Ашық сабақ Ана тілі Шуақ. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 1 сынып

Сабақтың тақырыбы : Шуақ. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты :

білімділігі: Оқушылардың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау,өлеңдерді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру.

тәрбиелігі: Ұжымдық бірлесе отырып,жұмыс жасай білуге адамгершілікке,

достыққа тәрбиелеу. дамытушылығы: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін пәнге қызығушылығын жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық ,жылдамдық көргендік қасиеттерін дамыту

Көрнекілігі: Мультимедиа, плакат,суреттер

Әдістер: сұрақ-жауап,топтау,қайталау

Сабақтың жүрісі: I Қызығушылығын ояту

Бүгінгі сабағымыз ғажайып өнер әлеміне саяхат жасаймыз.

Баяғы өткен заманда Өнер деген ғажайып ел болыпты. Бұл елде әншілер,күйшілер,суретшілер өмір сүріпті.Олар тек зәулім үйлермен асқар таулар, оқу құралдарымен әртүрлі заттарды салады екен.Дегенмен суреттерінде іс-қимыл болмай , суреттердің мән- мағынасы жоғалады екен.Суретшінің суреттерін ешкім жоғары бағаламай қойыпты. Ол қариядан ақыл сұрайды.Қария іс-қимыл қажет дейді. Суретші бірнеше суреттерін беріп жіберіпті.Оған көмектесейік. Ол үшін еске түсірейік.Ережелерді қайталайық.

Төменде берілген сөздерді заттың қимылын білдіретін сөздермен толықтыр.

Бұлақ ... Көбелек ...

Үй ... Гүл ...

II Ойымызды жинақтайық.

1.Заттың атын білдіретін сөздерді ата.

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.

3.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.

4.Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.

5.Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.

III Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп оқу.Өлеңнің мазмұнын талдау. Хормен айту.

Сұрақтар қою.

Қимылын білдіретін сөздерді табу.

IV Сөздікпен жұмыс

  1. Құрақ--- шөптің атауы.

  2. Тымақ--- бас киім.

  3. Шуақ--- күннің нұрын төгіп тұруы.

V Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып бір тұрып

Сәл тынығып алайық

VI Дәптермен жұмыс

Заттың қимылын білдіретін сөздер жазылған,заттың атын білдіреін сөздер жазу. Көркем жазу. Тақтаға жазу.

VII Ой толғаныс. Алған білімді сараптау, тапсырма беру.

Ережені шығару.

VIII Сабақты қортындылау.


© 2010-2022