Разработка по казахскому языку на тему Сөз таптарын қайталау 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шарбақты жалпы орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:

«Сөз таптарын қайталау»

Өткізген: Сеилхан Б.М.















Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау. (флипчарт)
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі:Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту.
2. Дамытушылығы:Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
3. Тәрбиелігі:Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.

Сабақтың әдісі:Топтау, ой қозғау, «Бес жолды өлең» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі:флипчарт, үлестірмекестелер, тесттер.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта. .

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі;.
Психологиялық дайындық:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, бүгінгі күніміз көңілді болсын,- деп жақсы тілектер айтайық:

Оқушылар: Қуанасың сенде,

Қуанамын менде,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Мұғалім: Көңіл-күйлерің қандай?

Оқушылар: Көңілді.

ІІ.Үй жұмысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз?
Сөз таптары:
сан есім
зат есім
сын есім
етістік
Ендеше, бүгінгі сабағымыз топпен өтеді.
1- топ «Зат есім» -
2- топ «Сын есім» -
3- топ «Сан есім» -

4- топ «Етістік»-
Әр топта тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді. Әр топ білімі текшелермен бағаланады.
Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.
Оларды әр топ оқушылары парта үстіндегі қалташаларға салады.

1.Сөз таптарын еске түсірейік.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:

1. (Бағбан) көктемде қураған бұтақтарды кеседі.

2. Қарағайлы қарт Алтайда (үлкен) көл бар.

3. Дәурен мектепішілік жарыста шахматтан (бірінші) орынды иеленді.

4. Құстар ағашты зиянкестерден (қорғайды.)

3.Жұмбақ шешу

1.Бұл не қылған ер еді?

Қандай мықты жүрегі.

Түздің маңғаз түлегі,

Бір ұрттам су татпастан,

Мың шақырым жүреді. (түйе)

(Жұмбақтың жауабын үш жақта тәуелдеп жаз)

2.Қысы жазы өзгермес,

Көрсең де күні-түнімен.

Қанша аяз болса да,

Айрылмайды гүлінен.(шырша)

(Жұмбақтың жауабы мен сын есімді қатыстырып, сөйлем құрастыр)

3.Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (мысық)

(Сан есім қатысқан мысық туралы шағын әңгіме жаз)

4.Кесе, шыны, пиала -

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?(ыдыс)

(Ыдыс сөзі мен болымсыз етістікті қатыстырып сөйлем құрастыр)

4. Сергіту сәті.

Сөздерді тиісті орындарына қойып жаз. Негізгі зат есім:кілем, аяқ. Негізгі етістік:айт, оқы. Негізгі сын есім: қызыл, жылы. Есептік сан есім: жетпіс бес, жүз. Туынды зат есім:ойыншық, күйші. Туынды етістік:шегеле, тазала. Туынды сын есім: құрметті, жауынды. Реттік сан есім: бесінші, оныншы.

5. Бес жолды өлең құрастыру.

6. 1 топ - Зат есім
1 тапсырма:
1. Зат есім дегеніміз не? / заттың аты/
2. Зат есімнің сұрақтары қандай? / кім, кімдер, не, нелер/
3. Зат есім түрлері. / жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара , күрделі/
4. Зат есімнің септелуі./ 7- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес/
2 тапсырма. /Зат есімді сыз/
1. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
2. Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
3 тапсырма. (тест сұрағы)
1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз
ә) заттың атын білдіретін сөз
б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз
2. Туынды зат есімді тап
А) қала
ә) малшы
б) тау
3. Көптік жалғаулы зат есім
А) батыр
ә) оқушылар
б) тау
4. Жалқы есімді тап
А) журнал
ә) ағаш
б) Алматы
5. Зат есім тобын тап
А) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау, арман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады


2 топ - Сын есім

1 тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/
2. Сын есім сұрақтары / қандай, қай/
3. Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/
4. Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/
2 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу:
1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/
2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/
3. Қандай жолдас болдады? / жаман/
4. Алма қандай болады? / сары/
5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/
6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/
С
Ы
Н
Е
С
І
М
3 тапсырма / тест сұрағы/
1. Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіретін сөз
ә) Заттың түрін білдіретін сөз
б) Заттың қимылын білдіретін сөз
2. Сын есім сұрақтарын көрсет
А) қандай?, қай?
ә) қанша?, неше?
Б) не істеді?, қайтті?
3. Туынды сын есімді көрсет
А) сулы, күшті, білгіш
ә) таза, әдемі, сұлу
б) ақ, сары, көк
4. Негізгі сын есімді көрсет
А) талапты, көңілді, икемді
ә) жаңа, қызыл, ақ
б) өнерлі, бойшаң, инабатты
5. Сын есім нені білдіреді?
А) атын, орнын, мөлшерін
ә) түсін, көлемін, сапасын
б) аумағын, жерін, орындалғанын
3 топ - Сан есім
1 тапсырма
1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/
2. Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші /
3. Сан есім түрлері /дара, күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды /
4. Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше /
2- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Жұмбақ:
Бірінші буыным құс аты,


