Сабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Сауат ашу

Уақыты:

21.11.2013 ж.

Сыныбы:

1 «в»

Сабақтың тақырыбы:

Үү дыбысы мен әрпі

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Ақпарат көздері арқылы оқушыларға Үү дыбысы мен әрпін таныстыру. Үү дыбысы бар сөздерге талдау жасау.

Үү дыбысына қатысты жаңа сөздерді жаздырып, оқыту арқылы сауаттылыққа үйрету, баланың тілін дамыту. Көрнекіліктер арқылы сөздік қорларын молайту.

Үү дыбысын дұрыс жазуға және дұрыс айтуға, жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды ойын еркін айтуға, шапшаңдыққа дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, ойын технологиясы,Activ Studio бағдарламалсында флипчарт,АКТ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ - жауап, сөздік,практикалық,көрнекілік, салыстыру, түсіндірмелі-иллюстративті.
топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:

Әліппе,Бейнелу өнері, дүниетану.

Оқыту құралдары:

Әліппе оқулығы Алматыкітап баспасы 2009 ж.Ұ,Ботабаева, тақырыптық суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, түгендеу;

Оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

-Қанеки балалар, мына өлең жолдарын бірге қайталайық!

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достар,

Қайырлы күн көршім,

Бүгінгі күн сәтті,

Сәттілікке толсын.

Амадасады, оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды

Қайырлы күн достар,

Қайырлы күн көршім,

Бүгінгі күн сәтті,

Сәттілікке толсын.

Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылады.

Мұғаліммен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылардың зейіні сабаққа ауады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасына бәріміз дайынбыз ба?

Үй тапсырмасын дәптерлерінен Ұ дыбысынын жазылуын тексеріп шығады.

«Бұлақ» өлеңін жатқа сұрайды.

-«Бұлақ» өлеңін жаттау.Ұұ әріпінен басталатын сөздер жазып келу.

-Дайынбыз!

Дәптерлерін алдарына қойып, ашып отырады.

«Бұлақ» өлеңін 1- 2 оқушы жатқа айтады.

Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.

Дәптерлері тексеріледі.Қателері дұрысталады.

ІІІ. Өткен материал-ды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Мұғалім өтілген әріптердің үшеуін көрсетеді.

Қатар бойынша үш топқа бөледі.

-І - топ сол әріптен басталатын сөздер айтады.

-ІІ - топ сол сөздердің біріне сөйлем құрайды.

-ІІІ - топ сөйлемнің ішіндегі бір сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Күндіз соқыр не деген

Түнде қандай көреген.

Сабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпіСабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпіСабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпі

Үш әріптін біреуін таңдайды.

1-топ. Ұшақ, ұшқыш, ұстаз, ұя, Ұлан.

2-топ.Ұланның көкесі ұшқыш.

3-топ.Ұш-қыш - 2 буынды,

ұ-дауысты,

ш-дауыссыз,

қ-дауыссыз,

ы-дауысты,

ш-дауыссыз.

  • Үкі.

Үй тапсырмасын орындау арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді және жаңа тақырыпқа дайындалады.

Ұйымшылдықпен бірлесіп жұмыстана алады.

Жұмбақтың жауабын тауып,жаңа сабаққа кіріседі.

IV. Жаңа материал-ды түсіндіру.



Оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті:


Дәптермен жұмыс

V .Бекіту.




Тақтадан суреттер көрсетіледі.

-Балалар, бұлар нелер? Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар! Бұлар қандай дыбыстан басталып тұр?

Олар сөздің қай буынында тұр?

- Балалар Ү дыбысы жеңіл әрі созылмай айтылады.Ү әрпі сөздердің басында,ортасында кездеседі.

-Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

-Дұрыс-ақ балалар. (тақтадан Үү әрпі көрсетіледі) Ү дыбысы қызыл түспен берілгендіктен ол қандай дыбыс?

Тақтадағы суреттердің атауын балаларға жазғызады.

Жаңа сөздер:

Үзеңгі - Ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі.

Үй - адам тұратын баспана.

Үлкен - зор,дәу,үлен.

Мәтінмен жұмыс

Ормандағы аңдар

Орманда түрлі аңдар тіршілік етеді. Түлкі- тағы аң. Оның терісі бағалы. Түлкі терісінен жаға, тымақ, ішік тігеді. Тымақ, ішік қыста өте жылы болады.

