтелдер айту.
2. Ана туралы өлеңдер оқу
3. Кесте толтыру - ой тиянақтау
1 - топ Б Ү Ү кестесі, 2 - топ - РАФТ
Ой - толғаныс. Ана - өмірдің шуағы.
Батыр да, ақын да, дана да анадан туады.
Ана алдында асқар тау да аласа,- деп, аналарымызды мақтан етіп, құрметтеп жүрейік!

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқу.(Романды іздеп тауып оқуларыңа болады.)
2. Қайроштың анасына сипаттама жазу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Әдебиеттік оқу:Ана құшағында. сабақ жоспары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022