Б. Бұлқышев Ана (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН

Мектеп директоры: Қ.Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А.М.Әбдіғапар

«___»______ 2016 ж «___»______ 2016 ж

Пән мұғалімі: Ә.Қ.Молдаш

25.02.2016ж

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы

Б. Бұлқышев «Ана»

Сілтеме

Оқулық, суреттер, слайд

Сабақтың мақсаты

Шығарманың тақырыбын ашу , талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұның меңгерту. Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру. Оқушылардың білім деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу. Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.

Оқыту әдістері

«Блум таксаномиясы», АКТ - ны пайдалану, Ойлан, жұптас, талқыла, топтық жұмыс, сұрақ - жауап

Оқу нәтижелері Бенджамин Блум таксономиясы бойынша төмендегі білім, білік, дағдылдарды қалыптастырады: Білу: Оқушыларға мәтін не жайлы екенін білдірту.. Түсіну: Үй жұмысы тексеріледі, топқа бөлініп, топ ережесін құрады. Қолдану: Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыппен таныстыру. Жазушының өмірі мен шығармашылыгын таныстыру. Талдау: «Ана қандай адам?» сұрағы бойынша топтастыру жұмысын жүргізу. Жинақтау: «Өлең шығару», «Бес жолды өлең» шығару тапсырмасын орындау.

Бағалау: «Топтар жұлдыз жинайды» топтарды бағалау.

Түйінді идеялар

Әйел - ана, әйел -қайраткер, әйел - пана деген ұғымды басшылыққа алу

Жаттығулар

Сабақ арасында оқушылардың тілдерін жаттықтыру үшін «Жаңылтпашты жатқа айт» сергітуін жүргізу.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топтық, ұжымдық жұмыс. Көпіршелер көмегін пайдалану.

Дерексөздер Мұғалімге арналған нұсқаулық. Әдебиеттік оқу оқулығы, 4 сынып

Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ кезеңі

Блум таксономиясы бойынша

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Білу

1. Оқушылар бірліктерін орнату. «Сәлемдесу» тренингін жүргізе отырып, сабаққа назарларын аударту.

Оқушылар бір - бірімен келген қонақтармен амандасып, көңіл - күйлерін көтереді.

1 минут

Топқа бөліну


2. Оқушылар деңгейлері бойынша топқа бөлу

Оқушылар топқа бөлінеді.

4 минут

Қызығушылық сезімдерін ояту

Түсіну

1. Үй жұмысын тексеру.

Еңбек тақырыбына жазған эсселерін оқу.

Оқушылар жазған эсселерін оқиды.


2. Мақалды жалғастыр: 1 топ - Еңбегің қатты болса, жегенің ... ... .

2 топ - Еріншектің ... бітпейді.

3 топ - Еңбек етсең ... , ... ... ... .

Әр топ өздеріне тиесілі мақалды жалғастырады.

1 минут


3. Топ ережесін құру

Балалар өздері ереже құрып, соған бағынатындарын айтып өтеді.

5 минут

Негізгі бөлім

Қолдану

1. «Ребусты шеш» тапсырмасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ребусты оқушылар шешеді.


2.Баубек Бұлқышев портретін көрсетіп таныстыру.

Жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

Оқушылар жазушының портретін көріп танысады.

Өмір жолымен танысады


3. «Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған -
Бұл кім? Ана! (оқушылар мұғаліммен бірге айтады)

15 - 17 минут

Талдау

Б. Бұлқышев Ана (4 сынып)

«Ана қандай адам?» сұрағы бойынша топтастыру (ассоциация) жұмысын жүргізу.


2. Әр топқа жеке - жеке тапсырмалар сұрақтар қою.

Топтардың жауабы.


3. Сергіту сәтін ұйымдастыру

Оқушыларға тез айту тапсырмасы беріледі.

Шеше, шеше
Неше кесе сынды кеше?

6 минут

Бекіту

Жинақтау

1 - топ. Шығармашылық тапсырма
___________________ данасың,
___________________ панасың.
___________________ баласын,
___________________ анашым.
2 - топ. «Бес жолды» өлең құрастыру
Кім?...................
Қандай?..............................
Не істеді?...........................................
Не үшін?...........................................
Ой түйіндеу. Ана - асыл адам.
3 - топ. «Ана» туралы өлең айтып беру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыстарын орындайды.

3 минут

Бағалау

Жинаған жұлдызшалар арқылы топтарды мұғалім санап бағалайды.

2 минут

Үйге тапсырма беру


І топ. «Ана» тақырыбына сурет салу.
ІІ топ. «Ана» тақырыбына байланысты мақал - мәтел жазып, жаттау.
ІІІ топ. «Ана» сөзіне ребус құрау

Үй жұмысын түртіп, белгілеп алады.

4 минут

Рефлексия

«ББҮ» стратегиясы бойынша сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады.

Сабақтан алған әсерлерін жазады.

Қосымша материалдар

С.Р.Рахметова, Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова «Әдебиеттік оқу» оқулығы,Алматы «Атамұра» 2015ж. Интернет желісі. АКТ.



© 2010-2022