Қосындыны санға бөлу (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4.02.2016 Математика

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту, есептерді әртүрлі тәсілмен шығарту.

  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық, іскерлік қабілеттерін артттыру. Математикалық тілін, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: кітап, тақта, бор, сызғыш, плакат, қиықшалар.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, есептеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, бүгінгі кезекшіні анықтап, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық дайындық жүргізу.

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам - Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ - Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ойым - Достық, бірлік, адалдық.

Әрбір ісім - Шындық пенен адамдық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қосындыны санға бөлу.

(4+2)/2=6/2=3 Бұл бірінші тәсіл. Алдымен қосындының мәнін есептеп, содан кейін оны санға бөлеміз.

(6+4)/2=6/2+4/2=3+2=5 Бұл екінші тәсіл. Қосылғыштардың әрқайсысын санға бөліп, алынған нәтижені қосу.

№1

6+4/2=10/2=5 8+2/5=10/5=2 10+8/2=18/2=9

Сергіту сәті: - Біраз жұмыс жасадық, енді демалып алайық. Дұрыс жауапқа қолдарыңды екі рет шапалақтайсыңдар, қате жауапқа аяқтарыңды жерге екі рет ұрасыңдар.

  1. Бес жерде тоғызым қырық.

  2. Бес жүзге бес жүзді бөлсем нөл.

  3. Елуге елуді қоссам жүз он.

  4. Абайдың әкесі - Құнанбай.

  5. Мамыр - қыс айы.

  6. 16-желтоқсан жаңа жыл.

  7. Бір минутта 60 секунд бар.

  8. Бір тәулікте 25 сағат бар.

  9. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін азайтамыз.

  10. Санды нөлге көбейтсе нөл шығады.

№2 (ә)

(12+8)/2=12/2+8/2=6+4=10 (15+25)/5=40/5=8

(16+8)/4=16/4+8/4=4+2=6 (9+12)/3=21/3=7

(10+6)/2=10/2+6/2=5+3=8 (18+27)/9=45/9=5

  1. IV. Түсінгендерін тексеру:

№3

(15+21)/6=36/6=6 (300+60)/9=360/9=60

(120+20)/10=140/10=14 (10+22)/4=32/4=8

(14+21)/7=35/7=5 (100+200)/3=300/3=100

№4

а) Ш: (12+14)/2=12/2+14/2=6+7=13 ә)Ш:80/(4+6)=80/10=8

Ж: әр топта 13 баладан. (8*4)+(8*6)=32+48=80

Ж: 32қыз, 48ұл, 8 топ.

№5

318+567= 885 346+95=441

784+136=920 389+175=564

676+167=843 435+278=713

168+725=893 434+486=920

№6

у*3=270 720/х=8 2*у=160

у=270/3 х=720/8 у=160/2

у=90 х=90 у=80

90*3=270 720/90=8 2*80=160

270=270 8=8 160=160

№7

АВ=2см KL=3см MN=4см

2см*3=6см 3см*3=9см 4см*3=12см

№8

17,75,15,57,51,11,77,55.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:

№8 есеп 39-бет.


© 2010-2022