Түлкі-өте қу. Ол олжасына ұрлана жақындайды. Түлкі ертегілерде мол кездеседі.Ол -ертегілердегі айлакер жануарлардың бірі.

1.Мәтінді оқып береді.

2.Оқушыларға мәтінді оқытады.

3.Мәтінде не жайында айтылғанын сұрайды.

Сергіту сәті:

Көжектерім тұршы,

Қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бойыңды жазшы,

Айналаңа қарашы.

Аяғыңды басшы,

Орыныңды тапшы.

1.Үү әрпнің баспа және жазбаша жазылу үлгісін тақтаға іледі.

2.Үү әрпнің жазылуын ауада жазғызады.

Ойын: «Адасқан буындар»

Сабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпі

-Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?

-Ол қандай дыбыс?

-Ү әріпінің Ұ әріпінен айырмашылығы неде?

Дұрыс - ақ.

- Балалар қазір қандай мезгіл?

- Осы күз сөзінде ү әріпі бар ма?

- ү әріпі қай жерде тұр?

Тақтадан Ұ-Ү әріптерін салыстыруға берілген сөздерді оқытады, сөйлемдер құратады.

Ұя,ұшақ,ұшқыш,ұлу,үй,үкі,Үміт,Ұлжан,

үйрек,үкім.

- Балалар, бүгінгі тақырыпты түсіндікпе?

-Олай болса үй тапсырмасын түсініп алайық.


  • Үтік, үкі, үйрек,үй.

-Ү-ү-ү... дыбысынан басталып тұр.

-Бірінші буынында.(буынға бөліп оқиды)

-Қызыл.

-Дауысты дыбыс.

Өз еріктерімен тақтаға шығып, үтік, үкі, үйрек,үй сөздерін жазады.

Жаңа сөздермен танысады.

Оқулықтарына назарларын аударады.

Мұғалім мәтінді оқып жатқан кезде оқушылар мұқият тыңдап отырады.

Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.

Мәтін не жөнінде айтылып тұрғандығы туралы өз ойларын айтады.

Өлең жолдарын қимылмен орындайды.

Көжектерім тұршы,

Қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бойыңды жазшы,

Айналаңа қарашы.

Аяғыңды басшы,

Орыныңды тапшы.

Жазу жолындағы Үү әрпнің үлкен және кіші әріптерінің жазылуын толтырады.

Барлығы Үү әрпін ауада жазады.

Буындарды сызықпен қосады.

Буындарды қосқанда шығатын сөздер: күрек, үйрек, қарбыз, түлкі, жүзім, бақа.

- Ү әріпімен.

-Дауысты дыбыс.

-Ұ әрпінің белінде сызықшасы бар, ал Ү әрпінде жоқ.Ү дыбысы жіңішке дыбыс,ал Ұ дыбысы жуан.

  • Күз мезгілі.

  • Бар

  • Ортасында.

Оқушылар сөйлем құрайды.

Үміт пен Ұлжан дос.

-ия.

Тез ойлай білуге, шапшаңдыққа дағдыланады.

Үү дыбысын дауысты әріп екенін біледі.

Оқушылар сабаққа түгел белсене араласып отырады.

Жаңа сөздермен сөздік қорлары молаяды.

Өз бетімен оқуға дағдыланады. Өз ойларын ашық, еркін айтуға үйренеді.


Оқушылар бір сергіп алады.

Оқушылар төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады.


Тез ойлауға және топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Өз бетімен оқуға дағдыланады. Өз ойларын ашық, еркін айтуға үйренеді.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Ұ-Ү әріптерін ажырата алады.

Оқушылардың бар назары мұғалімде болады.

V. Үйге тапсырма.

-Үйге оқулықтағы 99 - беттегі суретке қарап,берілген сөздерді қосып сөйлем құрастыру.

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

Білімдерін толықтырады, мәлімет жинақтайды, деңгейлері анықталады.

VI. Бағалау. Қорытынды

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалайды.

- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Күнделікке баға қойғызады, марапатталады.

- Сау болыңыз!

Оқушыларды бағалау олардың қызығушылығын арттырады.







Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Сабақ жоспары сауат ашу Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: «Ү ү дыбысы мен әрпі»


Орындаған: Спортова А.М

© 2010-2022