Ана тілі сабағы 1 сынып Қыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі сабағы 1 сынып Қыс

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бірлестік:

бастауыш сынып мұғалімдері

Мұғалім: Жакишева С.В.

Пәні: ана тілі

Тақырыбы: Ж. Аймауытов Қыс.

«Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп» тарауы бойынша 6 сағаттың №6 сабағы.

Өткізілетін күні: 16 қаңтар.

Сыныбы: 1 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

  • қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсінеді;

  • сөйлемдердің бас әріптен басталып жазылатынын ажырата біледі;

  • дыбыс пен әріптің айырмашылығы қайталанып, дыбыс туралы алған білімдері пысықталады.





Дамытушылық:


  • өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;

  • Венн диаграммасы әдісін, суреттерді пайдалана отырып оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа

деген ынтасы, қызығушылықтарын арттырады;

  • сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ;

  • сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын

дамытады.





Тәрбиелік:


  • тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа,

байқампаздыққа, көркем жазуға;

  • табиғатты қорғауға, қамқор болуға;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;

  • бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.

Пәнаралық байланыс:

әдебиеттік оқу, қазақ тілі

дүниетану.

Сабақтың түрі:

7 модульге негізделген жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.

өздігінен жұмыс;

3.

топпен жұмыс;

5.

«Ыстық орындық»;

2.

жұппен жұмыс;

4.

сыныппен жұмыс;

6.

«Венн диаграммасы».





Сілтеме:

  • «Ана тілі» оқулығы , Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл

  • Әдістемелік құрал, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2012 жыл

  • Дидактикалық материалдар, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, ???М.Қ.Солтанғазина, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Электронды оқулық.





Көрнекіліктері:

  • интерактивті тақта;

  • әріптер;

  • А-4 қағаздары;

  • электронды оқулық;

  • суреттер;

  • маркерлер;

  • бейнетаспа;

  • түрлі түсті борлар;

  • постерлер;

  • Ананың суреті;

  • стикерлер;

  • ватман.













Күтілетін нәтиже:

1.

Сауат ашу пәнінен алған білімдерін еске түсіреді;

2.

әңгімелеу туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;

3.

Сөйлеу не үшін қажет екенін үйренеді;

4.

дыбыстарды өзара ажырата біледі;

5.

дауысты жуан және жіңішке дыбыстарды өзара ажырата біледі;

6.

сөздік қорларын байытады;

7.

дыбыстық талдау жасауға;

8.

жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;

9.

туған жерге, өз тіліне сүйіспеншілігі дамиды ;

10.

еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

11.

сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;

12.

өз ойларын ортаға сала білуге ;

13.

бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ шешімге келуге үйренеді;

14.

өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;

15.

сыни ойлауға үйренеді.









Бағалау:






Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Оқушылар бір бірін бағалап, бағалау парағын толтырады.

Қолдарына қызыл, жасыл, сары бағдаршам көздерін көрсетеді. Оқушылардың қолында қызыл, сары болса топ басшысы түсінбеген жерлерін түсіндіреді.


Топ мүшелерін топ басшысы бағалайды.

Бағдаршам


Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Қызыл түс - түсінгенжоқпын;

Сары түс - әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасыл түс - барлығы түсінікті.

Үй жұмысына нұсқаулық:

7-8-бет. Қыс өлеңін жаттау.

12-жаттығу.

Сабақтың барысы:

Дағ

ды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін

нәтиже.


1. Қызығушылығын ояту. Балаларды дөңгеленте тұрғызу. -Балалармен амандасу. Сергілту сәті Қаражорға биі -Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?

Балалардан көңіл-күйлерін сұрау. Оқушыларды топтарға бөлу.

І-топ - «Білімді»

ІІ-топ - «Талапты»

ІІІ-топ - «Ойшыл»

ІV-топ - «Тапқыр»

V-топ - «Дарынды»

VI-топ - «Жүйрік»

-Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады? -Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?

Балалар дөңгелене тұрды.

Амандасты.

