Урок на тему: Балықтар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Қарабау селосы,

Қарабау орта мектебі,

Нұршахан Балжан Есенжанқызы-ІІ санатты шағын орталық тәрбиешісі.

Сабақтың тақырыбы: Балықтар.

Мақсаты: Балық туралы түсінік беруді жалғастыру.

Білімділігі: Балықтар туралы түсініктерін кеңейту, балықтар және оның

тіршілігі туралы айтып беруге үйрету.

Дамытушылығы: Ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Кіріктірілген іс - әрекет түрлері: Бейнелеу.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, дидактикалық ойын, «Ой - қозғау»

Көрнекілігі: Балықтардың суреттері,үнтаспа,бетперделер.

І.Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері.

«Балық саусақ» ойыны.

Шеңберде,ортада тұрған балалар қимыл - қозғалыстарын шеңбер бойымен жасайды. Ойынды 1 - 2 рет ойнауға болады. (үнтаспадан теңіздің толқыған дыбысын қоюға болады).

ІІ. Жаңа сабақ.

Тәрбиеші балалардың назарын орамалмен жабылып тұрған затқа аударады. Үнтаспадан әуен ойналады.

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі орамал?

Қане,ашып көрейікші орамалды ашқанда ішінен «үлкен», «орташа», «кіші» ойыншық балықтарды көреді.

Тәрбиеші балықтардың көлеміне,әр балықтың басы, аузы,денесі,көзі,құйрығы,

қабыршақтары бар екенін тоқталып өтеді.олар қайда тіршілік ететіні жайлы айтады.

ІІІ. Тынығу сәті: «Қорбаңдаған аю»

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп - теріп алайық.,

Қалтамызға салайық.

ІV. Жұмбақ шешу.

Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі.(балық)

V. Шығармашылық жұмыс:

Тақырыбы: «Балық»

Үлгіге қарап қарындашпен балықтың суретін салу.

VI. «Ой қозғау» әдісі.

  1. Балық қайда тіршілік етеді? (суда тіршілік етеді).

  2. Балықтар жүзу үшін не көмектеседі? (құйрығы,қанаты)

  3. Олар немен және қалай қоректенеді? (жемнен,құрттармен)

  4. Өзендегі балықты аулағанда суға не салады?(қармақ,ау)

VII. Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Тәрбиеші үстел үстіне ойыншық балықтармен бірге,балапан,доп. т.б. ойыншықтарды қояды.Балалар не артық екенін тауып айтады.Дұрыс тапқан балаға «Алтын балық» белгісі беріледі.

VIII. Сабақты қорытындылау. «Біз не білдік?»

  1. Балықтар суда тіршілік етеді.

  2. Балықтар үлкен және кіші болады.

  3. Шабақ,сазан,шортан балықтардың аттарын.

  4. Балықты ұстайтын адамды балықшы деп атайды.

ІХ. Мадақтау.



© 2010-2022