Эссе Я - современный учитель

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе сайысы

«Мен - заманауи ұстазбын»


«Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Жылдар өткен сайын мені мына бір сұрақтар толғандырады: «Ұстаз болу, жетекші болу - менің жұмысым. Ал өз жұмысынды атқару міндет пе, әлде парыз ба? Заманауи ұстаз қандай болу керек? Сынып жетекші ретінде мен заман талабына сай маманмын ба?» Заманауи ұстаз заман талаптарына сай, АКТ технологияларды, СТО технологияларын, әр-түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу қажет, балалармен бала дамуындағы басты құндылықтарды дамыта білуі керек. Тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларға тәрбиенің білім нәрінің бір күші екенің ұғындыру. Баланы тәрбиелеу де нағыз өнер. Ал бұл өнер - бала мектепке келетін отбасынан басталады. Мен өзімді заманауи ұстазбын деп айта аламын. Сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдермен қатар, жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың кез -келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, шапшаң да, жан-жақты қалыптасқан тұлға ретінде тәрбиелеймін. Сонымен қатар тәрбие сағаттарын өткізу кезінде ол бір сарыңды болмауын қадағалау. Ол балаларды жалықтырып жібермесе деген ой мазалайды. Сол себепті тәрбие сағаттарында да жаңа технологияларды кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері қалыптасады. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының бірінде былай деген болатын: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы сахнадан кетеді. Педагог - тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы : ол зерттеуші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс». Соңында айтарым заманауи ұстаз - бұл қырағы, шығармашыл, ертеңіне сенімді, ғылыми-танымы жан-жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші деп түсінемін.

Канафина Акбота Бахытовна

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Бестөбе кенті №1 орта мектебі

© 2010-2022