Төлдер айтысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиеті.

Тақырыбы: Төлдер айтысы.

Мақсаты: Балаларды төрт түлік малмен және оның төлдерімен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру, төрт түлік малдың, төлдерінің аттарын дұрыс айтуға үйрету. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: төрт түлік мал төлдері.

Көрнекілік: слайд көктемнің суреті, төрт түлік мал, төлдері.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қай айы?

-Бүгін нешінші күн, қалай аталады?

-Көктемдегі табиғаттың өзгерістері қандай?

Балалардың жауабы.

Ізденістер ұйымдастыру






















































































-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз "Көркем әдебиеті".

-Біз бүгін төрт түлік мал туралы айтамыз.

-Төрт түлік малға нелер жатады?

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малды бағып алып, күтіп өнімін алған. Жылқы, түйені көлік ретінде пайдаланған.

Сиыр, түйе, жылқыны - ірі қара малына жатқызады.

Қой мен ешкі - уақ жандыққа жатады.

"Қой-қазына, жылқы мақтан, түйе салтанат, ешкі жоқтың күні" деп ата бабамыз айтып кеткен.

-Төрт түлік малдың төлдерін қалай атаймыз?

Біз бүгін өз тобымызды осы төлдердің атымен атайық.

-Төрт түлік малға байланысты қандай тақпақ білеміз?

-Өте жақсы енді төрт түлік малдың төлдері туралы қандай тақпақтар білеміз?

-Балалар біз бүгін "Төлдер айтысы" ертегісімен танысамыз.

Сұрақ - жауап.

-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

-Лақ не деді?

-Құлынше?

-Бұзау не деді?

Қошақан, бота не деді?

Адам не деп жауап берді?

Сергіту сәті:

Ой толғаныс.

1. Ботақан тобы: "Төрт түлік малды орыс тілінде айтып бер".

2. Құлыншақ тобы:" Жаңылтпаш айту".

3. Бұзауқан тобы: "Жұмбақ шешу".

4. Қошақан тобы: "Мақал-мәтел айту".

Ойын:

"Төрт түлікті сипаттау"

Шарты: Көзді байлап, сипап сезуарқылы атын айту және ол туралы әңгімелейді.

Ой қозғау:

1. Ботақан тобы: "Төрт түлік малдың даусын салу".

2. Құлыншақ тобы: "Төрт түлік малды шақыру".

3. Бұзауқан тобы: "Төрт түлік малдың пірін ата"

4. Қошақан тобы: "Орыс тілінде айту".

Дидактикалық ойын:

"Төрт түлік малдың төлін табу".

Шарты: Енесімен төлін табу. Балалар адасқан төлін табады.

"Кеспе әріппен төрт түлік малды әр топ жазып, буынға бөліп, сөйлем құрайды.

Ән айту: "Қошақаным"

Балалардың жауабы.





Тақпақтар айтады.

Балалар сұраққа жауап береді.

Біз көңілді баламыз,

Билеп-билеп аламыз.

Қошақандай момақан,

Лақтай секіріп аламыз.

Балалар тапсырманы орындайды.

Ойынға әр топтан 1 баладан қатысады.

Балалар тапсырманы орындайды.



Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі сөзін жазып, буынға бөліп,сөйлем құрайды.

Қорытынды

-Ертегі нелер туралы?

-Неліктен үй жануарлары дейміз?

-Қандай ертегімен таныстық?

-Ертегі сіздерге ұнадыма?

Мадақтау, бағалау.

Балалардың жауабы.

Әр топ жиналған жұлдызшаларды санайды.

Күтілетін нәтеже: Төрт түлік мал туралытүсінік қалыптастыру.

Білуі керек: Төрт түліктің төлдерінің атын атай білуі.

Қолданады: Төрт түлік туралы мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаш, тиым сөздер айта білуі.





Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.

Төлдер айтысы.



М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі.





Ашық сабақ.



"Төлдер айтысы"























Дайындаған: Үргешбаева Т





2013жыл.





© 2010-2022