Қош бол, сүйікті Әліппем! тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Балалар өздерінің сауатын ашқан кітабы «Әліппеге»

байланысты өлең, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету,

Ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау,

қызығушылық қабілеттерін дамыту;

Адамгершілікке әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекіліктік әдістер

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, алдын - ала сынып бөлмесін мерекеге сай

безендіру, техникалық құралдар

Тәрбие сағатының барысы:

«Әнші балапан» әнінің ырғағымен балалар қолдарына шарлар, әріптер ұстап екі- екіден қолдасып, сыныпқа кіреді, екі шетінде екі жүргізушілер, ортада мұғалім:

І жүргізуші

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар,

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.

ІІ жүргізуші

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, Әліппемен қоштасады

Кешегі сәби еркелер

Мұғалім:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып шәкірттерінің «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Шәкірттердің қолына тұңғыш рет ұстаған, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе». Бұл кітап - бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Олай болса, бүгін бірінші сынып оқушылары сіздерге «Әліппені» қалай меңгергендігін, сонымен бірге қалай есептеп, қалай тақпақ айта алатындарын, өз өнерлерін де көрсетпек.Мерекемізді бастайық,

  • Балалар, енді ортамызға менің де, сендердің де достарың «Әліппені» шақырайық.

  • Оқушылар (хормен) Келіңіз, «Әліппе» келіңіз!

Әліппе: Құттықтаймын, саусыңдар ма?

Бүлдіршіндер, балдырғандар

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен,

Апаң менен анаңда.

(Балаларға бұрылып) Екі тоқсан артта қалды. Шәкірттерімнің алған білімдерін сынап көретін де уақыт жетті. Кәне, ықылас қоя тыңдаңдар. Мен жекеленген сөздерді атаймын. Ал сендер оны қолдарыңдағы әріптермен құрастырыңдар. (Сапта А әрпі -3, Е әрпі - екеу, М әрпі -1, Н әрпі - 2, Т әрпі - 2) Ана, Отан, Мектеп. (Әр сөзді айтқан сайын сондай әріптері бар балалар қолдарын жоғары көтеріп, осы сөздерді құрайды.) Дұрыс, балалар! Бұл тек жазып, қана қоятын емес, әрқашан да құрмет тұтатын да сөздер.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мұғалім: Құрметті Әліппе! Балалар ертеңгілік барысында өз білімдерін көрсетпек.

Әліппе: Ал енді менің шәкірттерімнің жауабын тыңдайық.

І жүргізуші: Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. Қырық екі әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік.

ІІ жүргізуші: «Әліппемен» қоштасу тек біздің мектепте емес, бүгін, Отанымыздың біз сияқты мыңдаған балалары «Әліппе» кітабымен қоштасуда.


  • 2 -

1 - оқушы: 2 - оқушы:

Сырлы әріптер сыр түйіп, Қолыңа тұңғыш қалам ап,

Сабырмен саған қарайды. А әрпін алғаш жазарсың.

Сырларын білсең бас иіп, Біліп ап А - ны саралап,

Керегіңе жарайды. Б - сына көзді саларсың.

3- оқушы: 4 - оқушы:

Осылай барлық әріпті Қолыңа ап кітап кілтін,

Есіңе түйіп аларсың. Оқырсың ой сап отырып.

Нұрлы әріппен жарықты Ақталып алтын үмітің,

Жүрегіңе жағарсың. Басыңа білім толтырып

5- оқушы: 6 - оқушы:

«Әліппе» деген - алтын жол, Бар кітапқа бас болған,

Апарар сені алысқа. Әліппе - ғылым анасы.

Жеңіл емес, ауыр жол, Әліппеден басталған

Тырысып бақ, намысқа! Даналықтың данасы.

7 - оқушы: 8 - оқушы:

Мектебің мынау класың, Оқуды көп ойладық,

Осында он жыл тұрасың. Қызығына тоймадық.

Тарыдай болып кіресің, Әріптерді үйреніп,

Таудай болып шығасың. Сауат аштық, ойнадық.

9 - оқушы: 10 - оқушы:

Барлық әріп бағалы Алфавиттің А тұрады басында

Айттық әділ бағаны Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Әріпсіз сөз болмайды, Байқадың ба?

