Конспект урока по мир вокруг на тему Дәрумендер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дәрумендер-денсаудық кепілі»

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жемістер, жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрама дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: «Білер қазақ баласы, сәлем сөздің анасы»-дегендей сәлемдесіп алайық. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Орманда саяхат:

-Айналаға қарайықшы, біз қайда келдік? (Орманға)

-Қазір қандай жыл мезгілі? (слайд 1)

-Қыс айларын атаңдаршы. (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

-Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады? (Суық болады, қар жауады, боран соғады)

(Бұл кезде ергежейлі шығады)

-Балалар, тыңдаңдаршы. Кім бұл екен? (Бұл ергежейлі)

-Сізге не болды?

Ергежейлі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді тыңдап отырдым. Қыс келгендіктен қатты ауырып қалдым.

- Суықта тонып ауырып қалмау үшін не істеу керек?

-Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.

-Сізді емдеу керек. Ал енді, балалар, біз ергежейліні өзімізбен бірге ала барайық. Ауырмау үшін не қажет екенін көрсетейік.(балалар орындарына отырады)

-Біз бүгін сендермен дәрумендер жайлы айтамыз.(слайд 2 )Балалар, суретте не бейнеленген (слайд3. Слайд4 ) (балалар слайдтағы жемістер мен көкөністердің атауларын атайды)

-Ал енді қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

  1. Жұдырықтай қызыл бүйірлі,

Ұстаса жұмсақ, жесе тәтті. (алма) (слайд 5)

-Дұрыс. Балалар, алманың пішіні қандай? Түсі қандай? Дәмі ше? (алманың дәмін көру)

  1. Аумайды бір қылышта

Пүліш түсі жап-жасыл

Соғылғандай мыраштан

Өтпейтұғын жап-жасыл (қияр ) (слайд 6)

-Дұрыс. Балалар, алманың пішіні қандай? Түсі қандай? Дәмі ше? (қиярдың дәмін көру)


  1. Уылжыған албырып,

Дәмі ғажап...(алмұрт) (слайд 7)

-Дұрыс. Балалар, алманың пішіні қандай? Түсі қандай? Дәмі ше? (алмұрттың дәмін көру)


  1. Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар. (сәбіз) (слайд 8)

-Дұрыс. Балалар, алманың пішіні қандай? Түсі қандай? Дәмі ше? (сәбіздің дәмін көру)

Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы)

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнаймыз,

Су өтер қолғаптан.

(слайд 9)

Сурет салу: -Ал енді балалар осы сабақта алған білімдерімізді бүгін қағазға саламыз.

Көкөністі қарындаш арқылы саламыз. Жемісті трафаретпен саламыз.

(музыка әуенімен жұмыс істейді)

Сергіту сәті: (видио арқылы жаттығу)

Бекіту: «Не артық»ойыны (слайд 10, слайд 11)

«Не қайда өседі?» (карточкамен жұмыс)

Ойын шарты:-Алдарында бақша мен ағаш суреті және көкөніс пен жемістер карточкалары. Сендер осы карточкаларды екіге бөлулерін керек. Қайсысы қайда өседі?

Қорыту: - Не туралы сабақта айтық?

-Қай тапсырма сендерге ұнады?

-Не үйрендіндер?

Балаларды бағалау.

© 2010-2022