Біз мектепке барамыз (0 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз!»

Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

Жүргізуші: Өтті міне көп күндер,

Жетті жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл -ойларың,

Құтты болсын тойларың!

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі мерекеміз мектепке дейінгі дайындық топ балаларын мектепке шығарып салу мерекесіне арналады. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан бір жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырған еді. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып,бойлары да ойлары да өсіп, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балалаға «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын» -дей отырып , « Біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Бала деген шіркін- ай балдай екен,

Тәттілігі жаямен жалдай екен.

Арып, ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай балаларымыздың бал тіліне құлақ салайық.

Арай: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бақшаменен қоштасу тойымызға.

Мира:Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жұздерінен мейіріммен нұр толар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Ерден: Талай - талай баспалдақты аттармыз,

Ата- ананың үмітінде ақтармыз,

Тәрбиеші сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бойы сақтармыз.

Орынғали: Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп жанмыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Нұрмұхаммед:Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс,

Ұстазымыз алғашқы.

(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.

- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремім.

І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан

ІІІ тапсырма Математика сабағынан.

ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

І тапсырма

- Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?

«Біздің Қазақстан», «Отан» .

- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның туы», «Гимн».

Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р

ІІ тапсырма

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

Дауыссыз дыбыстарды ше?

Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айан, Айша, Айбар, Айдана)

Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)

Тақтаға өз атын кім жазып береді?

Жаңылтпаштар кім айтады?

ІҮ тапсырма

Жаңылтпаштар кім айтады?

Мақал- мәтелдер кім айтады?

5- тік: Балалар, мен сендерге келешек достарың мен таныстырамын.

Әліппе: Менің атым әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те!

Балалар мен сендерге риза болып тұрмын. Бір жылдың ішінде көптеген білім алыпсыңдар , апайларыңызға , ата-аналарға рахмет. Мен сендермен 1-сыныптан бастап дос болып жаныңызда боламын. Ол үшін балалар тек оқып, білім алуларың керек. Жүргізуші: Өлең айтып би билер Тойларына балалар Бағалаймыз еңбегін Аман болсын аналар! Қандай бала болмайық Анамызға дәріміз Көтерсеңші көңілін Ән салайық, би билейік бәріміз-деп 0 «Г» сыныбының орындауында «Әліппе» әні.

Хор: «Әліппе»

Жүргізуші: Сөйлейді олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ, жырларды- деп келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарын тамашалайық.

Әселя: Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегін

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Дәулет: Бйыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын кітап дәптерім.

А.Айдана: Шықтық міне хат танып,

Жырын елдің жаттадық.

Ұстазымның еңбегі ,

Жатса екен ақталып.

Асланбек: Құштар болып білімге,

Біз өрлейміз түбінде.

Бақшамызды тәмәмдап

Алға кеттік бүгінде.

Тұмар: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз - бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Жүргізуші:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен -деп ортамызға 0 «Г» оқушыларының орындауында бюиді тамашалаңыз.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші:
Балалар бойымызды бір серпілтіп сендермен ойын ойнаймыз.Бізге 10 бала керек.

Ойын: «Тез тұратын сандар».

Шарты: Балалар казір партаның үстіне 1-ден, 10 -ға дейін сандарды араластырып тастаймын.Сендер әрқайсысымыз бір саннан алып, музыка тоқтағаннан кейін,1-ден 10-ға дейін ретімен тұруларың керек.

Жүргізуші: Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың, бізге енді,

Айтып берер санамақ.

Динара: Бір дегенім- Білім,

Білім- жарық күнің.

Құрманбек: Екі дегенім- еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Индира: Үш дегенім- үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

Азамат:Төрт дегенім -талап,

Талмайтұғын қанат.

Аселя: Бес дегенім- бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

Нұрғазы. Алты дегенім- арман,

Атар таңын алдан.

Тұмар: Жеті дегенім- жігер,

Жеңер жолын білер.

Нұрмқхаммед:Сегіз дегенім- сенім,

Сүйенішің сенің.

Ерден: Тоғыз дегенім- талғам,

Тура жолға салған.

Жасұлан:Он дегенім- Отан,

Отанды сүй, ботам.