Ал екіншісі- бояу түсі.
Екеуін біріктіріп оқысақ,
Оңынан да, солынан да,
Ұлт болып шығамын
/қазақ/
3 тапсырма / тест/
1. Сан есім нешеге бөлінеді?
А) есептік, реттік, қатарлық
ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік
2. Сан есімді көрсет
А) бес, сана, ұйықта
ә) елу бес, жас, кәрі
б) қырық, елу, жүз
3. Реттік сан есім қатарын белгіле
А) екі, үшеу, үшінші
ә) үшінші, төртінші, бесінші
б) бесінші, алтыншы, бесеу
4. Сан есім сұрақтары
А) қанша?, қайда?ә) қанша?, неше?Б) неше?, қашан?
5. Сан есім дегеніміз не?
А) заттың санын білдіредіә) заттың қимылын білдіредіб) заттың түрін білдіреді
4 топ - Етістік
1 тапсырма
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік түрлері
3. Етістік сұрақтарын ата
4. Болымды, болымсыз етістік
2 тапсырма /негізгі, туынды етістіктерді екі қатарға бөліп жаз/ оқыды, күлді,отырды, ойнады,
оқушы, биледі, айтты, барды, келді, жазды.
3 тапсырма / тест сұрағы/
1. Дара етістікті тап
А) келе жатырә) келдіб) ойнама
2. Күрделі етістікті тап
А) күлдіә) күліп келе жатырб) барма
3. Болымды етістікті тап
А) барә) ойнап жүрб) ойнама
4. Болымсыз етістікті тап
А) оқыды
ә) оқыма
б) оқып отыр
5. негізгі етістікті тап
А) жазып отыр
ә) жаз
б) жазба
Ең соңында текшелерді санау

ІҮ. Қорытынды жасау.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй жұмысы.

1 топ - Зат есім


1 тапсырма:
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің сұрақтары қандай?
3. Зат есім түрлері.
2 тапсырма. /Зат есімді сыз/
1. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
2. Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
3 тапсырма. (тест сұрағы)
1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз
ә) заттың атын білдіретін сөз
б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз
2. Туынды зат есімді тап
А) қала
ә) малшы
б) тау
3. Көптік жалғаулы зат есім
А) батыр
ә) оқушылар
б) тау
4. Жалқы есімді тап
А) журнал
ә) ағаш
б) Алматы
5. Зат есім тобын тап
А) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау, арман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады




2 топ - Сын есім

тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім сұрақтары
3. Сын есім түрлері
4. Туынды сын есім қалай жасалады?
2 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу:
1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/
2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/
3. Қандай жолдас болдады? / жаман/
4. Алма қандай болады? / сары/
5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/
6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/

3 тапсырма / тест сұрағы/
1. Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіретін сөз
ә) Заттың түрін білдіретін сөз
б) Заттың қимылын білдіретін сөз
2. Сын есім сұрақтарын көрсет
А) қандай?, қай?
ә) қанша?, неше?
Б) не істеді?, қайтті?
3. Туынды сын есімді көрсет
А) сулы, күшті, білгіш
ә) таза, әдемі, сұлу
б) ақ, сары, көк
4. Негізгі сын есімді көрсет
А) талапты, көңілді, икемді
ә) жаңа, қызыл, ақ
б) өнерлі, бойшаң, инабатты
5.Сын есім нені білдіреді?
А) атын, орнын, мөлшерін
ә) түсін, көлемін, сапасын
б) аумағын, жерін, орындалғанын




3 топ - Сан есім


1 тапсырма
1 Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім сұрақтары
3. Сан есім түрлері
4. Есептік сан есімнің сұрағы
2- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Жұмбақ:
Бірінші буыным құс аты,
Ал екіншісі- бояу түсі.
Екеуін біріктіріп оқысақ,
Оңынан да, солынан да,
Ұлт болып шығамын
3 тапсырма / тест/
1. Сан есім нешеге бөлінеді?
А) есептік, реттік, қатарлық
ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік
2. Сан есімді көрсет
А) бес, сана, ұйықта
ә) елу бес, жас, кәрі
б) қырық, елу, жүз
3. Реттік сан есім қатарын белгіле
А) екі, үшеу, үшінші
ә) үшінші, төртінші, бесінші
б) бесінші, алтыншы, бесеу
4. Сан есім сұрақтары
А) қанша?, қайда?
ә) қанша?, неше?
Б) неше?, қашан?
5. Сан есім дегеніміз не?
А) заттың санын білдіреді
ә) заттың қимылын білдіреді
б) заттың түрін білдіреді




4 топ - Етістік


1 тапсырма
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік түрлері
3. Етістік сұрақтарын ата
4. Болымды, болымсыз етістік
2 тапсырма /негізгі, туынды етістіктерді екі қатарға бөліп жаз/

оқыды күлді
отырды ойнады
оқушы биледі айтты
барды келді
жазды
3 тапсырма / тест сұрағы/
1. Дара етістікті тап
А) келе жатыр
ә) келді
б) ойнама
2. Күрделі етістікті тап
А) күлді
ә) күліп келе жатыр
б) барма
3. Болымды етістікті тап
А) бар
ә) ойнап жүр
б) ойнама
4. Болымсыз етістікті тап
А) оқыды
ә) оқыма
б) оқып отыр
5. негізгі етістікті тап
А) жазып отыр
ә) жаз
б) жазба


© 2010-2022