Родительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөлі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Талғар ауданы «МЖДШО» бар № 17 жалпы білім беретін мектеп









Ата-аналар жиналысы

«Сабақта алған бағаның рөлі»

Родительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөлі













Бастауыш сынып мұғалімі: Н. И. Жубанышева Ата -аналар жиналысы Тақырыбы: Сабақта алған бағаның рөлі

Түсініктеме: Ұсынылған жұмыс ата-аналарды баланың өміріндегі сабақта алған бағаның рөлімен таныстырады. Ата-аналарға кеңес беріледі. Балалар мен ата-аналарға анкеталар ұсынылған..

Мақсаты: ата-аналарды сабақта алған бағаның рөлімен таныстыру.
Міндеттері:
1. Ата-аналарға баланың өміріндегі сабақта алған бағаның рөлінің әсерін көрсету.
2. Ата-ананың баланың білімділік қабілеттерін қалыптастыруға мәдениетті тәрбиелеуге шақыру.
Жиналыс түрі: ата-аналық педагогикалық тренинг.

Ата-аналарға арналған анкета.
Анкета №1
1 Мен білемін, мектептегі баға -ол …
2 Мен балама айтамын, мектептегі баға -ол …
3Балам мектепке бара жатқанда, мен одан сұраймын,…
4 Балам мектепке бара жатқанда, мен одан талап етемін …
5 Балам мектепке бара жатқанда, мен оған тілеймін …
6 Балам жақсы баға алса, мен …
7 Балам нашар баға алса, мен …

Анкета №2
Балаңызбен бірге оның оқудағы үлгерімі туралы айтылғанда жиі қай сөйлемді қолданасыз? Белгілеуіңізді сұраймын.
- Бүгін қандай баға алдың?
- Қамықпа, ешнәрсе етпейді, біздің оқып жөндеуге уақытымыз бар.
-Мен солай болатынын білгенмін. Кімге ұқсағансың өзің! Өзіміз кезінде оқитын едік!
- Көзіме көрінбей бөлмеңе бар!
- Сен ақылдысың ғой! Мұғалім келесі жолы да сенің құлшынысыңды байқайды.
- Саған қанша түсіндіруге болады?
- Саған менің көмегім қажет пе, әлде, өзің өз бетінше орындайсың ба?
- Сенен де жақсы баға алған оқушылар бар ма? - Отыр! Және бір рет оқы, сосын мен тексеремін!
- Кәнеки, қай тақырыпты түсінбедің, түсінбеген жеріңді екеуміз бірге түсініп көрейік.
- Білесің бе, мен де сендей кезімде осы тақырыпты түсінбейтінмін.
- Кәнеки, тақырыпты тағы бір оқып көрейік , көмегі болар.
- Міне осылай үш , екі алып жүре бер.
- Әкең келсін осыдан! Екі алған үшін таяқ жейсін!
- Мен қалай оқыдым. Ал сен ше?

• Оқушыларға арналған анкета
1 Егер де мен жақсы баға алсам, …-----------------------------------------------------------------------------------
2 Егер де мен нашар баға алсам, .-----------------------------------------------------------------------------------.
3 Менің ата-аналарым сен оқи аласың дейді --------------------------------------------------------------------..
4 Менің ата-аналарым сен оқи алмайсың дейді -----------------------------------------------------------------.
5 Егер де мен «5» алсам, ата-аналарым маған ---------------------------------------------------------------…
6 Егер де мен үй тапсырмасын түсінбесем, ата-аналарым маған --------------------------------------…
7 Егер де мен ата-аналарыма көмектесуін сұрасам, олар ----------------------------------------------…
8 Ата-аналарым менің (қандай болғаныңды қалайды)-------------------------------------------------------

• Ф.П. Решетниковтың «Опять двойка» атты картинасын оқушылардың талқылауы.

- Сендерге картина ұнады ма, ұнаған жоқ па? - Картинада бейнеленген бала не сезініп тұр? -Өз туған үйінде ол қалай өмір сүреді екен?
- Қалай ойлайсың, оған анасының, әпкесінің, інісінің көзқарасы қандай?
- Сен оған көмектескің келе ме?
- Картинадағыдай жағдай сенің өміріңде де болып тұра ма?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл оқиға қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?


