1 сынып Дүниетану Күз мезгілі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау. Табиғатқа қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу.Табиғат құбылыстары мен заттар арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дененің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілі суреттері, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық жағдай.

ІІ.Өткенді қайталау. Ой қозғау.

-Табиғат деген не?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатты ата.

-Өлі табиғатты ата.

-Табиғат құбылыстарын ата.

-Адамдар табиғаттан нені үйренді?

-Табиғатты танып білуге бюізге қандай сезім мүшелері көмектеседі?

-Мұрын, тіл, құлақ, көз, терінің табиғатты тануда қандай қызмет атқарады?

Оқушылар ойын толықтыру.

Білімдерін тиянақтау.

- Ауа райын шартты белгілермен тақтаға жазып көрсет: аспан ашық, +4º, *

Көкжиек туралы түсініктерін сұрап, білімдерін тексеру.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешейік.

1. Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

2. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

3. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

4. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Мағынаны тану.

Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз...

Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс. , + º, - º

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

Т.Молдағалиев. Күз.

Ақшыл ма, әлде күлгін, әлде қоңыр,

Торлады көк аспанды бұлт керуені.

Сорғалап әлсін-әлсін күміс жаңбыр

Ажарсыз шөптің басын жел тербеді.

- Осы өлеңде қай мезгіл суреттелген?

(Оқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау. Күзгі өлі табиғат өзгерісі: аспанның қалпы, күннің ұзақтығы, салқындауы.)

- Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле.

- Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Күз айларын ата.

- Күздегі мерекелерді ата.

1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек - Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.

2.Оқулықпен жұмыс.

Мазмұнды суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Жыл мезгілдері - мәтінге талдау жасау.

-Сурет бойынша күзгі және жазғы көріністі салыстыр.

-Күздегі табиғат өзгерісін айт.

-Күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күздегі жауын-шашын.

Сергіту сәті

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

3.Сөздікпен жұмыс: күзгі жапырақ, суытты, жауын.

А) оқу, оқыту.

Ә) сөйлем құрату.

4.Дәптермен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

3 қатардағы оқушыларға үш жыл мезгілінің суретін салдыру.

Жеке жұмыстар жүргізу.

Әр қатардағы оқушыларға салған суреттері жайлы әңгімелету.

Салған суретіндегі тірі, өлі табиғат жайлы әңгімелей білуге баулу.

Оқушылар ойын толықтыру.

Шығармашылық тапсырма. Күз мезгілінің суретін салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Күз туралы ұғымдары тұжырымдалады.

-Сабақ аяқталды!



© 2010-2022