1 сынып Еңбекке баулу Еңбек етуге үйрен

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекке баулу. 1-сынып

Аптасына 2 сағат, барлығы 66 сағат.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Еңбек етуге үйрен

Сабақтың жалпы мақсаты

Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Еңбек жайында мақал - мәтелдер

Қызығушылықты ояту

1. Денеге арналған жаттығу

2. Көзге арналған жаттығу Шығармашылық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. 1 - тапсырма: Мақал - мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал - мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді. 2 - тапсырма: «Еңбек - бақыт бастауы» әңгіме құрастыру. Тыныштық сәті .

Жаңа материалмен жұмыс.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Еңбек етуге үйрен». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі. - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? - Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? - Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? - Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.

Ой толғаныс

Ой шақыру Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. Сөзжұмбақ шешейік. 1. Қасиетті сан. 2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз. 3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап» 4. Үлкенге - ..........., кішіге - ізет. (құрмет) 5. Аптаның соңғы күні

Үйге тапсырма беру.

«Еңбек - етуге үйрен» тақырыбында әңгіме жазу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



© 2010-2022