Ойын-сауық: Күлкі - жанның шипасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күлкі - жанның шипасы

Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау
б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу
в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу

Зал іші «Күлкі - жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген ( түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)
Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.

Жүргізуші:

Уа халайық, халайық!
Бәріміз құлақ салайық,
Бүгінгі күлкі күнінде,
Ойын ойнап, бір күліп,
Көңілді көтеріп алайық.
- Балалар бүгін қандай күн?
Балалар хормен: Күлкі күні!

- Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де ата-аналар «Күлкі - жанның шипасы» атты ойын-сауыққа қош келдіңіздер!

Хан: Көтеріңкі көңіл -күй,

Сыйлаңыздар әрине.

Той-думанда барлық үй,

Ат салыссын баріне.

Өлең айтып, би - биле,

Ойын ойнап көңілді.

Әзіл айтып тамаша,

Өткізейік бүгінді.

(Әжелер кіреді)

-Уйбуй, мына хан немерелерін жинап неғып отыр-ай?

-Әй, әлгі бүгін күлкі күні дей ме?

-Иә, иә алдайтын күн деп те айтады?

-Ендеше, бұларды біз бір күлдіртіп алайық!

Көрініс: «Немерем менің» (төрт әженің орындауында)

Жүргізуші: -Қош келдіңіздер, әжелер! Әзілдеріңіз керемет екен. Төрден орын алыңыздар!
Жүргізуші: - Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен. Біздер соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.
Алдар көсе кіреді.
Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Бүгін бізде мереке,
Күлкі күні ерекше.
Балалар менің хатымды алдыңдар ма?
Балалар хормен: - иә

Алдар көсе: - Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар. Қане ойынымызды бастайық!
Ойын: «Кім епті»
Шарты: Ортаға 1 - 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің тақиясына лақтыру керек. Ойын көрермендермен де ойналады.
Алдар көсе: - Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.
Балалар хормен: С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А - Қ
Сайқымазақ кіреді: - Күлмейтінді күлдірген,
Жүрген жерін бүлдірген,
Көп ойнап, көп күлген,
Сайқымазақ мен боламын.
Бәріңізге күлкі күнімен!!!
Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді.
Би: «Сайқымазақпен би»

Жүргізуші: - Алдар аға, Сайқымазақ бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл - күй сыйладыңыздар ғой. Бүгінгі той - думанымызды жалғастырып, балалармен бірге тағы да ойынға шықсақ қалай болады?

Алдар көсенің ойындары:

« Есекпен жарыс » ( балалармен )

« Жұп - тақ әуенді - қимылды ойын »

( ата-аналармен )

Смайликтер үлестіру.

Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. - деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,- деп сіздермен қоштасамыз.


© 2010-2022