Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: , «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз»

Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат,ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Әдісі: әдеби монтаж, әңгімелеу, өлең, көріністер

Сабақтың барысы:

Мұғалім : Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз
Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.! Сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып, қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келдi , ұлыс оң болсын , ақ мол болсын

1 Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда.

2. Жүргізуші: Осы тойға батасын берсін деп атамызды шақырған едік. Атамызға сөз берейік.

Ата: Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын,

Денсаулықтарың зор болсын!

Көйлектерің көк болсын

Қарыңдарың тоқ болсын

Қуаныш-шаттық көп болсын,

Келешегі елімнің,

Көкжиегі көгімнің,

Азамат боп саналы,

Биіктерден көрінсін! /Әмин/

1. Жүргізуші: Ұлы тойда әдемі

Әннен шашу шашайық

Ал, балалар кәделі

Наурыз жырға басайық

2 / Хор «Қазақы дастарқаным/

Тақпақтар оқылыды:

1.Бақтияр

Жаңғырған дәстүр салтымыз

Төгілген бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке наурыз жыл басы

2.Аслан

Бақта құстар сайрайды

Жайнап көктем нұрымен

Жаңа дәстүр жырымен

Ел Наурызды тойлайды

3.Хамза

Малдар төлдеп қой қоздап

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

.4.Карина : Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
5.Зара

6 Арпа, бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған

Наурыз көже-көп көже

Бұл тойдағы бас тағам

Аяна

7Құтты болсын Наурыз!

Сүтті болсын малымыз!

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға!

Мұстафа

8.Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып

Жадырайды күніміз

Диана

9. Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Достығымыз берік болсын!

Білім өнер серік болсын.!

Магамед

10.Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Бақ қарап, қыдыр дарысын!

Қайда барсаң жол болсын!

Карина

11. Жайдарымыз бәріміз

Дастарқанда дәміміз

Көжесі көп, қыры көк

Қандай жақсы Наурыз!

Айдана

12.Шуағын төге күлімдеп,

Жадырап, жайнап шықты күн

«Ұлыстың ұлы күні» -деп

Арқа да жарқа жұрт бүгін

Айбөпе

13. Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.

Аружан

14. Салт дәстүрмен жараса

Қайта құрып жаңаша

Жарысыса өнер көрсетіп

Той тойлайық тамаша

Дильназ

15. Ақ қар кетіп, қыс өтіп

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның ұлы кенелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!

1.жүргізуші: Уа, халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн- наурыз мейрамы.

Өнерлі балалардың өнерін тамашалайық.

1. Мектепалды даярылқ сыныбының орындауында

«Өлең »

2.Жаңғырар дәстүр -салтымыз

Төгілген бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке наурыз жыл басы -деп Наурыз тойында .«Құйрық бауыр»- дәстүрін тамашалайық.

қод«Құйрық бауыр»- ертеден келе жатқан салт-дәстүрлердің бірі. «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел бар . Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі, құжат болып бекітілген. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Күреңбел аулына да құдалар құда түсіп келіпті. Аружан мен Дильназ құдағилар жаңа құдаларына құйрық бауыр әкелді

Құда, құда дегізген ,

Құйрық бауыр жегізген,

Құйрық бауыр жемесең,

Несіне құда дейсің ау, әй.

Үлкен құда, бас құда,

Кіші құда, жас құда,

Құйрық бауыр әкелдім

, Ауызыңды аш, құда.

Үлкен құда ардақты ай,

Кіші құда салмақты ай,

Құйрық бауыр асатам,

Тістеп алма бармақты ай.

Үлкен құда әнекей ау

Кіші құда мінекей ау.

Құйрық бауыр асаттым,

Кәделерің кәнекей ау!

3. 2-сыныптың орындауында

«Қошақаным» өлеңін қабыл алыңыздар.

4. көрініс «Әжесімен немересі»

5. Жүргізуші: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойласақ халық тойы Наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін -

деп айтқандай, енді Мектепалды даярылқ сыныбының өнерлерін тамашалайық.

6 4-сыныптың орындауында «Испан биі»

7.. Мұстафаның орындауында « Балдырған » әнін тамашалайық.

8 1- 4-сыныптың орындауында «Наурыз думан»өлеңін қабыл алыңыздар.

Сіз боп, біз боп жалпымен

Қадірімен парқымен

Наурыз тойын өткердік

Ата дәстүр салтымен

Ән қосылсын әніңе

Сән қосылсын сәніңе

Ырысты боп Жаңа жыл

Бақ дарысын бәріңе

Ой қосылып ойыңа

Бой қосылып бойыңа

Аман-есен жетейік

Келер Наурыз тойына

Осымен біздің «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталады.

Сұрақтар :

  1. Ерулік беру дегенді қалай түсінесіздер?

Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрынан тұратындар ерулік береді . қонаққа шақырады.

  1. Құдайы қонақ дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

  1. Мәйек дегеніміз не?

Мәйек дегеніміз - жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

  1. Қымызмұрындық дегеніміз не ?

Қымызмұрындық дегеніміз - бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.

  1. Тоқымқағар дегеніміз не?

Тоқымқағар дегеніміз - жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқағар жасап, мал сойып үлкен кішіні қонақ етеді.

  1. Ең көп сақталатын ұлттық тағам түрі?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам -құрт

  1. Бастаңғы дегеніміз не?

Бастаңғы дегеніміз -үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ береді.

  1. Үш арсызды ата?

Үш арсыз- тамақ, ұйқы, күлкі

© 2010-2022