Сабақ жоспары әдебиеттік оқу Ертіс пен Жайық (4-класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Е.Елубай «Жайық пен Ертіс»

Сабақтың мақсаты: Қазақстан өзендері туралы мағлұмат беру.

Өлеңдегі өзеннің пайдасы мен маңыздылығын

анықтау,оқу дағдыларын жетілдіру мәнерлеп оқуға

үйрету.

Дамытушылығы:Оқушылардың тілін дамыту,сөздік қорын молайту,ой-

өрісін,шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: қоршаған ортаны,суды ластамауға,өзен бойына қоқыс

тастамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап,өзара бірін-бірі оқыту, ББҮ,венндиаграмма

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,теледидар,сызба

Пәнаралық байланыс:Дүниетану,география

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Сиқырлы сандықша» арқылы сұрау.(бағалау)

3.Қызығушылықты ояту

Ы.Алтынсариннің өлеңін оқу

Өзен

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.

-Осы өлеңде не туралы айтылған?(өзен)

Жайық және Ертіс 2-топқа бөлу(Оқушыларға тарату)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Өзен сөзін топтастыру

Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп оқыту. Өлеңнің шумақтарын әр оқушы оқып түсіндіреді.

Ескен Елубай-1942 жылы 18-ақпанда Жамбыл облысы Қордай қордай ауданындағы Отар станциясында туған.

1958 жылы Отар станциясындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген.

ҚазМУ-дің филология факултетін 1966 тамамдаған.1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері»(қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында «Балдырған» журналдарының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс. Жайық пен Ертіс өзенін көрсету.

(ББҮ жұмыс)

Ситуациялық сұрақ.

«Жүздесу хабары»

Теледидардан журналист хабарлайды.

-Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгінгі «Жүздесу хабарына» география пәнінің мұғалімі Самал Жұмақызымен тікелей эфирде тілдесетін боласыңдар.Сендердің қоятын сұрақтарыңыз болса мына нөмірге хабарласыңыздар. (Соткамен хабарласу)

Ертіс қай облыста? (Шығыс Қазақстан)

Жайық өзені қай облыста? (Батыс Қазақстан)

Жайық - Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбороблыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстаноблыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

==Бастауы == Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды.Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ , арасында қайраңдар бар.

Ертіс өзені қай қалаларды басып өтеді?()

Ой толғаныс

Жайық пен Ертіс өзенін салыстыру «Венндиаграма»

Сергіту сәті

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттап ал

Бағалау.

Кері байланыс





Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Жайық Ертіс

Жайық Ертіс

Жайық Ертіс


© 2010-2022