Тәрбие сағаты. Кітап-білімнің көзі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Кітап - білімнің көзі

Мақсаты:
Кітап жайлы мәліметпен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, күтіп ұстауға баулу.


Ақпараттың құрал: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Слайд)
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

(Мұзафар Әлімбаев)

Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - білімнің көзі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


ІІ.Кіріспе. (Слайд)

Кітап туралы не білеміз?
Кітап - араб сөзі, "жазба", ал түрікше "дәптер", мерзімді баспасөз басылымы" деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап - араб сөзі, "жазба", ал түрікше "дәптер","мерзімді баспасөз басылымы"деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.
"Папирус" кітабы.
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап "Папирус"деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
" Пергамент" кітабы.
Кітап басу цехы.
Түптеу цехы.


ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

Білім көзі - кітап.

Кітапты жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап неден шығатынын білесіңдер ме? (Ағаштан)
Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

ІҮ. Пікірлерімен алмасу:
Кітапты қалай ұстау керек екен?

Ұқыпты баланың кітабы: ..................................

Жалқау баланың кітабы: ...................................

Ү. Мақал-мәтелмен жұмыс:

Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

1. Кітап - таусылмайтын байлық.

2. Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

3. Кітап - алтын қазына.

4. Өнерліге нұр жауар.

5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім - жанып жатқан шырақ.

Жалғастыр:
1. Оқусыз білім ... ,

Білімсіз күнің ... .
2. Білім тозбайды,

Ақыл .... .
3. Еңбектің наны ..... ,
Жалқаудың жаны ..... .
4. Білекті бірді жығады,

..................
5. Оқу білім бұлағы,

....................

ҮІ. Қорытынды:

Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыту.


Балалар бүгінгі тәрбие сағатында не туралы әңгімелестік?

Кітап балаларға білім беруде, жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білімнің көзі» деп бекер айтылмаған.

Балалар, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен.

Жадыңда ұста:

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!







© 2010-2022