Ертеңгілік. «Қыз - өмірдің қызғалдағы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыз өмірдің қызғалдағы!

Қымбатты қонақтар,аналар,әжелер,бала бақша ұжымының апайлары.

Жыл мезгіліндегі ең тамаша,ең шуақты көктемнің сағындырып жеткен мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Дендеріңізге саулық отбасыларыңызға тыныштық тілейміз!

Осынау жайдары өмірдегі ең асылы да, дарасы да қымбатты жан ол - Ана.

Наурыз күні-Ана күні,әлем күні

Әлемді тебірентер Ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Құрметті қонақтар «Айгөлек» ортаңғы тобының жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыздың арасындағы «Қыз өмірдің қызғалдағы» атты сайымызға қош келдіңіздер!

Қол соғып,қошеметтеп, Аруларымызды ортаға шақырайық.

Балалар бәрі:

Құттықтаймыз анашым,8-ші Наурызбен!!!

Сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

1.Таныстыру

2.Өнер көрсету

3.Мерекелік дастархан немесе қол өнер.

4.Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)

Жүргізуші: Әділ қазы береді

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Сол алады сыйлықты

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп,жеңімпазын анықтайтын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.

( Әділ-қазы алқасымен таныстыру. )

Жүргізуші: Қыздар қыздар көңілдің көк гүлдері

Көк гүлдер көзге ыстық көрінеді

Азаймаңдар,арулар жауқазындар

Азаймандар өмірдің көп гүлдері-демекші сөз кезегін таныстыруға берейік.

1-тур.Таныстыру:

1. Бағдат Асылайым Бағдатқызы

2. Сапарбай Бибіфатима Қуанышқызы

3. Жұмабай Камила Дарханқызы

4. Қазыкешова Аружан Саматқызы

5. Бақытжан Қарақат Бейімбетқызы

6. Шайқадин Наргиза Дастанқызы

7. Елеуова Сабина Ерғалиқызы

8. Мұрат Әдемі Қанатқызы

9. Қалимеденова Нұрайым Қазбекқызы

Би: «Жігіттер»

2- тур. Жүргізуші:

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына,кең екен

Домбыра тартып,ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кемде-кем екен!

Келесі кезеңді өнерге берейік :

(қыздар кезекпен келіп өнер көрсетеді)

Құлақтан кіріп бойды алар

Тәтті әнмен жақсы күн

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағаандай,келесі кезекті тамаша бір әнге берейік.

Ән: «Құттықтаймын ана»

3тур-Жүргізуші: Ана көрген тон пішер

Әке көрген оқ жонар демекші келесі кезекті тамаша аруларымыздың мерекелік дастархан немесе қол өнерге берейік.

-Жүргізуші: Олай болса көктемге арналған,тақпақтарымызды айтып аналарға арналған сыйлығымызды берейік.

1.Теміржан: Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсан анашым

2.Қарақат :

Көктем келді балалар

Асыр салып ойнайық

Түн ұйқысын төрт бөлген

Анамызды сыйлайық



  1. Аружан:

Үн қатасын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құтықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

4.Рахман: Жақсы көрем күлкіңді

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәріненде жақсы адам.

5.Нұрайым :

Анаң болса қасыңда

Содан артық не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімдіғой керемет

6.Салихитдин:

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

7. Бибіфатима :

Жан ана,жарық күн жанарың

Бір сенде кіндігі даланың

Өзіңді құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын

Құтты болсын ардақты анам

8.Қолғанат:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең

9.Асылайым:

Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде.

Бал сөзі «жаным» деген сая маған

10. Мансур :

Жақсы көрем анамды

Толтырған менің санамды

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен ?

11.Мерхан:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашымдеп мақтанам ,

Айналайын ақ мамам.

12. Наргиза:

Ақ сүт беріп өсірген ,

Мінезі жібек есілген .

Ботам деген даусы ,

Кетпес менің есімнен .

13. Әдемі:

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

14. Сабина:

Көрсен қайран боларсын

Мақтанышы әлемнің

Аналарғой әрқашан

Бала қамын ойлайтын

15.Сержан:

Қуанатын балаша

Әжем менің тамаша

Жанға рахат береді

Айналайын дегені

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем,айтып берер тағы әжем

16.Кәмила :

Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Әжетай,сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Ата-аналарды ортаға шақырып ойындар ойнату.

  1. «Алманың қабыған үзбей ашу»

  2. «Өзінің ұлын табу» 4-тур. Жүргізуші:

Қыздарға әсемдік жарасады

Айкөркі биіктетер аласаны

Болмаса ару қыз,сұлу әйел

Табысып бүкіл әлем жарасады-демекші ендігі кезекті сән үлгісіне берейік

Құрметті әділ-қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.........

Құрметті аналар әжелер балабақша ұжымы осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды!

Келесі кездескенше сау саламатта болайық!



© 2010-2022