Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу. 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу. Мақсаты: Жаңа сабақ түсіндіру. Білімділік: Бірдей сандарды қосу тәсілдерінің шығару жолымен танысады. Дамытушылық: Ойлау, іздену қабілеттері дамиды, шапшаң шығаруға машықтанады. Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа баулиды. Көрнекіліктер: слайдтар,интерактивті тақта,оқулық Әдісі: түсіндіру, талдау, оқулықпен жұмыс. Түрі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Үлкенгеде сіз Кішігеде сіз Барлығына құрметпен Бас иеміз біз -Балалар көңіл күйлерің қалай? -Сабаққа дайындықтарың ше? ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды, қалғандары тексереді. ІІІ Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыстан кейін қай жыл мезгілі? - Көктемде қандай мерекелер болады? - Ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сендердің мерекеге дайындықтарыңды көрейік. Сабақта алған білімдерімізді ортаға салайық. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бірдей сандарды қосу». Жаңа сабақты түсіндіру. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақты шешіп көріңдер. Даусы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі , әні көп. Құлағын он бұра. Ол не?... (домбыра) 1- тапсырма ауызша орындау. -Екі екіден неше домбыра ? 2+2+2 -Екі домбырадан неше сөреге қойылған? 3 -Екі екіден неше қобыз? 2+2+2+2 -Екі қобыздан неше сөреге қойылған? 4 Қазақтың музыкалық аспаптары (домбыра ,қобыз) туралы айта кету. Оқулықпен жұмыс. - Балалар, қазір біз оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз. 2-тапсырма ауызша орындау /10,9,12 / санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр. Бұл тапсырмадағы қазақтың ұлттық киімдері (тақия, қалпақ, сәукеле, қамзол) - Балалар мынау қандай ұлттық киімнің суреті? - Тақияны кімдер киеді? 10 = 5 + 5 10 = 2 + 2 + 2 + 2+ 2 Осы ретпен орындалып шығады. 3-есеп. Есепті оқып талдау және шығару. Түсті қағаз - 37 парақ Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық Барлығы.- ? Ш: 1) (37 + 18) +37= 92(парақ) Ж: барлығы 92 парақ Түсті қағаз- 37 парақ. Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық Ақ қағаз қанша .- ? Ш: 2) 37+ 18 = 55 (парақ) Ж: 55 парақ ақ қағаз Шаршағанда болармыз , бой сергітіп алайық! Сергіту сәті. Ән: Наурыз 4-тапсырма. Оюларды атап, тапсырманы орында. Теңдеулерді шешу. Тақтада орындау. (қазақтың ұлттық оюлары) х -32=53 84-х=24 х+38=40 5-тапсырма. «Асық шашу» ойыны арқылы, амалдарды жазбаша түрде орындау. 16+44=60 100-77=23 65+35=100 39+38=77 59+26=85 24+48=72 74-46=28 100-59=41 7-тапсырма. а) Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап. 4см 5см 3см 4см 3см 4см 3см 4см 3см - Балалар,ұлттық киімдерді,ұлттық аспаптарды,ұлттық ойындар: асық шашу, орамал тастамақ ойынын ойнадық, оюларды таптық . - Бұл сөздер туралы не айтасыңдар, қай кезде болады? - Алда қандай мереке келе жатыр? - Бұл сөздердің «Наурыз мерекесіне » қандай қатысы бар? ІҮ. Бекіту. - Балалар, қандай тақырып өттік ? - Тақырып қиын болды ма ? Ү. Қорытындылау. - Балалар, бүгін сабақта не істедік ? - Қандай тапсырмалар орындадық ? - Сабақ сендерге ұнады ма ? ҮІ. Үйге тапсырма беру. №4, 170- бет №7 (б) , 171- бет ҮІІІ. Бағалау


© 2010-2022