Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Құмдағы құпия 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Құмдағы құпия» Бекмырза Баймаханов

Мақсаты: Мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылығын арттыру;

Технология: «Тәй-тәй»

Көрнекіліктер: Презентация «Power Point», ноутбуктар, оқулық,энциклопедия, А3, маркер, кітапшалар, маршруттық парақтар.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

І.Ұйымдастыру кезеңі

І. Психологиялық ахуал орнату.

Қол ұстасып шеңберге тұрады.

/ тілек тілеп отырады/

1мин

Кіріспе: - Балалар, айналамыздағы табиғатқа өзімізкүнде көріп жүрсек те, кейде әдемілігіне мән бермейтін құбылыстар болады екен.Бізді қоршаған табиғат қандай ғажап!Сендер дүниетану сабағынан білесіңдержер беті бедерінің қандай болатынын. Ал, балалар бұл не?

-карта неліктен түрлі түсті боялған? /Оқуш. жауабы/

Бүгін біз құмды жердегі табиғат құпияларын оқимыз.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

-Сендер қандай мақсат қояр едіңдер?

-Құмды жер табиғаты қандай болады деп ойлайсыңдар?

-Ал, сендер құмды жерде тағы қандай құпиялар бар екенін білгілерін келеді ме?

-Ендеше оқулықтың 57 бетін ашайық.

-Қандай жоспар құрар едіңдер?

Мәтін мазмұнын кім түсінді?

  • Темір бозторғайға қамқорлық жасағаны дұрыс болды ма?

  • Неліктен? Ойыңды дәлелде.

Оқушылармен бірлесіп тақтаға жоспарын жазу

Слайд№1Карта /гиперссылка: орманды, таулы, құмды жерлерді картадан табу/Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Құмдағы құпия 3 сынып

Слайд №2 Автор туралы мәлімет.

Оқушылардың жауабы

Оқулықтан дауыстап, тізбектеп оқу.

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Құмдағы құпия 3 сынып

2 мин



3мин

ІІ. Орталықтарда жұмыс

Ал,енді сабағымызды орталықтарда жұмыс жасап жалғастырамыз. Маршруттық парақ тарату.

І.Әдебиеттік оқу орталығы. Ноутбук пайдалану. Сөздік ж.

1.Топпен ақылдасып геолог пен ботаник мамандықтарының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына толтыр.

2.Түсіндірме сөздікпен танысып, ссол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр. /Әр орталықта көңіл- күйлерін белгілеу/

ІІ. «Қамқоршылар» орталығы

  1. Керекті заттарды пайдаланып құстарға жемсауыт жасайық. Құстарға қамқоршы болайық. Ноутбуктан үлгілер көру.

  2. «Тиісуге болмайды деген ойды білдіретін сурет салу.

ІІІ. «Зерттеу» орталығы

  1. Энциклопедияларды пайдаланып бозторғай құсы туралы мәліметтер жинастыру.

ІV. «Шығармашылық» орталығы

Шөлді жерлердің тіршілігін көрсет. Топпен көркем постер жаса.

Слайд№3 Орталықтармен танысады.

Топ ережесін қайталайды.

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Құмдағы құпия 3 сынып

Оқушылар орталықтарда өздігінен жұмыс жасаған кезде бозторғайдың дауысын ноутбуктан қосады.

28 мин

әр орталық

та 7 мин

ІІІ. Рефлексия

-Бүгінгі сабақта біз табиғатты зерттейтін қандай мамандықтар туралы білдік?

- Бозторғай туралы қандай мәліметтер білдіңдер?

-Бозторғайдың басқа құстардан айырмашылығы неде?

-Бүгінгі оқыған әңгіменің негізгі ойы неде?

Геологтар мен ботаниктер.

Бозторғайдың түрлері, тіршілігі туралы айту.

Құстарға қиянат жасауға болмайды.

ІV.Бағалау

Қорытынды

мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындау.

Бағалау парағы: топ ішінде өзара бағалау: 1 ұпайдан- мұқият тыңдау, сұраққа жауап беру, топ ережесін бұзбауы,пікір қосуы.

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Құмдағы құпия 3 сынып

Үй тапсырмасын беру: 57-58 бет оқу, мазмұндау.


© 2010-2022