Коучинг сессиясы Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

Сабақтың мақсаты

Орта және қысқа мерзімді жоспарлауды түзуді қалыптастыру

Сабақтың нәтижесі

Қысқа және орта мерзімді жоспарларды түзе алады

Коучингті өткізу әдістері

Миға шабуыл, «Ойлан- жұптас- бөліс» әдісі

Ұсынылған ресурстар

Үлестірмелі материал, АКТ, Плакаттар, сызбалар маркерлер, кеспе қағаздар

Коучинг барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

8мин

Кіріспе

Сәлемдесу.

Жағымды ахуал құру.Нұсқау:

-Шеңбер құрап, "жүректен жүрекке" жаттығуын орындап, бір-бірімізге тек қана жағымды тілектер айтамыз.

Cұрақтар:

- Сіздер қазір өздеріңізді қандай күйде сезініп тұрсыздар?

- Қалай ойлайсыздар мұндай жаттығуларды сабақта қолданған дұрыс па? - Өз тәжірибеңізде жағымды ахуал құру үшін не істеген болар едіңіз?

Шеңбер құрай-

ды. Жағымды тілектер айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

7 мин

Таныстырылым

Топқа бөлу.

Нұсқау Өлеңдерден үзінділер берілген, мағынасы «Жүрек» пен «От» байланысты үзінділер бойынша топтарға бөлініңіздер.

Миға шабуыл.

Коучинг сессиясы Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

Суретке қарап не айта аласыз?

Не ой түйдіңіз?

Әлемдегі өзгеріс пен іс-әрекеттегі өзгерістерде қандай айырмашылық бар?

Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаласыз ба?

Мағыналас өлеңдерге байланысты топтарға бөлінеді

Коучерлер суретке байланысты өз ойларын айтады.

«Жүрек» пен «От» қа байланысты өлең үзінділер

5 мин



Негізгі бөлім

Тапсырма: "Жасырын критерийлер."

Нұсқау: "Әр топ өздеріңіз пән мұғалімі сабақ өтуі үшін қажетті оқу құралдарының суреттерін салыңыздар. Қалай салсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ең бастысы ол пән мұғаліміне қажетті заттар болуы қажет. 5 минут уақыт беріледі."

Уақыт межесіне жетіп, барлық топтар дайын болған кезде, тапсырманың критерийін қабырғаға іліп қою.

Топтар пән мұғаліне қажетті заттардың суретін салады.



Коучинг сессиясы Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі "жалған" болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.


Интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті қағаздар.

20 мин

Критерийлер:

-күнтізбе жоспарының болуы;

-тақырыптық жоспардың болуы;

- сынып журналының болуы;

-қарындаштың болуы;

-тақта

-бордың болуы;

-өшіргіш (тақтаны бордан тазалау үшін қолданылатын зат)

-маркердің болуы;

-көрнекі құралдар.

Сұрақтар:

-Тапсырманы орындау барысында нені байқадыңыздар?

-Қажетті заттардың суреттерін салуда неге сүйеніп жұмыс алып бардыңыздар?

-Белгілі бір жүйелілік сақталды ма?

-Жоспар түзу арқылы жұмыс алып бару жеңілдіктер туғызады ма?

-Өз іс-тәжірибелеріңізде қалай қолданар едіңіздер?

Болған соң критерийлермен өз жұмыстарын бағалап шығып, ең соңында критерийлердің бәріне жауап беретін топқа дауыс береді.

Плакат, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер, стиккерлер, маркер, жұлдызшалар.

5 мин

Сергіту сәті. «Сағат бойынша достар»

Нұсқау: Сағаттың суретін салып, әрбір санның тұсына мұғалімдердің есімдері жазылады.

1. Қолын қысыңыз (Пожать руки)

2. Арқасынан қағыңыз (Похлопать по спине)

3. Күлімсіреңіз (Улыбнуться)

4. Қол бұлғаңыз (Помахать)

5. Көзіңізді қысыңыз (Подмигнуть)

6. Комплимент айтыңыз (Сделать комплимент)

7. Бір тілек айтыңыз (Пожелать что-нибудь)

8. Послать воздушный поцелуй

9. Массаж жасаңыз (Сделать массаж)

10. Қол ұстасып серуендеңіз (3-4 қадам)

11. Құшақтаңыз

12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз .

Сергу қимылдарын орындайды.

25 мин

5. "Ойлан-жұптас-бөліс" әдісі. Әр топқа ОМЖ жоспарын құру кестесін таратып, күнделікті өмірде кездесетін іс-әрекеттің жоспарын құру.

Нұсқау: Плакатқа ойларыңызды түсіріп, жарнама жасаңыздар. Ойлануға 15 минут уақыт беріледі. Бір-бірлеріңізді өз ойларыңызді білдіру арқылы бағалайсыздар".Коучинг сессиясы Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

5.Әр топ өз көзқарастарын қорғап, жарнама жасайды.

Плакат. Маркер. Смайликтер

10 мин

6. Бағалау.

Нұсқау:

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі "жалған" болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

7.Сұрақтар.

-Жасалған жұмыстардан кейін қандай ойға келдіңіздер?

-Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспардың ерекшелігі неде екен?

-Тарау бойынша жоспар түзуді қалай жүзеге асырар едіңіз?

-Жоспар бойынша жұмыс алып барудың ұтымдылығы неде деп ойлайсыздар?

-Пәндеріңізде қалай қолданатындықтарыңызға мысал келтіріп бере аласыздар ма?

6.Сұрақтарға жауап береді.

10 мин

Қорытынды

8. Рефлексия.

Нұсқау: 1-бөлік - позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік - сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік - келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …

9.Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі.

1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

4.Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

5.Коучинг сабағы сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме?

Рефлексия

«Мадақтау сэндвичі»

Коучинг сессиясы Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу





















© 2010-2022