Урок для начальных классов по теме «Қош бол, құтты әліппем!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош бол құтты әліппем»

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні- оқушылар орындауында.

  2. «Тойбастар»

  3. Мұғалімнің кіріспесі.

  4. Әдеби-әуезді сахнама

1-оқушы Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достассақ ,

Әліппеміз қоштаспақ,

Өсті білім, бойымыз

Хор: Құтты болсын тойымыз!

Мұғалім

  • Балалар , естеріңдерме ең алғаш мектеп табалдырығын жасқана аттаған күндерің, қай күн еді?

Оқушылар:-1 қыркүйек

2-оқушы:

Күмбір,күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма,

Жазылған ай -қыркүйек.

Хор: «Бірінші қыркүйек» ән

Мұғалім: Мұнан соң қолымызға алып, қызықтаған кітабымыз туралы не айтып ем?

3-оқушы

Көлгк айналған бұлақтың

Қайнар көзің көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең....

Мұғалім:

Олай болса , сол күндегідей бәріміз « Әліппеміздің» алғашқы бетін ашайық. Мен мына үлкен «Әліппені» ашайын. (бала бойындай оқулық макетін ашу.) Ішінен «Әліппенің» ішіндегідей киінген балдырған шығады;

-Ой балалар, сендер мені ұмытып кете жаздадыңдар ғой. Сәлеметсіздерме, қонақтар! Мен де осы сыныптың баласымын!

- Балалар бұл кім?

- Бұл Білгішбек

- Иә мен Білгішбекпін. Естеріңдеме ең бірінші сабақта Бағланның әжесі сендер мақсаттарыңа жетіңдер білімді болыңдар деп, бата беріп,маған Білгішбек деп ат қойып еді ғой.

- иә есімізде

- Содан бері мен сендермен әр әріпті бастағанда бірге жүріп едім. Ең алғаш үйренген дыбысымыз қайсы еді?

- А дыбысы болатын

4- оқушы:

А-ны айтқанда даусымыз дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді,

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Мұғалім: Ендеше бүгінгі қонақтарымызға оқу сауаттылығымызды көрсетейік

Біз әріптерді танып қана қоймай, олардвң басын қосып,осылайша оқи білулерің ата -аналарың үшін де , мен үшін де үлкен қуаныш.

5-оқушы: -Иә , бүгін біздің де қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені » бітірдік. Рахмет саған әліппе!

6-оқушы

Әліппем менің әліппем,

А деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

7-оқушы:

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

8- оқушы:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын,

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен, мұғалім!

9- оқушы:

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Хор: -Өзіңе көп-көп рахмет!

10-оқушы:

Үйретті бізді Әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.

Хор: «Әліппе әні»

11-оқушы: Әріптердің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Әсем биге басады.

(Әріптер жазылған шар ұстаған балалар би билейді)

12-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба, Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде, түсінші?

13- оқушы:

А дегенің ол- аналар ғой ардақты

Ә дегенің ол- әкелер ғой салмақты

Б дегенің ол-балаларғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Мұғалім: Ал енді әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, сол кісілердің лебізін тыңдайық.

14-оқушы

Дүниенің жарық күні -анамыз,

Дана болсақ анамыз бен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар , ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз.

Ән: Құүтықтаймыз ана салтанатыңмен!

15 -оқушы:

Нағыз әке ақылгөйде, асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал әкелер, өздеріңе арналмақ.

Біз айтатын келесі бір асқақ ән.

Ән: «Әкем-әнім»

16-оқушы:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Хор- Рахмет ұстаз алғашқы!

Ән: Жарқын жүзді ұстазым

Мұғалім:- Балалар Білмесбек болмай Білгішбек болыңдар (Сахнаға кір -қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады)

  • Мынылыр неге жиналған , әй! Мені Білмесбек деп атымды атаған қайсың?

Мұғалім:

  • Саламатсыз ба Білмесбек!

Бүгін әліппемен қоштасқан мерекеміз . Сен туралы айтқан мен.

Білмесбек:

-Әліппемен қоштасу! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін! Чао

(Кетіп бара жатып, бір баланың шарына жармасады)

Бала:

-Тиіспе менің шарым! Мұнда әріп жазылған

Білмесбек:

  • Әріп дейме . Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті. Ал мына біреуі ай, мәссаған рогатканың да суретін салып қойыпты. Бұларды мен әліппені оқымай ақ білемін

Мұғалім:- Білмесбек ол не дегенің! Бұлар О Ұ әріптері. Дегенмен балалар, білмесбектің сөзінің жаны бар . әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане енді Білгішбектің жұмбақтарын шешіп көрейік!?

Білгішбек:

  1. Қос мықынын тіреніп.

Тұрады ылғи шіреніп (ф)

  1. Үш шырпыдан бір есік

Құрастырып көр шешіп. (П)

Мұғалім:

  • Міне Білмесбек көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?

Білмесбек:

  • Ой менен басқада білмейтіндер де бар шығар -ау іштеріңде!

Мұғалім:

-Жоқ барлығыда жақсы біледі.

Білмесбек

-Онда менің де кітап оқығым келеді.

Мұғалім:

-Өте дұрыс . тек алдымен үсті басыңа жөге сал! Әліппені таза ұқыпты бала ғана ұстайды.

Білмесбек :

Жарайды

Мұғалім:

-Міне балалар осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен әліпемізбен қоштасатын уақыт келді.

Білгішбек:

  • Қымбатты балалар! Мен сендерді қимаймын. Бірақ «Әліппемен » бірге кетуім керек.

Хор: Қош бол құтты әліппем!

Мұғалім:

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп.

Қол жайып, періштенің пейіліне

Бәрімізде ауыздан «Әумин!» дейіек

Жүздеріңізден көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнкін әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын , ата-ана.

Тойларыңыз тоға ұлассын , ағайын!

Ата-аналар Тілек айтады.

-Осымен ертеңгілігіміз аяқталды қош сау болыңыздар!



© 2010-2022