Қош келдің, жаңа жыл!

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші :

Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық

"Аппақ-аппақ " әні бәрі бірге айтады

Жаңа жылдық ертегі «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»
Күлте қыз -Лена апай
Ханзада- Жанар апай
Өгей шешесі Асемгул апай
Екі сіңілісі- Сабина , Акзат
Ергежейлілер- Диас Ади
Фея - К. Дильназ
Мешіндер -Айнур Диана
Патша -Нурали
Екі қой - Бекмағамбет, Адильжан, Бекболат.

Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде қойлар бетпердесі болады)
Шыршаны айнала тұрады (шырша шамдары жанбайды).
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақмамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
1 бала:
Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!

Өлеңде әзір әнде әзір
Ойында әзір бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл Диас

2 бала:

Ертегі әлемі, неткен әдемі!
Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды
Қане балақай бақашы, мән беріп қарашы
Достардың барлығы, үлгердіме санашы.
Асыға басып, қол ұстасып
Келді әне барлығы! Ахад
3 бала:
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға -жыр.
Мінекей жасыл шырша
Қуаныш жалпыға
Құлпырған сүйікті шырша Сарбаева Анеля
Хормен ән: «Жаңа жыл!»
" Ковбой биі "
(Балалар орындарына отырады. )

Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы биыл өтіп бара жатқан 2015жылы бізде қандай жыл болды?

Балалар: -қой жылы

Жүргізуші: Кәне ендеше қойларымызды ортаға шақырайық.
Қойлар тақпақтар:
1. Қой жылы туғандар
Өсті жылда бойларың
Көп ойларды игеріп
Шарықтады ойларың Ералы
2.көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Қоштасамыз біз бүгін
Жасадық көп жақсылық Бекмағамбет
3. балаларым балғындарым
Алғысым көпайтар менің
Дәл осылай артығырақ
Қарсы алыңдар мешін жылын Бекболат
(мешіндермен мен билейді)
(мешіндер кетіп, ергежилілер кіреді.)
1 ергежилі Диас:
Біз сүйкімді ергежилі,
Орманда біз тұрамыз,
Біз сүйкімді ергежилі
Ертегіні бастаймыз.
2 ергежилі Әди

Сыйқырлы біз әлемненбіз
Ертегіні айтамыз біз
Мейірімді ханымыз жар салады
Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға
(Ергежилілер шығып, ортаға күлшеқыз кіреді. (ән айтады)
Золушка музыкасын қою (Лена апай)

(Өгей шешесі кіреді. )
Өгей шешесі (Әсемгул): Күлшеқыз бері кел! (аяғымен жерді ұрып)
(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежилі кіреді.)
Ергежилі (оқиды) Диас : (Good morning!) Гуд монинг! Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды.
(Ергежилі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)
Ө.Ш (Әсемгул апай):
Рахмет, өте қуаныштымыз.
Міндетті түрде барамыз
Күлше қыз киім дайында
Ойын сауық кешіне
үшеуміз бірге барамыз.
(Екі қызы ортаға шығып)
Күлше қыз: (Лена апай) Ооо, мен де кешке барамын
1 қыз (Сабина): Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !
2 қыз (Акзат): Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!
(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)
Күлше қыз (Лена апай):
Онда қандай көңілді
Шам шырықтар жағылған,
Барлық қыздар билейді
Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)
(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (біреуінде горох, екіншіде - фасоль)
Ө.Ш (Әсемгул):
Тапсырма мен ойлап таптым,
Көңілді сен босатпа,
Біз келгенше кешімізден
Мыналарды жинақта!
(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)
Күлше қыз (Лена апай) (басын ұстап) :
Не істеймін енді мынаны
Қалай жинап үлгерем?
Жұмыстан біз қашпаймыз,
Бәрін жинап тастаймыз! Кәнекей, балалар маған көмектесесіңдер ме?
Ойын: "Бұршақтарды жинақтау" (2-3 рет) .
(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады)
Ө.Ш (Әсемгул апай):
Қыздарым менің әдемі!
Сұлулықтың әлемі
Ойын сауық кешінде
Боласыңдар сендер әдемі
(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)
(Ортаға патша мен ханзада шығады)
Ханзада (Жанар апай):

Ойын сауық кештерің
Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Шаршатты бұл қыздар,
Қызықты нәрсе табыңдар!