• «Баланың алған бағасын қала қабылдау керек?»
- Нашар баға үшін балаңызға ұрыспаңыз. Сіздің алдыңызда ол өзін жақсы жағынан көрсеткісі келеді.
- Балаңыздың ұзақ еңбектенгенінің нәтижесі жоғары болмаса да, балаңызға қолдау көрсетіңіз. Түсіндіріңіз, жоғарғы көрсеткіштердің нәтижесінен , күнделікті еңбектеніп біліміңді нақты толықтырған маңыздырақ.
- Тоқсан аяғында сіздің жан дүниеңіздің тыныштығы үшін балаңызды мұғалімнен баға сұрауға мәжбүрлемеңіздер..
- Балаңызды бағаға тәуелді болуға үйретпеңіз.
- Ешқашан балаңыздың көзінше баға әділетті қойылды ма, жоқ па деп талқыламаңыздар. Күмәндансаңыз - мектепке барып болған жағдайды мұғаліммен бірге шешуге тырысыңыздар. - Балаңыздың мәселесін мұғалімнен, басқа оқушылардан іздемеңіздер.
-Балаңызға әрдайым қолдау көрсетіңіз, мейлі ол кішкентай жеңістер болсын. Өзінің жалқаулығын женгеніне қуаныңыз.
- Жақсы баға алған күндері кішігірім мерекелер ұйымдастырыңдар. Жақсы нәрсе де, жағымсыз нәрсе де баланың есінде сақталып қалады..

Жиналыс барысы:

1. Сынып жетекшісінің сөзі.
-Құрметті, ата-аналар! Бүгін біз оқушы бағасы туралы талқылауға жиналдық. Мектептегі бағаның баланың өміріндегі алатын орны. Сол баланың бағасы үшін отбасы мүшелерінің арасында ұрыстар да болып жатады. Екінші сыныпқа балалар аяқтарын нық басып, үлкен сеніммен келеді. Мектептің тәртібінің,жаңа міндеттердің , үлкендермен, құрдастарымен тіл табыса білудің адаптациялық кезеңінен өтті.. Енді ы оны мектепте не күтіп тұрғанын жақсы біледі. Бірінші сыныпты қалай бітірсем, солай әрі қарай оқимын деп ойлайды. «Бірінші кластағыдай жақсы оқимын»,; «Былтырғы оқу жылында барлығы керемет болған жоқ. Жазуым нашар еді. Биыл енді қалай болады, білмеймін, қолымнан келгенше тырысамын. Осындай толқулар ата-аналар арасында да болады.Өз өзін бағалау өзінің де, өзгелердің де көзқарасын қалыптастырады. Ал өз өзін бағалау іс-әректтерінің нәтижесімен, өзгелердің бағалануынан қалыптасады. Оқушының позитивтік бағаланудың негізі оқушының өз жетістіктері мен жақындарының жақсы қарым қатынасы. Бастауыш сынып кезеңі оқушылардың өз өзінің бағалауының түйіні болып есептеледі. Екінші сынып оқушыларының өз өздерін бағалауы бірінші сынып оқушыларының өз өздерін бағалануынан айырмашылығы көп. Бірінші сынып оқушыларының өз өздерінің жоғары бағалауы қалыпты. Екінші сыныпта көп балалардың өз өздерін білім жағынан бағалауы қүрт төмен түседі. Үшінші сыныпта қайтадан өз өздерінің бағалауы жоғарғы деңгейді көрсетеді. Бұл жағыдай «екінші сынып оқушыларының феномені» деп аталған.Екінші сынып оқушылары өз-өздерін төмен бағалайды. Сол себептерден өзіне деген сенімсіздік туындайды. Баға деген өзінің іс әрекетін бағалау; баға- осы бағалаудың ұпаймен көрсетілетін сан. Бағалау процессі ашық түрде көрсетілген дұрыс. Ересектер: ол мұғалім, ата-ана алдымен баланың іс әрекетінің жақсы жағын , неге қол жеткізгенін түсіндірген дұрыс. Баланың ынтасын, әлде де неге көңіл бөлу керектігін бірге талқылап бағалаған дұрыс. Үлкендердің көмегісіз бала өз өзін дұрыс бағалай алмайды, бағалағанда қойылған бағыттарды талдай білу керек. Ал өз өзін бағалай алмаған бала «баға» маңызын жоғалтып, өзіне бағындыратын бағаға айналады. В. А Сухомлинский жазған « Баланың мектептегі өмірінде табындырғыш - баға пайда болады. Бір бала үшін -ол қуаныш , үміт, сенім.

  • Бір бала үшін- ол қатыгез, аямайтын.

  • Бала табындырған бағаның ойынан шыққысы келіп, тырысады, болмай жатса - табындырған бағаны алдап, өзінің қуанышы үшін емес, баға үшін оқиды.

