Сауат ашу пәнінен 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары Кк дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кк дыбысы мен әрпі»

Мақсаты:

1. Білімділік: к дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрастыру, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау.

2. Дамытушылық: дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалрды к дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

3. Тәрбиелік: сауатты, білімді болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекі құралдары: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар қанеки бір-бірімен амандасып, сәттілік тілейік.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы таң құрбым.

Дүйсенбінің күні

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағаң,

Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

-Бәрекелді! Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?

-Дұрыс, Ее әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки, Е дыбысы кездесетін сөздерді айтайық. Кім маған айтылған сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды?

-Емен, ешкі, екі, есік, ерін, есік, есек, т.б.

Еркін емен ағашын отырғызды. Бір оқушыға «есен» сөзін кеспе әріптерден қалташаларға салу арқылы жаздырамын.

-Ее қандай дыбыс?

-Дұрыс дауысты. Неге дауысты?

-Өкпеден шыққан ауа іштен еркін шығады.

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

-Әріпті біз көреміз, жазамыз. Ал дыбысты естиміз және айтамыз.

-Ее әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Сөздің басында, ортасында, соңында.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Тамаша, енді тақтаға назар айдарайық. «Буын құра» ойынын ойнайық.(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын: де, бе, ре, ең, т.б.) Ер сөзінің көмегімен қандай мақал айта аламыз? 1) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. 2) Ер қадірін ел біледі, Зер қадірін зергер біледі.

-Мінекей балалар, біз қанша әріпті білеміз. Осы буындармен сөз құрай аламыз.

-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Жыл мезгілдердің қай атауында е дыбысы кездеседі?

-Дұрыс, «көктем» мезгілінде. Көктем қай жыл мезгіліннен кейін келеді?

-Қыс мезгіліннен кейін көктем мезгілі келеді.

-Көздеріңді жұмып көктемді көз алдарыңа елестетіңдерші. Нелер елестеді?

-Бәрекелді! Көк шалғын, қар еруі, құстар ұшып келуі, күн сәулесінің ысуы, т.б.

-Көктемнің ертерек шыққанын қалайсыңдар ма?

-Ия...

-Ол үшін мынадай тапсырмаларды орындауларың шарт. (күн көзі салынған суретті 4-ке бөліп...)

  • Емен сөзін оқып, буынға бөліп бер.

  • Тер сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жаса.

  • Суреттегі затқа сөйлем құра. (етіктің суреті)

  • Еңбек жайлы мақал-мәтел айт.

-Жарайсыңдар, мына 4 бөліктің тапсырмаларын орындап, біріктірген едік ненің суреті пайда болды?

-Күннің бейнесі.

-Күннің көзінің жылуы көктем мезгілінің алғашқы нышандарының бірі.

-Күн сөзінде бірінші дыбыс қандай?

-Дұрыс, к дыбысы. Енді мына суретке қарап к әрпі бар сөздерді айтайық. Оларға сөйлем құрайық: кірпі, көпір, көзілдірік, керуен, күрек, кітап, күн, кілт, т.б.

-Енді, к дыбысы сөздің жерінде тұратынын талдайық.

-Қараңдаршы, күннің көзі ұйықтап жатыр. Оны ояту үшін бізге қонақтар келді. Оларды танимыз ба? (тақтаға күшік, кенгуру, бүркіт суреттері ілінеді; буынға бөліп әр сөзде қанша дауысты, дауыссыз дыбыстар бар екекнін анықтау керек)

-Бәрекелді! Күннің көзі оянды.

-К дыбысын дыбыстайық. (хормен)

Түсіндіру.

К дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

-Ал, балалалар, мен жұмбақ жасырамын.

Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдетін.

(Карта)

Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін

(көздер)

Мен жүгірсем ол да жүгіреді, мен мүдірсем ол да мүдіреді.

(көлеңке)

-К әрпін ауада жазып көрейік.

Әліппе дәптермен жұмыс.

IV. Сергіту сәті.

Жаза, жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз.

Бір, екі, үш,

Отырамыз тып-тыныш.

-Бәрекелді! Енді сызба көмегімен сөйлем құрайық. Кемел, мектепке кел. Мектепке кел, оқы.

Жұмбақ шешу.

Қайталап атымды,

Көктемде ән салам.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа табамын.

(көкек)

Дөп дөңгелек ілінген, күннен көмек тілеген.

(күнбағыс)

-Көкек, күнбағыс сөздерінде неше дыбыс, бірінші қай дыбыс естіледі? Қалай естіледі? - деп балалрдан жауап ала отырып, сабақты қорыту.

V. Бағалау.

© 2010-2022