Жеті ата. Ана тілі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Сөйлем. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы ұғымдарын кеңейтуге және оның тыныс белгілері жайында ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру; логикалық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту; оқушыларды инабаттылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: отбасы бейнеленген сюжетті сурет, тыныс белгілері бейнеленген үйшіктердің суреті. Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушылардың қызығушылығын ояту).
  • Балалар, ғажайып Синтаксис елінде Сөйлем деген ақсақал өмір сүреді. Оның үш ұлы үш рулы ел екен. Үлкен ұлы - Нүкте, өте ұқыпты, басқалардың ойымен санасып, тиянақты пікір айтатын байсалды жігіт екен. Ортаншы ұлы - Сұрақ белгісі ауыл тұрғындарына жаудыртып сұрақ қойып, мазаларын алатын болыпты. Кенже ұлы - Лen белгісі ауыл тұрғындарының көңіл күйін көтеріп, біріне бұйырып, екінші біреуін куантып, шаттандырып жүретін ерке болыпты. Ал Сөйлем ақсақал ұлдарын өзінің қызметіне қарай жұмсап, орындарын белгілеп, ұрпағымен тату-тәтті өмір сүрін келеді.
Енді Сөйлем ақсақалдың ұрпағымен жақын таныс болу үшін, берілген тапсырмаларды мұқият орындайық.
  1. тапсырма: Төмендегі сөздерді сөйлем шығатындай етіп орналастыр:
Асан , ойнады, доппен. Қызықты, Айман, кітап.оқыды. Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
  1. тапсырма: Сөйлемнен кейін қойылатын қандай тыныс белгілерін білесің?
Белгіленуін жазып көрсет. II. Операционалдық-орындаушылық кезең.
  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
  2. Өлеңді оқушылардың кезектесіп оқуы.
  3. Өлеңнің мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Ақын өз жұртына кімдер жатады дейді?
  • Жеті ата ұғымын қалай түсінесің?
в) Сөздік жұмысы: өз жұрты - туған жұрты ұрпақ жалғасы - әкенің баласы, атасының немересі Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі. 142-жаттығу. Жаттығуды тақтаға ілінген үйшіктермен ойын түрінде өткізуге болды. III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі. Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жаз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


© 2010-2022