- Преподавателю
- Начальные классы
- Поурочный план 2 класс
Поурочный план 2 класс
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Казкенов Н.С. |
Дата | 24.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
3-сабақ Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құметпен қарауға баулу. Көрнекілігі: Қазақстан жайлы суреттер Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме. Қазақстан Республикасы, табиғаты, жерінің байлығы, ұлы адамдар туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.
- Біз елімізді несімен мақтан етеміз?
- ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?
- ҚР Президенті кім?
- Туған жер дегенді қалай түсінесің? Т.б.
- Ө. Тұрманжанов жайлы мағлұмат беру.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Оқушылардың іштей оқуы.
- Сөздік жұмысы. Қиын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
- Мәтінмен жұмыс.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Туған өлкеміздің табиғатын сипаттаған жерлерін тауып оқы.
- Еліміздің қандай байлығы туралы айтылған?
- Өлеңді бірнеше рет мінерлеп оқыту.
- Өзің туған жерің туралы айт.
- Қазақстан Республикасы, туған жер, ел туралы тағы қандай өлеңдер білесіңдер?