Ата-аналар жиналысының хаттамасы сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Хаттама №1

1 «г» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы. Жалпы ата-аналар саны - 20 Қатысқаны - 19 Қатыспағаны - 1 Себептісі - 1 І.Ұйымдасыру. Қаралған мәселелер: 1. Баяндама . Баланың басты ұстазы ата -ана.

2. Жаңа оқу жылының басталуы. Ата-аналар комитетин сайлау.

3. Ағындағы мәселелер. 1- Мәселе

  1. Баяндама . Баланың басты ұстазы ата -ана .
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?

Топтық тапсырма:

1-топ: Жеке тұлға деген кім?

2- топ: Жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?

3- топ. Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?

деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.

Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
2-мәселе: Ата-аналар комитетин сайлау. 3- мәселе: Ағымдағы мәселер а) Сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу. ә) Екінші аяқ киімді тастамау, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу б)форма міндетті түрде киеді,ақ бантик ,қара туфли , т.б в) Мектеп мүлкін бүлдірмеу. Г) Оқу -құралдарын толықтырып алып беру.

Д) сыныпқа гүл акелу. Қаулысы: 1. «Баланың басты ұстазы ата -ана» атты баяндама тыңдалды.

2. Ата-аналар комитеті төмендегі құрамда сайланды.

Басшысы : Ниязумбетова Изила

Көмекшілері: Касымбекова Динара, Калидуллина Гулсим, Кулшаева Альбина

  1. Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

ІІ Қорытынды .



© 2010-2022