Математика сабағы 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 10 санының құрамымен оқушыларды таныстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, білім алу қажеттілігін ұғындыру.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. «Достар» психологиялық жаттығуы арқылы көңіл - күй орнату. Топта отырған оқушылар бір қолдарын парта ортасына біріктіріп, бір-біріне іштей жақсы тілектер тілейді. І.Қызығушылықты ояту.
  • Балалар бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Біздерге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді байқағылары келеді және олардың сендерге бір өтініші бар: «Бір жерде үлкен қазына, байлық бар екен, соны тауып берсеңіздер» - дейді. Ол қайда болуы мүмкін?
  • Ғарыштан іздеп көрейік. Ол үшін зымырандарға отырамыз. Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма беріледі:
Бірінші топтың кемесі көк емес, екінші топтың кемесі қызыл емес, ал үшінші топтың кемесі сары да емес, қызыл да емес. Әр топ қандай кемемен ұшады? (Жауабы: 1 топ - қызыл, 2 топ - сары, 3 топ - көк).
Экипаж басшылары сайланады. Оқушылар «кемелеріне» отырып «ұшуға» дайындалады.
  • Кемелерге отырамыз.
  • Қауіпсіздік белбеулерін тағамыз.
  • Тетіктерді басамыз.
  • 10-нан 1-ге дейін кері санаймыз.
  • Ұштық!
  • Бұл нелер?
(Күн жүйесінің суреті, планеталарсыз). ІІ. Мағынаны тану.
  • Біздерге бір хабар келді: «Егер біздерге көмектесіп, планеталарды орын-орнына орналастырсаңыздар көп байлыққа ие боласыздар! Бөгде планеталықтар».
Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма. Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып орындайды. 10 санының құрамын анықтау. Бос торкөздерге тиісті сандарды қою керек.

10 9

10 8

10 3

10 6

10 5


Теңдіктер құр және оқы. 9+1=10 10-1=9 10-9=1 8+2=10 10-2=8 10-8=2 7+3=10 10-3=7 10-7=3 6+4=10 10-4=6 10-6=4
Тапсырма толық орындалғаннан кейін күн жүйесіндегі планеталардың орналасуы көрінеді. -Міне көмектескендеріміз үшін біздерге Марс планетасына бір үлкен қап ақша тастап кетіпті. Бірақ осы байлықты алғысы келетін адам Марста қалу керек. Достарын ата-анасын ешқашан көрмейтін болады. Қаласыздар ма?
Мындағы байлық керек болмады. Онда жерден іздейік. Балалар «кемелеріне» отырып «ұшады». Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы №3 тапсырманы дәптерге көшіріп орындау.
0<10 10см>8см 7<10 1см<1дм 10=10 1дм=10см 10>9 1см<10см
Сол кезде үш оқушыға жеке тапсырма беріледі.
Тиісті сандарды тауып қой: 8-5<4 8>10-6 10-5<9-3 Тапсырмаларды орындап болған соң, тақтада Африканың суреті шығады. -Біздер Африкаға ұшып келіппіз ғой. Егер ата-аналарыңызды, достарыңызды ұмытып осында қалсаңыз, көп ақша байлыққа ие боласыздар. Қаласыздар ма?
Сергіту сәті.
-Ендеше ары қарай ұшамыз. Өз туған жерімізге келдік. Осында да бізге тапсырмалар бар: 10 санының құрамын анықтау.

10 2

6 3

5 4


Тапсырманы орындап болған соң, кілттің суреті шығады. -Бұл ненің кілті болуы мүмкін? -Қазір білеміз. Бұл үлкен сандықтың кілті екен. Сандықты ашайық. (Сандықтың ішінде БІЛІМ сөзі жазулы тұрады). -Сонымен біздер қандай байлық таптық? (Білім). ІІІ. Ой - толғаныс. Осы сабақта маған қызықты болғаны ... Маған қиын болғаны ...
Үйге тапсырма. Бағалау.

© 2010-2022