Сергілту сәтін жасау, денелерін шынықтыру.

Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтты.

Балалардың жауаптары тыңдалады

Үйге: Қ. Сыдықов «Айнала күміс қар» өлеңін жаттқа айту.

Жаттаған өлең шумақтарын айтады.

Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру арқылы сабаққа назар аударады. Белсенділік қабілетін артады

Б

І

Л

І

М

Ж. Аймауытов Қыс

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон кидік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта, тұман бар...

Қылаулатқан қырау бар

Қиы қатқан бұзау бар...

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік, білелік.

Оқушылар өлеңді тыңдайды, қардың қалай жауатынын талдайды. Түсініксіз сөздерді жазады. Қыстың суығына қарамай сабаққа келіп білім алу керек екенін айтады. Адамдар жылы тон киеді.

Негізгі біліммен танысады.

Білімдері жетіледі, ойлау қабілеттері дамиды.

Т

Ү

С

І

Н

У

Жетекші сұрақтар арқылы оқушыларды әңгімеге тарту.

Боран сөзінде неше әріп неше дыбыс бар?

  • Дыбыс деген не?

  • Әріп деген не?

  • Дыбыстың қандай пайдасы бар?


  • Әріптің қандай пайдасы бар?


  • Дыбыстар неше топқа бөлінеді?


  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

Сергілту сәті

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, ойлары мен білетіндерін айтады.

5- әріп, 5- дыбыс

  • Дыбысты біз естиміз, айтамыз.

  • Әріпті біз жазамыз, көреміз,

  • Әндерді, музыканы, құстар, жануарлар, табиғыттың дыбыстарын естиміз, ауызекі сөйлейміз.

  • Кітаптарды, журналдарды оқимыз, хат,

смс жазамыз, интернет пайдаланамыз.

  • Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

  • Дауысты дыбыстар әндетіп, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар кедергіден және шудан тұрады.

  • Оқушылар жаттығу жасап, денелерін шынықтырады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,түсінеді.

Жаңа білімдермен танысады.

Қ

О

Л

Д

А

Н

У

10- жаттығу.

1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2. Қара әріппен жазылған сөздің жазылуын біліп алыңдар.

Бұл сөзде неше дыбыс бар?

Балалар аулаға жиналды. Екі топқа бөлінді. Олар хоккей ойнады. Бірінші топ жеңіске жетті.

Хоккей- 6 әріп, 6- дыбыс бар.

Оқушылар білетін білімін пайдалана отырып тапсырмаларға жауап береді. Білімін өмірде қолдануға үйренеді.

Т

А

Л

Д

А

У

Қыс мезгілі мен көктем мезгілінің айырмашылықтарын жазу.

Оқушылар ойларын жеке жазып, топта талқылайды.

Топ атынан біреуі қорғайды.

топтарда бірлесе талдай отырып ойларын қорғай білу қабілеті қалыптасады.

Ж

И

Н

А

Қ

Т

А

У

Тақтаға ілінген плакат.

Не?

Қандай?

Қайтеді?

Не?

Шығармашылық жұмыс

Топта қыс мезгілінің суретін салу.

Оқушылар түгел қатыса отырып бес жолды өлең құрайды.

Не? Боран

Қандай? Ақ

Қайтеді? Соғады, қар болады.

Не ? Қыс

Боран ақ. Соғады, қар болады. Ол қыс мезгіліне жатады.

Оқушылар өздерінің қиялдарын салып,қорғайды.

Өздері білетін заттың жаңа қырларын іздейді және қиялдай отырып, жаңа нәрсе жасауға үйренеді.

Оқушының қиялы артады.

Б

А

Ғ

А

Л

А

У

«Қыс» өлеңіне қандай баға бересіңдер?

Өлең ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

Қарға сипаттама беріңдер.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, көздеріне елестету арқылы қарды сипаттайды.

Өзері оқыған материалдағы айтылмаған ойларды іздеуге,шығарма

Шылық жұмысқа ұмтылады. Ізденімпаздыққа баулу.



© 2010-2022