Ашық тәрбие сағаты Ана -аса қымбат жан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана-аса қымбат жан» Мақсаты : Оқушыларға 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Көрнекілігі : шарлар, нақыл сөздер, үнтаспа, «Ардақтайық ананы» Барысы : К і р і с п е. М ұ ғ а л і м : Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан асыл аналар, қызғалдақ қыздар бүгінгі өтілетін «Ана- аса қымбат жан» атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады. - Балалар бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? - Ол- біздің асыл анамыз. - Ананы қуанту үшін не істейміз? - Ананы құрметтеу керекпіз.
«Ана туралы монолог» /көру/ Мұғалім: Құтты болсын ардақты ана, Құтты болсын теңдік алған, Асыл анам мерекең. Қуанышты мерекең.
Өмірде өзгермейтін үш ақ зат бар, ол - ананың ақ сүті, күннің нұры және сәбидің күлкісі. 1 - оқушы Өмірдің иесі сен ғазиз ана, Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Келтірген дүниеге небір дана. Өмірдің алтын кілті сонда ғана. 2 - оқушы Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Ананың махаббаты кәусар бұлақ, Мәпелеп әлдилеген пейілің кең. Сенбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Мұғалім: Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтан ол - сәби үшін ең жылы ұя. Хор «Анашым». 3 - оқушы Ана десем шешек атып жанары, Ана деген тіршілікте пана боп, Өмірімнің бастау алар жақсы әні, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 4 - оқушы Бал бөбегін мақтаған, Аялайтын біздерді, Анам үшін мақтанам. Көп жасасын жақсы адам.

