Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Спорт - денсаулық кепілі Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту. Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік дұрыс жалғануын бақылау) Тәрбиелілік: «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: тіл дамыту Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: - сергіту сәті: Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік. - топқа бөлу: Боялған доптар арқылы екі топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту. Денсаулыққа байланысты мақал- мәтелдер дайындап келу.Сан есімдерді қайталау. Екі топ бір- бірін тыңдайды. ІІІ. Жаңа сабақ Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт - денсаулық кепілі» Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт- денсаулық кепілі.». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
- сөздікпен жұмыс: спорт- спорт, денсаулық- здоровье, кепілі- залог, спортпен шынығу- заниматься спортом, жүгіру- бегать, секіру- прыгать, спорт үйірмесі- спортивный кружок, жаттығу- зарядка, пайдалы- полезный. 3. жаңа сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру. 4.Көп нүктенің орынына тиісті -ншы, -нші, -інші,- ыншы жұрнақтары нқойып жазыңдар. Дима допты қақпаға бір... болып соқты. Бұл соққы екі... айналымда болды. Алты... нөмірлі ойыншы жақсы қорғаушы бола алды. Бұл ойыншылар жеті... сынып оқушылары. Ал қарсыластары сегіз... сынып оқушылары еді. - балалар бұл жұрнақтар туралы не білесің дер? 6. Мәтінмен жұмыс. - Балалар сендерге бүгін арнайы сәлем хат келіпті, соны ашып оқып көрейік. Сәлем хат! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым - Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым Төлеген ағай. Мен Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен айналысқаның дұрыс. - мәтінді аудару. Қай топ бірінші болып аударады? 7-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер. пайдалы Упражнение секіреміз Полезно жүгіреміз Прыгаем жаттығамыз Катаься на коньках коньки тебу Занимаюсь айналысамын Бегаем намысын қорғаймын Защищаю честь былғары қолғап Спортивный 8-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөз тіркестерін құрастырыңдар. (тақтада сурет беріледі).
10-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.
СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС Мен спортпен айналыспаймын

Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.

Мен жарысқа қатыспаймын

Мен шетелге жарысқа бардым.

Мен Қазақстан намысын қорғаймын

Спорт адамға пайдалы


11-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, спортқа байланысты сөздердің астын сызыңдар. (түртіп алу) Мысалы: Оның аты- Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол велосипед спортымен де айналысады. Ол спорт үйірмесінде жүгіреді, секіреді, жаттығады. Оның жаттықтырушысы Төлеген ағай. Ол шаңғымен сырғанаудан Қарағанды қаласында жарысқа барды. Ол екінші орын алды. Ол болашақта Қазақстан намысын қорғайды. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс. - мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру. Рефлексия: балалар өз ұсыныстарын жазып жапсырады. Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында шағын әңгіме жазу.















Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»


Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»Әдістемелік құрал «Спорт – денсаулық кепілі»

© 2010-2022