Ашық сабақ. 2 сынып. Ана тілі. Алатау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Алатау. Ж.Жабаев

Сабақтың мақсаты:
Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін өту барысында оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып, ақын суреттеген «Алатау» табиғатын сезіне білуді, мәнерлеп оқу дағдысын, сөздік қорын дамытуды, шығармашылық қиялын ұштауды, бірлесіп жұмыс істеу арқылы өз пікірін білдіріп, өзгенің ойын тыңдау арқылы табиғат сұлулығын сүйсініп, оған қамқорлық жасауға баулу.Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Туған өлке табиғатын қастерлеу тақырыбы арқылы жерін,елін сүю,құрметтеуге,қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың әдістері: әңгімелеу,талдау,жинақтау
Сабақтың құралы мен көрнекілігі: слайд -презентация, карточкалар, суреттер, интерактивтік құрал-жабдық.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері:
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Ортада ұстаз.
Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік, Достар бірге!
-оқушыларды сабаққа педагогикалық-психологиялық тұрғыда дайындау жұмысы. Сабақтың мақсатын хабарлау.
2.Білімді жүйелі қайталау.
3. Армандайық:
- Қанеки,барлығымыз дөңгеленіп отырайықшы, көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы... Өзімізді табиғат қойнауында жүргендей елестетейікші...Музыка.

Мұғалім: Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым .

4.Сабақтың кілтін табайық.
-Балалар, осы мәтінді тыңдап отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?

- «Алатау» деп сабақтың тақырыбын-кілтін шығарып аламыз да тақтаға ілеміз.

5.Топта жұмыс жасаймыз. -Оқушылар топ бойынша отырады. Топ жетекшілері сайланады.

Сөзжұмбақ шешу «Табиғат»

«Орман,жануар,адам,ауа,өзен,жер,су» деген атаулар бір сөзбен қалай аталады?


6. Барлық білім - кітапта. Оқулықпен жұмыс. Жамбыл Жабаев.
- Балалар, біз бүгін Жамбыл атамыздың өлеңімен танысамыз.
Өлең « Алатау» деп аталады.


Мұғалімді тыңдаймыз.
1) Мұғалімнің автор туралы мәліметтер оқуынан басталады. Жамбыл Жабаев 1845 жылы туылған, 1945 жылы қайтыс болды. Ж.Жабаев ірі халық ақыны, айтыскер ақын , оны жыр алыбы Жамбыл ата атап кеткен. Жамбыл ата Қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.

Кестені де құрамыз.Мұғалімнің оқығаны бойыншаша әр топ кестені толтырып шығады және өздерінің қосымша ақпараттарын да қосады.

2) Хронологиялық кесте
Автор Туған жылы Туған жері Қызметі

Жамбыл-жыр алыбы. Атақты Сүйінбай Аронұлынан бата алған айтыскер ақын екні ереше атап өтіледі.
Әр топ жұмысын тақтада салыстырады.



3) Біздің Республикамызда Мұғалжар, Алтай, Көкшетау,Ұлытау сияқты таулар бар. Солардың ішіндегі ең ірісі- Алатау.Еліміздің оңтүстік шығысында.Тау етегінде Алматы қаласы орналасқан, «Медеу» мұз айдыны бар.Тау іші нулы,орман тоғайлы болып келеді.Таудан аққан су өте мөлдір және екпіні қатты болады.Өзен жағалауларында түрлі жеміс ағаштары өседі.Тау басында қысы-жазы қар жатады.Алатауда әр түрлі аң-құс мекендейді.Осындай сұлу көріністер ақын өлеңіне арқау болып,сүйіспеншілікпен жырланады.

Өлеңді оқу
-Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы.
-Оқушылардың тізбектеп оқуы.

Сөздік жұмыс: ну-қалың, мұнар-бұлыңғыр, кептес-тілдесу,сөйлесу.

Парақшалармен жұмыс

Өлеңді идеясы бойынша талдау

Тақтада 1-топ: Ақын таулардан аққан судықалай суреттейді?

(Дариядай көресің аққан судың тамашасын)

2-топ: Ақын тау етегіндегі жемістерді қалай жырлайды?

(Қазынасы көп тіл жетпейтін

бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін)

3- топ: таудың биіктігі туралы айтылған жолдарды оқығанда қандай сурет көз алдыңа келеді . Өлеңнің екі жолын оқы.тулаған не? балық қайтеді?

«Әсем сөз әдемі». Өлең құрастыру.

7) «Балғын суретші»
Сурет конкурсы. Музыкамен сурет салу , оны мәтінмен қорғау.
Алатау баурайында. Әр топ суретін 1-2 мин ішінде салып, көркем сөз түрінде қорғауы тиіс .
Диагностика жасайық
8. Қорытынды. Диагностикалық карта .


Ой тұжырым беріледі. Иә, жоқ деген пікір білдіреді.(- +)

1. Алатаудың басында үнемі қар жатады.
2. Алатаудың қары көктемде ериді.
3. Алатаудың етегінде Алматы орналасқан
4. Жамбыл ата-Жыр алыбы.
5.Арыстан,аю,қасқыр,түлкі,борсық,сілеусін,жолбарыстар тауда да өмір сүреді.
6.Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді.
7.Таулар өзендер,аңдар ,құстар, адамдар тірі табиғатқа жатады.-деп қорытынды жасалады.

8. Жамбыл ата 1845 жылы туды.
9. Жамбыл - таудың атауы.
10. Жамбыл ата -1 ғасыр өмір сүрген дана ақын.
Диагностика қорытындысы бойынша «Жамбыл ата кім?» деген сұраққа жауапты оқушылар өз сөздерімен айтып өтеді.
Сергіту сәті: Алатау өлеңі
8.Жүректен жүрекке шеңберін құру.
А) Табиғатты қорғау туралы пікірлерін білдіру.
Табиғат - ол алтын бесік
Ә) Әр топ өз-өздерін бағалайды, бір-бірлерін бағалайды, қорытынды пікір жасалады.
9. Үйде білім алайық: Өлеңді жаттау.

Өз ауылыңның табиғатын қалай қорғап,аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.

№4 тапсырма сызбаны толтыру.



© 2010-2022