Урок по математике на тему7 санын қосу және азайту (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по математике на тему7 санын қосу және азайту(1 класс)

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1. 10 көлеміндегі санға 7-ні қосу және азайту

тәсілдерімен таныстыру.

2. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту. Топпен, жұппен жұмыс істеуге үйрету,
3.Оқушыларды ұқыпты, көркем жазуға жетелеу,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, кластер ,СТО,АКТ.

Көрнекілігі: таратпа материалдар,сандар қатары.

Сабақ түрлері: Ойын элементтері арласқан аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа зейіндерін аудару

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Оқушыларды 3 топқа бөлу

I топ-төртбұрыштар II топ- үшбұрыштар III топ-дөңгелектер

ІІ Өткенді пысықтау.

I топ-Қосу амалының компоненттерін ата

II топ-Азайту амалының компоненттерін ата

III топ-Орын ауыстырымдылық қасиетін айту

10-3 4+3 5+2 9-2 6+1 8-1

ІІІ Жаңа сабақ. Балалар,қараңдаршы тақтадағы өрнектердің мәні нешеге тең?
Мұғалім сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды
Олай, болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санын қосу және азайту»

Ой толғаныс. Балалар 7 саны туралы не білесіңдер?

1 топ-7 ата,2топ-7 күн,3топ-7 ғалам туралы айтады
Қазақта 7 саны киелі сан болып есептеледі. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Мысалы білімді кісіні: 7 жұрттың тілін біледі дейді. Қауіп қатерден аман қалғаны үшін 7 шелпек пісіреді, жетіқарақшы, Наурыз көжеге 7 түрлі тағам салады. Жеті саны қасиетті сан,
өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі қуысы, аузы) арқылы түйсінген. Жеті саны - жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан

Бір аптада 7 күн(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
7 ата (ата,әке,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
7 қазына (ер жігіт,сұлу әйел,жүйрік ат,берен мылтық,құмай тазы,қыран бүркіт,ғылым-білім)

7 ғалам(шығыс,батыс,солтүстік,оңтүстік,әлем,жер беті,жер асты)

Кемпірқосақтың 7 түсі болады.
Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу:7 7 7

№1

I топ:Қосылғышы 7 болатын өрнек құр

II топ:Азайғышы 7 болатын өрнек құр

III топ:Азайтқышы 7 болатын өрнек құр

№2 Көк және қызыл кесінділердің ұзындықтарынының айырмасын, қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.

9см-7см=2см 2см.<10см

7см+3см=10см

№3 Есеп құрастыр және шығар.

Үлкен қасық-10 ?артық

Кіші қасық-7

Ш:10-7=3

Ж: Үлкен қасықтың үшеуі артық.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс:

I топ-не артық?

II топ-есте сақтау қабілетін тексеру

III топ-геометриялық фигуралар арқылы нақыл сөзді шығару

Логикалық тапсырмалар:
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
2. Мен бір сан ойладым, оған 1-ді қосқанда 8 шықты. Мен қандай сан ойладым?
3. Аптадағы күндерден 1 күн кем санды ата?

4.Бір қолдағы саусақ санынан 2-еуі артық санды ата?

5.Бір сиыр мен бір итте неше аяқ бар?

6.Мектептегі үздік бағадан 3-еуі кем санды ата?

Топтық жұмыс:

10-3=7 Т 5+2=7 Т 10-1=9 Р

6-1=5 О 10-5=5 А 4+4=8 А

5+3=8 П 7+2=9 М 6-6=0 Х

4+3-7 Т 1+4=5 А 1+6=7 М

8-2=6 А 6+2=8 Ш 5+4=9 Е

6+3=9 Р 3+2=5 А 8-2=6 Т

ІV Сабақты қорыту.

Енді мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп, «Кім көп сөз айта алады ?» ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап айтайық. (Ат, ем, мата, ата, ит, атам, мама).

-Сонымен біз бүгін не үйрендік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Бағалау:

Үйге тапсырма

№ 18 орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы:7 санын қосу және азайту




Өткізген:Нурбикенова.А.Ж

Көкшетау қаласы


.


© 2010-2022