5 - оқушы Алтын анам жасымнан аялаған, Сабақтан шаршап үйге келгенімде, Мен үшін игілікті аямаған. Бал сөзі «жаным» деген сая маған. Мұғалім: АНА,АНА, АНА! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Хор: «Ақ мамам» 6 - оқушы Мамам менің ақ мамам, Әнін маған сақтаған. Балын маған сақтаған, Бәрін маған сақтаған.
7 - оқушы Жамандықтан сақтандырып, Ақ анамды мен әрқашан. Жақсы ісімді мақтан қылып, Жүрсем деймін шаттандырып. 8 - оқушы Халқымызға ең жақыны сіз ғой ана, Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ, Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. Теңесе алар бірақ нәрсе ол отан ғана. 9 - оқушы Әлпештеген аялаған, Сәлем жазып бүгін саған, Ақ сүт берген апатайым. Мейрамыңмен құттықтаймын. 10 - оқушы 11- оқушы Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана деген асыл жандар болаттай, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген мөлдір жандай бұлақтай. Ана деген бәйтерегі өмірдің, О, адамдар қадірлей біл ананы. Ана деген алтын қазық, алтын бақ. Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай. 12- оқушы Ана десем сезім билер тым ыстық, Бар адамға берсе ананың мейірін, Жарасымды адамдарға туыстық. Орнар еді бар әлемде тыныштық Хор «Жақсы көрем» 13 - оқушы Аналардың ақ сүтінен нәр алған, Сәби едік міне бүгін ер жеттік, Аналардың үмітінен жаралған. Жүректерде биік мақсат, бар арман. 14 - оқушы Кір түсірмей жағама, Тау қопарып тасты үгіп, Шашымды да тарайсың. Тұрғыздың сен не қала. Мектебіме барар да Саған қандай жақсылық, Мейірлене қарайсың. Жасай алам мен ана. 15- оқушы Алақаны ақ самал , Көкте күнім батса егер, Мәпелеген жан ана. Өзің күнсің балаңа. Мұғалім: Аналарымызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз, анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау, ешқашан ауырмасын деп тілейміз. Ән : «Ана туралы жыр» Орындайтын Ізімбай Арман 16-оқушы: Аналарды сүйеміз, Әжені де ардақтап. Ақылын ойға түйеміз. Әдеппен бас иеміз - дей келе оқушылардың тілегін қабыл алыңыздар. Оқушылар әжелерге арнап «Әжем менің» әнін орындап береді. Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын Ұзақ өмір жүз жасап Қабыл алшы анашым. Бақытты бол, анашым. Аналар мерекесінде аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған-анамыз емес пе?! Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін. Мерекені қарсы алып Гүл ұсынып қыздарға Мәз болғанда барша жұрт Сыйлық бердім мен өзім деп ақындарымыз жырлағандай қыздарымызды да құттықтап қоялық. /сыйлықтарын қыздарға ұсынады./ Қыздарға арнап ФЛЕШМОБ /орындайтын ер балалар/
Ана біздің күніміз, Ұландарды қуантып Ананың біз гүліміз. Ұзақ өмір сүріңіз. / Балалар хормен айтады./ Ағартпасын тентектер, бір ананың самайын, баланың да тірегі, дананың да тірегі , шаншымасын ешқашан аналардың жүрегі деп, балалар, аналарымызды ешқашан ренжітпейік. «Ғаламдағы асыл жандар аналарға арналады» атты ролик көру. Құрметті асыл аналар, сіздерге арналған «Ана- аса қымбат жан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Мұғалім сөзі : Құрметті аналар және ұстаздар, оқушылар біздің сыныптың аналарымен өткізілетін «Ал, қанеки , аналар!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысқа осы сыныптың оқушыларының аналары қатысады. Асылайын мойныңа, Шөлпілдетіп сүйейін, Еркелейін қойныңда. Аналардың тойында- деп Аналарымызды ортаға қошаметпен шақырамыз. Байқауымызды бастамас бұрын біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазы алқасын таныстырып өтейік. Ал қанеки ағайын, асқақ әнге салайын, Басы болсын бұл тойдың, шырқап әнге салайық - деп бүгінгі өтілетін «Ал, қанеки, аналар» сайысы жеті кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру 2. Қолдан жасаған бұйымдарын таныстыру, қорғау. 3.Өнерлерін көрсету. 4.Тағам түрлері, өз қолдарымен дайындалған 5.«Кім жылдам?» қағазбен орау. 6.Сұраққа жауап 7.Ананың балаға айтар жақсы сөздерін қағаз бетіне жазып көрсету
Аналар жетті келіп танысуға, Қызып келген қырандай керілтеді. Сыпырды томағасын осы дұға. Әдеппенен ізетпен танысуға - дей келе аналарымыз өздерін таныстырады яғни таныстыру кезеңі.
Шеберлерім өнер тамып қолынан, Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, Жаңылмаған ата-баба жолынан, Біз айтайық төрелігін соңынан- деп сайысқа қатысушы аналарымыз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырады. Қазақ жұрты киелі, Сізді сонша аңсап ел, Өнерліні сүйеді. Би билеп, ән салып бер - дей отырып сайысқа қатысушы аналарымыз өз өнерін көрсетеді. Ас қадірін білмеген аштан қалар, Ат қадірін білмеген жаяу қалар - демекші сайысқа қатысушы аналарымыз өз қолдарымен жасаған тағамдарын, әділқазы алқаларының алдына алып барады. Олар көріп әділ бағасын береді. Көрсетеді өнерді әр салада сайысып, Қағазды да ұқыпты әдемілеп бір орап, Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып Аналардың қолдары қимылдайды жылдамырақ дей келе «Кім жылдам?» кезеңінде аналарымызға берілген қағазбен 1минутта баласын орап бітіру керек. Қазағымның салт дәстүрін құрметтеп, Бабалардың салған жолын дәріптеп, Сайыскерлер жауап берсін сұраққа, Әрқашанда жүрейікші құрметтеп. Қатысушы аналарымыз әділқазы алқаларының алдында жатқан сұрақтарды алып жауаптарын дайындайды. Ана деген атыңды ардақтауға жарап біз, Қарлығаштай хатыңды бойтұмарға балаппыз. Сүттей аппақ пейілің ала жіптен аттамай, Бойға сіңіп мейірім, көріп өстік шет қақпай- деп аналарымыз 7 кезеңге де келіп жетті. Бұл кезеңде әрбір қатысушының қолына қағаз бен қалам беріледі. Аналарымыз балаларына арнап жақсы көретін көптеген сөздер жазады (айым, күнім, балапаным, жұлдызым, құндызым, қозым. т.б.). Көп сөз жазған ананың балдық саны да көбейеді. 1минут уақыт беріледі. Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Әділқазы алқасының шешімі дайын болғанша кезекті әнге береміз. Сайыс болған жерде жеңу бар және жеңілу бар. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі тойымыз да аяқталды. Сіздер бүгін аналарымыздың өнерлері мен шеберлігіне куә болдыңыздар. Аналарымыздың жүзінен күлкі кетпесін. Ардақты аналар, Мерекелеріңіз құтты болсын! Қорытынды сөз кезегін мектеп әкімшілігіне, қонақтарға береміз: 1. 2.

Өткізген: Есқалиева Рыс Қызылғұлқызы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

© 2010-2022