Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет бере отырып,жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

б) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

в) ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанжы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері,

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ой қозғау,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

- Оқушылардың назарын өзіне аудару;

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Қазақстан туралы шағын әңгіме жазу.

Жаңа сабақ

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Астана қаласы»

Оқушыларды мақсатымен таныстыру өз ойларын айтады.Дәптерлерін ашып, күнді, сабақтың тақырыбын жазады

Оқушыларға "Астана" деген сөз арқылы ассоциация құрастырылады. Оқушылар жазған ассоциацияларын оқиды. Балаларды Көптік жалғауымен таныстыру .Балалар қазақ тілінде 4-жалғау бар.

Көптік,жіктік, септік,тәуелдік

Сөздікпен жұмыс:

Қадірлеу - уважать,ценить

Сүйікті-любимый

Байтақ - обширный

Тұсау кесу - воздвинуть

Қаланған - воздвигнут, построин

Өркендеу - процветать

Таңба - знак

. Кітаппен жұмыс

  1. тапсырма. Суретке қара.Сұқраққа жауап бер.

Бұл қай қала?

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы 3- сынып


  1. тапсырма.Тыңда қайтала оқы.

Мектеп,саябақ,Думан орталығы,музей,театр.

Көптік жалғаулар (Множественное число)

дар/дер

л, м, н, ң, ж, з

тар/тер

қатаң дауыссыздар + б, в, г, д

лар/лер

дауыстылар + й, р, у

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашамыз

Бәрін санап аламыз

12345678910

Сұрақ-жауап

1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?

4. Қаланың негізі қай жылы қаланған?

5. Целиноград қаласы болып нешінші жылы өзгертілді?

6. Астананың символын ата.

Үй жұмысы:

Берілген суреттерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

  • Сабақ аяқталды!

  • Сау болыңыздар!



Қосымша тапсырма.

  1. тапсырма

Астана -еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан - байтақ еліміздің астанасы. Астана- Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қаланың Астана ретінде тұсауы кесілген күн- 1998 жылдың 10 маусымы. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. Астана - Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді.

Астана қаласы туралы

Есіл өзенінің сол жағында жаңа Астананың символын алып, "Бәйтерек" монументі орналасқан. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерек -Астананы биіктен көрсетеді. ардың ішінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар. Ал "Думан" ойын сауық орталығының ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, ибекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде "Джунгли" аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы.

  1. Тапсырма.

Берілген суреттерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

+ табыс септігінің жалағауы

+ шығыс септігінің жалғауы

+ барыс септігінің жалғауы

+ ілік септігінің жалғауы

+ жатыс септігінің жалғауы

+ көмектес септігінің жалғауы


© 2010-2022