Жүргізуші: Өмірде ана- бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана- дей келе келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Серік: Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз..

Дана: Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз.

Мақсат: Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.

Ермамбет: Доспен тату ойнауды.

Мерекені тойлауды.

Бойымызға сіңірген,

Көптің қамын ойлауды,

Тәрбиеші мұғалім.

Индира: Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер қаламын.

Таңқалдырып достарымды,

Мен мектепке барамын

Динара: Мектепке енді бармыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Келең бестік аламыз

Жүргізуші: Әсем әнмен арайлап таң атады,
Бар жүрекке нұрын құйып жатады.
Мерекеге арналған әсем әнмен,-депқ қарсы алайық, ортада 0 «Г » сыныбының орындауындағы «Үйретеді » әнімен

Хор: «Үйретеді»

Жүргізуші: Ал келесі кезекте балаларымздың тақпақтарын тыңдайық.

Дінмұхаммед: Мектебім менің байтағым,

Күліп -ойнап қайтамын.

Ән саламын,би билеп,

Тақпақты да айтамын.

Абылай: Әжең-асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның.

Сен- бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Динара: Мектепке енді бармыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Келең бестік аламыз.

Нұрғазы:Қазақстан- ортақ үйіміз,

Тілейміз- бейбіт күн.

Сары, ақпыз, қарамыз.

Бәрімізде баламыз,

Бір ауылда тұрамыз.

Жүргізуші: Шыр көбелек билейтін,

Мақтануды сүймейтін.

Мың бұралып билейтін,

Бәрі бізден табылар.-дей келе ортамызға 0 «г» сыныбының биші ұл-қыздарын шақырайық.

Би: «Вальс»

Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Бүгінгі мерекеге арналған балалардың
Қол соғып қарсы алайық тақпақтарын-дей келе келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық..

Рамазан: Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз білім аламыз.

Қашықта болса арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

Ж.Айдана: Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып үйреткен.

Таныстырған ең алғаш,

Әріптермен, суретпен-

Тәрбиеші мұғалім.

Ералы: Анаң- күнің, жүрегің,

Әкең- өмір тірегің.

Сен- бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Асқар: Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Билеп-билеп береміз.

Жүргізуші: - Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді. Анашым, ортамызға келсең күліп, Болады Алатаудай еңсем биік. Мен сенің қарызыңды өтеймін бе?

Әлемнің жақсылығын, берсем жиып- деп, орталарыңыздан төрт анадан ортаға шығып сайысқа түседі.
Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Ортада музыка ойналып тұрады.Үш орындық тұрады. Ата-аналар өз балаларымен ортада билеп жүреді,музыка тоқтағанда отырып үлгеру керек.

Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Құрманбек: Бұл- құшағы тым ыстық,

Мектебіміз бастапқы.

Мұнда жақын туыстық,

Мұнда тұңғыш дос таптық.

Азамат: Тәрбие берген ұямыз.

Тәртәпті бала боламыз.

Қоштасып даярлық топпенен,

Біріншіге барамыз.

Жасұлан: Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топ қош енді.

Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жансалады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда.

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады- деп Шерали Мираның орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

Қортынды:

Жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей

- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз.

Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алыңдар
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілей отырып, Құрметті ата- аналар,ұстаздар осымен бүгінгі «Біз мектепке барамыз»- атты ертеңгілігімізді аяқталды.


Жүргізуші: Диолог «Кітап»

Иманқыдыр: Міне менің кітабым.

Ерлан: : Міне менің кітабым.

Иманқыдыр: Ешқандайда кірі жоқ.

Ерлан: Жыртылмаған жері жоқ.

Иманқыдыр:Кітабымды әрдайым тап-таза сақтайымда жүремін.

Ерлан: Осылай жыртамда жүрем.

Иманқыдыр: Бірінші сыныпқа өткенде бөпем Айгулге берем.

Ерлан: Бірінші сыныпқа қткенде мен кімге берсем екен. Бүгінне бастап кітабымды таза ұстаймын. Менде бөпеме беремін.

Ақниет: Кітап

Жүргізуші: Тақпақтарға кезек берейік.



.


© 2010-2022