Методическую разработку Өсімдіктер дүниесін қорғау3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 3

Дүниетану

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесін қорғау

Жалпы мақсаты

1.Суретті пайдалана отырып, өсімдіктер дүниесін қорғаудың пайдасын түсінеді,оларды елімізде қалай қорғалатыны жайлы біледі. 2.Сыни тұрғыдан ойлай отырып, суреттегі өсімдіктерді салыстыра отырып бір-бірінен ерекшелігін біледі. 3. Өзінше ой қорыта білуге, топта бірлесіп жұмыс жасауды

түсінеді.

Дереккөздер

Дүниетану оқулығы,Атамұра 2014ж авторлары: К. Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов,Н.Жапанбаева, ғаламтор


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық орындық»,Ой қозғау , Топтық жұмыс «Оқы, талқыла, бөліс», Жеке жұмыс

Күтілетін нәтиже

1. Суретті пайдалана отырып, өсімдіктер дүниесін қорғаудың пайдасын түсінеді,оларды елімізде қалай қорғалатыны жайлы білетін болады. 2.Сыни тұрғыдан ойлай отырып, суреттегі өсімдіктерді салыстыра отырып бір-бірінен ерекшелігін білетін болады. 3. Топта сыйластықпен жұмыс жасай білуді, өзінше ой қорытуға болатынын түсінетін болады.

Уақыты

5 минут

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

Сабақтың жүру барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Б) түгендеу

В) психологиялық ахуал қалыптастыру

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.( Шаттық шеңберін жасау)

Оқушылар топқа бөлінеді. Оқушылар өсімдік тобына қарай топқа бөлінеді. Топқа қалай бөлініп жатқанын табады.

5 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Өсімдіктердің топтасып өсуі»


Үйден дайындалып келгендері бойынша «Өсімдіктердің топтасып өсуі» тақырыбы сұралады.

Дүниетанулық диктант Ғалымдардың есептеуі бойынша біздің елімізді өсімдіктердің ....түрі бар.Өсімдіктер ерекшеліктеріне қарай .... топқа бөлінеді. Формативті бағалайды.

8 минут

ІІІ. «Тұсау кесер»


III.Сұрақтармен жұмыс

PowerPoint бағдарламасында жасалған сұрақтармен жұмыс жасау. -Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар керек? -Өсімдіктер дүниесін неге қорғау керек? Тақырып не туралы екенін айтады. Өсімдіктер дүниесін қорғау

Оқушылар тақырыптан ауытқымай, жүйелі түрде жауап береді.

Оқушылардың жауаптары: -Өсімдік өсуі үшін жылу,жарық,ауа,су,қорек керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып ашылады.

5 минут

Негізгі бөлім:

IV. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс. -Біздің елімізде өсімдіктер қалай қорғалады деп ойлайсың?? Сұрақтарға пікірлесе отырып,ой қорытындылайды.

Оқушылардың жауаптары:

-Біздің елімізде өсімдіктерді Қызыл кітапқа жазады,оларды арнайы қорықтарда өсіреді,күтіп ,баптайды..

Өсімдіктер жайлы өз білетіндерін ортаға салады.

2 минут


Сергіту сәті


Қозғалыс қимылдарын жасату.

14 минут


V. Топтық жұмыс

Оқулықпен жұмыс жасау.

Мәтінді топтарға бөліп беремін. Мәтінді түсініп оқып, топта талдайды.

І топ. 1,2-3- азат жолды оқып,түсіндіреді. постер қорғайды.

ІІ топ. 4-5-6 азат жолды оқып ,

түсіндіреді.

ІІІ топ. 7-8-9--азат жолды оқып, түсіндіреді.

Жұптық жұмыс

Суретті қара. Өз жеріңде осындай өсімдіктер кездесе ме? Олар қандай жағдайларда өсуге бейімделген?


Топта бір-біріне мәтінді түсіндіреді, талқылайды, тұжырым жасайды.

Топ басшысы баяндайды.

Формативті бағалау

Жұптық жұмыс

Оқушылар өзінің пікірін сұрақтарға жауап бере отырып ауызша айтады. Өз ойларымен бөліседі.

3 минут


VII. Жеке жұмыс

Қорғалған өсімдіктердің суретін сал


Жеке жұмыс

Сурет салады, бірін-бірі бағалайды.

Формативті бағалау


2 минут


Кері байланыс

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма орындаған ұнады?

-Қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?

Оқушылар өз ойларын стикерге жазады,мақсат ағашына іледі

1 минут


Үйге тапсырма:

«Өсімдіктер дүниесін қорғау» түсініп оқу

Суретін салу


Оқушылар тапсырманы алады.

Орындайды.





© 2010-2022