ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ. 1-сынып. 10 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, матиматикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Ал, мүмкін деңгейге мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық, ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Оқушылардың логикалық, ойлауын дамыту үшін

  • есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қапыптастыру;
  • сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
  • Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
  • Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
  • Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Осындай үлгіде құрылған 1 сынып бойынша өткізген сабақ үлгісі. Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры Сабақтың мақсаттары: 1) 10 саны, оның екі цифрмен жазылуы, бір және екі таңбалы сан туралы түсініктер қалыптастыру. 10 көлеміндегі сандарды тура, кері санау; 2) Өз бетінше қорытынды жасай алу дағдыларын, логикалық ойларын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3) Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сабақ мазмұнына сай жасалған слайдтар,1 -ден 10-ға дейінгі сандар қатары, жұмыс дәптері. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Тірек білімін қайталау.
III. Жаңа сабаққа көшу. а) Тақтаға 10 оқушы шығарып, олардың қолдарына 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды беріп, ретін тапқызу. Ретін тапқан соң 1 -ді қосу арқылы келесі санның шығуын, саннан 1 -ді азайту арқылы алдындағы санның шығуын дәлелдеу. 10 цифрымен, 10 санының пайда болуымен таныстыру. таныстыру. Яғни, 9 + 1 = 10; 10 - 1 = 9.
ә) Алмаға кеп күн ара Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара Сонда бүгін алмаға, Келіп қонды қанша ара? (10).
Табақга бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма?

5 + 3 + 2
Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма әкеме, Бір алма апама, Нешеуі қалады, Нешеуін алады?
10 - 1 - 1- 1 - 1

*10 саны жайлы не айтар едің? (10 екі таңбалы сан, адамның екі қолын- да 10 саусақ бар, 10 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарынан артық, сан қатарындағы өзінен кейінгі сандардан кем, 10 санының көршілері 9 және 11 т.с.) б) 10 цифрының жазылуын көрсету. IV. Оқулықпен жұмыс. №1. 10-ға дейін толықтыр. Өрнектерді жаз. 10 санының құрамын анықтау. №2 Кесінділерді өлшеу. Берілген кесінділердің қосындысына және айырмасына тең кесінді сызу. №4. Суреттерге қарап, сан мен санды, өрнекпен өрнекті, өрнек пен санды салыстыруға теңсіздіктер құрастыру. Дәлеледеу. Дәптерге орындау.


Логикалық есептер беру.


9 қабатты үйдің алтыншы қабаты жоғарыдан санағанда нешінші болады? Еменнің діңі қайыңның діңінен жуан, қайыңның діңі қарағайдың діңінен жуан. Ең жуан ағашты ата. Арман Елдостан биік, Елдос Болаттан биік. Бәрінен ұзын кім? Анар, Гүлнұр және Әсел мектеп оркестрінде домбырады, қобызда және сырнайда ойнайды. Әсел домбырада ойнмайды, ал анар домбырада да, сырнайда да ойнамаса кім қай аспапта ойнайды?


Домбыра

Қобыз

Сырнай

Анар

-

+

-

Гүлнұр

+

-

-

Әсел

-

-

+
БЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ. 1-сынып. 10 саны және цифрыЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ. 1-сынып. 10 саны және цифрыЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ. 1-сынып. 10 саны және цифрыерілген геомтериялық фигурада неше үшбұрыш бар?
Кім шапшаң? 1 + 1 + 3 + 4 + 1 9 - 1 - 2 + 3 + 1
V. Қорытынды

© 2010-2022