Сауат ашу пәнінен Ұ дыбысы және әрпі (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұ ұ» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушыларды «Ұұ» әрпінің таңбасымен таныстыру,баспаша, жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып,буын,сөз,сөйлем құрату.

Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорын молайту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:сауаттылыққа үйрету,сөйлем құрау,сурет бойынша әңгіме құрау,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:ойын сабақ.

Сабақтың әдісі:ой қозғау,топтастыру,тізбектей оқу,ойын,шығармашылық тапсырма,сурет арқылы сөйлем құрау, сергіту сәті.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,буындар,мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,жұмбақ жасыру.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Өтілген әріпті пысықтау

-«Ж» дыбысынан келетін сөздер айту

-«Ж»дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу:жа-ға, жа-са, жа-лау, жан-тақ,жу-сан.

Сурет бойынша жұмыс. Қаз, пияз, жүзім, қызыл алма.

Мысалы: Апам базардан қызыл алма сатып алды.

Жаңа сабақ.

«Ұ» дыбысының баспа,жазба түрлерімен таныстыру.

Ұ -шақ, ұш - қыш, ұ - я, ұ - зарт - қыш, ұ -лу, ұн,ұ -лар, ұл - та - рақ.

Дыбыстық талдау жасау: жұлдыздар,ұшақ,тікұшақ,ұшқыш,ғарыш,ғарышкер.

Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық тапсырма

АНА (АЙДАНА НАН АЛДЫ)

ЖАРҒАНАТ (АР - АРА - АҒА - ЖАР - АНА - АТА - АТ)

ҚЫЗЫЛ АЛМА (ӘКЕМ БАЗАРДАН ҚЫЗЫЛ АЛМА САТЫП АЛДЫ)

Сергіту сәті

Балалар 2 қолына 2 қалам алып, сол қолды дамыту жаттығуын орындаймыз. Нүктеден төмен түсіріп үшбұрыш салу оның ішіне дөңгелек салдыру. 1 минутта нешеуін сала алатынын бақылау. Мұның мақсаты оқушылардың икемділігін,ойлау қабілетін, жылдамдығын арттыру. Тек қана оң қолмен емес және сол қолымызбен жұмыс жасай білу керек, организімге өте пайдалы екенін ұғындыру.

Оқулықтағы «Құстар» мәтінін талдап,оқушыларды өз сөздерімен әңгімелету.

Дәптермен жұмыс. «Ұ ұ» дыбысының жазу ерекшелігімен таныстырып, жазуға жаттықтыру жұмысын жүргізу.

Бұ - лақ - құ - лақ, ұ - ран - ұ - лан, дұ - рыс - бұ - рыс, құ - лын - құ - рық, ұ - шақ - құ - шақ, құр - дас - құр - бақа.

«Үй құстары» суреті бойынша әңгіме құрастыру.

«Ұ ұ» дыбысына сөздер құрату: ұн - ұнтақ, ұт - ұтқыр.

Сабақты бекіту.

К

К

Қ

Р

Ш

М

Ш

Қ

Қ

А

Л

Ғ

Ш



Сурет бойынша сөздерді құрап, ауызша оқыту.

Сабақ қорытындыланып, оқушылардың білімі бағаланады.

Үй тапсырмасы беріледі.



© 2010-2022