Патша (Нурали):
Ұлым жан - жағыңа қарашы,
Бәрі қандай тамаша.
Көңіл көтер жараса.
Қыздар қандай тамаша.
(Ортаға Қожабекова Анель 4Асыныбы "Миллион" биін билейді)
Би: «Миллион»
Хор: Шырша жыры
(Ортаға Ө.Ш. қыздары шығып.)
Ө.Ш: Мәртебелі патшамыз,
қонақтарды қарсы алып,
ортаға бері шығыңыз
Би билейік ән салып.
Патша (Нурали): Алыс аймақ жерлерден
Келді әдемі сұлулар
Қарашы оның билерін.
Сұлулыққа көз тоймар
Би: « Шығыс биі». 4 А сынып Жанель, Арина, Амина
(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.
(Ортаға фея ( Дильназ) шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)
Күлше қыз (Лена апай):
Сәлем бердім сізге мен
Келгеніңе қуанып
Фея ( Дильназ ):

Жылама қызым жылыма
Жақсылықтың бәрі алда
Орындалып арманың
Сенде кешке барарсың.

Күлше қыз:
Бәрінде сіз білесіз.
Фея: Қолымнан келеріде көп!
К.қыз:
Қандай ғажап адамсыз,
Ризамын мен өмірге,
Ойын сауық кешіне,
Кір көйлекпен қалай барамын.
Фея: аймен жұлдыз жарығы
Жол көрсетер сендерге
Құпия сиқыр таяғы
Ергежейлер көмекке келер біздерге(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фанарик ұстаған ергежейлілер шығып к.қызды ортаға алып билеп шыршы артына алып кетедіде ,әдемі киіндіріп алып шығады.)
Фея: тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар!
К.қыз: Thank you! (сәэнк ю) Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.
(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді. Аттың дүбірі естіледі)
Патша: Let's go dance! (летс гөу данс) (би бейлейік)
(К.қыз кіреді)
Патша:
Бұл недеген бейбастық
Тағы қонақ келгенбе?
Танымайтын ханшайым
Қайдан келдің қайжақтан.?
Ханзада:
Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім.
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел бейлейік танысып.
(Ханзада мен күлше қыз билейді)
Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын.
К.қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын,
Бірақ та мен қала алмаймын.
(сағат тілі он екіні соғады)
К.қыз: Ханзада қош болыныз! Қош, бол!

1 ергежилі: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық
2 ергежилі: Аяз ата Ақшақар бізге қонақ болыңыздар!

Барлық оқушылыр:Аяз ата, Ақшақарды


1.бала (Асқан):
Аяз-ата аманба?
Аман болғың әмәнда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Жаңа жылға мың сәлем
Жасай берсін бұл әлем.
2.бала (Камила):
Алыс-алыс жерден келдің
Отырағой деміңдң ал
Өңкей бала төңірегің
Бізбен бірге әнге сал

3бала (Алишер):
Барымызды әнімізді
Аямайық сенен біз
Сынамашы ата бәрімізді
Бәрімізде өнерліміз
4 бала (Алтынбек):
Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай
Қашан мырза болады.
Жүргізуші: Балалар аяз атамен ақшақарға арнап ән айтайық.
Ән: «Аяз ата»
1 бала (Айбек) :Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді,
Аралап қайтайық
Ақ еүміс бақтарды.
2 бала (Айгерім):Шыңдарды, құздарды,
Шаңғымен сызалық.
Елемей ызғарды,
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.
3 бала(Жәнібек): Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
4бала (Ахат): Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
жаңа жылда келеді
бізге қарай жылыстап
Ақашақар: балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді.
Ойын:«Шар жару»
Аяз ата:
Қызық дәурен тез өтуде қарасам
Қыза берсін жаңа жылдық тамаша
1бала(Нұрсұлтан):Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып жылтыр болып жатады.
2бала (Нарғыз):Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып.
3бала (Ақзат):Кел бидейік сенімен
Дедім тартып жеңінен
Еріп кетпе ақша қар
Адамдардың демімен
Қаршақыз ():
Билейміз деп бұралып
Қыздар тұр міне сұранып
Би: қаршалар
Аяз ата:
Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін жұмбақ жасырсам шеше аласыңдарма?
Балалар: иа
Жұмбақтар:
1.Пісте, пісте көп пісте
Қызы жазы бір түсте.
2.Қыста жер бетін басады
Көктемде сайға қашады.
3. бетіңді шымшып алады
Терезеге өрнек салады.
Аяз ата:
Жүргізуші:
Қандай жақсы біздің аяз атамыз
Ол кеткенде терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
Ән: жаңа жыл
(балалар залдан билеп шығып кетеді)



© 2010-2022