Буын онсыз толмайды. Б тұрады үшінші.

Адам барлық әріпті Ал осының сыры неде ?

Ардақтайды, қолдайды. Түсінші:

11 - оқушы: 12 - оқушы:

А деген ол - аналар ғой ардақты, Алшақ кетпей ...

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты Сондықтан да, расында,

Б деген ол - балалар ғой әдемі. Тұрады олар

Біздің елде үшеуі де кәделі. Алфавиттің басында

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Ал, жұмбақтар жасырса таба аласыңдар ма?

Мұғалім:

Жер өлшейтін саржан, Дөп - дөңгелек жүзік пе,

Белін буып алған. Әлде шеңбер ме,

Бұл қай әріп? Мұны соққан ұста ма?

(А) Әлде зергер ме? (О)

Телеграф бағаны деп қаларсың, Арқасын тіреп жабысып,

Насосқа да ұқсастығын табасың. Екі «Р» қалған қабысып

Бұл қай әріп (Т) Бұл қай әріп? (Ф)

Әліппе: Балалар, сендер тақпақты шебер айтып, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Ендеше, математикадан алған білімдеріңді де сынап көрсек қайтеді (Оқушылар цифрларды көрсетіп, «Санамақты» айтып шығады.)

Бір дегенім - бесік, Екі деген - елім,

Шықтық содан өсіп. Далам, тауым, көгім.


  • 3 -

Үш дегенім - үміт, Төрт дегенім - төзім

Үміт артар жігіт. Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт, Алты деген - ақыл,

Бағалайтын уақыт. Тыңдағаның мақұл.

Жеті деген - жалау, Сегіз деген - сөзің.

Жүректегі алау. Серт беретін кезің.

Тоғыз деген - тоқтау, Он дегенім - Отан,

Елдің жоғын жоқтау. Қорға соны, ботам!

Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»

Әліппе: Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін

үйреткен кім?

Балалар: (Хормен)

  • Мектеп!

  • Мұғалім!

  • Әліппе!

  • Ата - ана

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

(Төрт оқушы алға шығып, жұп - жұптан оқиды)

  1. оқушы: 2 - оқушы:

Көп ойлап отырма, «Әліппе» оқуға

Ауылға қадірлі Үйреткен әр күні

Кім, атын атай ғой? Мұғалім апай ғой!

3 - оқушы: 4 - оқушы:

Анадай аяулы, Үйреткен санауды

Мәпелеп өсірген Көп еңбек сіңірген

Кім, атын атай ғой? Мұғалім апай ғой!

Мұғалім: Рақмет, балалар, рақмет!

Жеміске құты тола ма?

Бір - бірлеп теріп алмасаң?

Әп - сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнін ойласаң

Білім де сондай, қарағым.

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал: білім боларын

Шам - шырағың жолыңда

Көлге айналған бұлақтың.

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том - том қалың кітаптың

Басы болар «Әліппең» ... -

деп ақын Мұзафар Әлімбаев аталарың жырлағандай, бұл білімнің бастамасы ғана.

Ал, балалар біз «Әліппемен» қоштасар уақыт та келді.

Әліппе: Мен жақсы оқитындарыңа көзім жетті, енді алдағы уақытта сабақты тек жақсы оқыңдар. Мен кетейін.

(Әліппе кетуге ыңғайланады. Оқушылар кезектесіп, Әліппеге арнап тақпақ айтады)


  • 4 -

1 - оқушы: 2 - оқушы:

«Әліппем», менің «Әліппем!» Қош бол! Құтты «Әліппем»!

Сені қолға алып мен, Көп нәрсені үйреттің.

Есігін аштым мектептің Таныстырып әріппен,

Ертеңгі сәуле жарықпен. Тақылдатып сөйлеттің.

3 - оқушы:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтынан

« Әліппе» білім бесігі

Оқушылар: (хормен) Қош, бол! сүйікті «Әліппем» !

Әліппе: Сендерге де рақмет. Ал, қош болыңдар. (Кетеді. Балалар шарларын бұлғайды.)



© 2010-2022