Интелектуальная игра для начальных классов «Зерде»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Зерде» білім сайысы
Мақсаты: - Білімді, жан - жақты болуға жетелеу
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Іздемпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, сигналды карта, сигналдық белгі.
Сайыстың формасы: топтық
Әдіс: жарыс.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Дайындықтарын тексеру, зейіндерін сайысқа аудару, сұрақ - жауап.
II. Сайысқа қатысқан топтардың аттары:.

III. Әр топтың көшбасшылары төс белгілерін сипаттап, түсінік береді.
IV. Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
V. Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 4 сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін»Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер. Сайыс 7 турдан тұрады:

1. Таныстыру
2. Білгенге маржан
3. Сөзжұмбақ
4. Математика
5. Көңілді ребус

6. Әліппе
7.Айлалы сұрақ

1 топ. «Тұлпарлар» Таныстыру.
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз.
Озып алға шығамыз!
2 топ «Қырандар» Таныстыру.
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың.
Ұлы, қызы боламыз!
Ұраны: Алға, тек алға

Жеңіске қарай самға
2тур.»Білгенге маржан» - мониторингке 6 кітаптың суреті шығады, әр кітапта 1 сұрақ, 4 жауап бар. Соның 1 дұрыс жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Егерде жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауабын дұрыс тапса, 5 ұпай ұтып алуға мүмкіндік бар, әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1 сұрақ. 9 - дың көбейту кестесін айт
2 сұрақ. Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі,

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортадан қуса игі,- қай бидің шешендік сөзі?
3 сұрақ.Сөз таптары нешеге бөлінеді және оның түрлері?
4 сұрақ. Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған?
5 сұрақ. Төрт аяқты үш орындықтың аяғы нешеу?
6 сұрақ. Б,в,г,ғ,д,ж,з қандай дауыссыз дыбыс?
3 тур. «Сөзжұмбақ» деп аталады
Бұл турда екі топ сөзжұмбақ құрастырып әкеледі.Қарсы топ шешеді.Қай топ бірінші шешсе,5 ұпайды иеленеді.
4 тур. «Математик» амал таңбаларын қою.
8*4=2 14*7=2

3*4=7 2*6=12

4*5=20 24*3=8

2*4=8 6*8=14

25*5=5 25*14=11

16*15=1 45*9=5

36*4=9 36*3=39

5*6=11 10*10=100

6*3=2 18*9=2

15*4=19 40*25=65


Бір минуттың ішінде ойынды аяқтау қажет. Қай топ көп дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
5 тур. Көңілді ребус:
Мониторингке ребус көрсетіледі.Қай топ бірінші шешеді сол 5 ұпай иеленеді.
6 тур. Әліппе.
Бір әріп беріледі,сол әріпке қай топ көп сөз табса,5 ұпайға ие болады.Адам,қала,жер-су аттары саналмайды.Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

7 тур.Айлалы сұрақ.

Бұл сұрақта бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Умралина Г.Қ қояды.Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Қорытынды жасалады: ( әділқазылар алқасы)

VI. Екі топтың көшбасшылары ортаға шығып бір - бірлеріне тілектерін айтады.
VII. Қонақтарға ән шашу»Бала тілегі» әнімен сайысты аяқтау






С.Мұқамеджанов атындағы орта мектеп


Интелектуальная игра для начальных классов «Зерде»

Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі

Өткізген: Жумагельдина Ж.С.


2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022