Өкінішке орай, ата-аналар еріксізден еріксіз балалармен қарым-қатынастарын оқу үлгерімімен тәуелді етеді. Балалар бұл байланысты ересектерден бұрын түсініп байқайды: « Анам мені жақсы көрмейді, өйткені мен бес алып жүрген жоқпын» , деп ойлайды.
Психолог Ш.А .Амонашвили бағаларға арнап портреттер ойластырған, олардың аттары өздері туралы анық айтып тұр:

  • 5 - мақтанған бес

  • 5- үміттенетін бес

  • 3- не нәрсеге де, неқұрайлым қарайтын үш

  • 2- азаптап қинайтын екі

Ата- аналар балаларымен қарым қатынастарын алған бағасымен байланыстыратын болса, әсіресе ол ата-ананың ойынан шықпайтын баға болса, бұл жағдайда бала өз өзіне сенімсіз болады, оқуға деген қызығушылдығын жоғалтады. Ата-аналардың естерінде болу керек, білім алуда баға ғана емес, баланың білім алудағы еңбекқорлығы, ұқыптылығы, білім алудағы құштарлығын ұмытпаған жөн. Баланың оқудағы жетістіктері ата-ананың қолдауымен, түсінікпен қарауы өте маңызды. 2. Педагогикалық тренинг
Бірінші жаттығу. Құрметті ата-аналар! Мына сұраққа жауап беруіңізді сұраймын: «Сіз үшін балаңыздың мектепте алған бағасының орны?» ( тақтаға жиі қайталанып айтылған жауап жазылып, талқыланады) Екініші жаттығу. Ата-аналар өздерінің балалық кездерін естеріне түсіріп, баға алғанда қандай көңіл күйле болғандарын айтып, осы естеліктерін ата-ана ретінде талқылайды.

Үшінші жаттығу. Ф. Решетниковтың «Опять двойка» « Тағы да екі» атты картинасына назар аударыңыз. Осы картинаның финалын қазіргі 21 ғасырдағы көз қараспен қараңыздар Төртінші жаттығу. Осы картинаны балалардың қалай суреттегенін тыңдап, өздеріңіздің суреттегеніңізбен баланың қалай сезінгенін салыстырыңыз. « Картинада мектептен басын салбыратып келген бала бейнеленген. Оның жақсы көретін иті алдынан жүгіріп, оның көңілін көтергісі келді. Бірақ бала итіне қарамады, оның ойлағаны :« Маған не үшін екі қойды?» . Анасы, әпкесі, інісі бұл түрін көріп бірден түсінді. Анасы күрсініп, басын шайқады: «Сірә, нашар баға алды-ау» деп. Бала басын төмен түсіріп, шошып алған бағаны есінен шығарар емес. Ол күнделігін жаман бағамен бүлдіргені үшін күнделігін аяды. Әпкесі үй тапсырмасынан басын көтеріп бір қарады. Пальтосын шешпестен бала ренжулі тұрды. Кейін бәрі өз орнына келді, бала екісін есіне түсірмейтін болды, әпкесі сабағын жалғастырды, қысқы кеш әдеттегідей жалғасты.» Ата-аналар ойларымен бөліседі.

Бесінші жаттығу. Ата-аналарға осындай сәттер туралы стратегиялар ойластырып топта қарастыру ұсынылады. Бұл ата-аналарға осындай жағдайларда дұрыс шешім қолдануға көмектеседі.

1. Бала өздігінен ұй жұмысын орындағысы келмейді, ата-анасының жұмыстан келгенін күтеді.
2. Бала өздігінен үй жұмысын орындайды, бірақ мұғалім үй жұмысын қанағаттанарлық бағасын қояды.
3. Үй жұмысын орындау барысында бала жиі алаңдайды, қате жібереді, бастағанын аяқтағысы келмейді. 4.Баланың жазуы нашар, ал тапсырманы қайта көшіргісі келмейді.
5. Бала мектептен тағы екі алып келеді.
6.Бала нашар баға алып келеді, бірақ үйге келіп бес алдым дейді. Бұл жиі қайталанады.
7.Бала нашар баға алуын мұғалімнен көреді. Мұғалім бағаны әділетсіз қояды дейді.
Алтыншы жаттығу. Ата-аналардың, оқушылардың анкеталарының талдамасы.
3 Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі.
Құрметті ата-аналар! Жиналысты қорытындылай келе не айтуға болады? Балаларыңызға көмек көрсете біліңіз. Балаңыздың жан дүниесін түсініңіз, оның досы болыңыз.

4 Жиналыстың қорытындысы. Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін жазады.

5. Ата-аналарға кеңестер парақшасы таратылады.

Родительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөліРодительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөліРодительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөлі Родительское собрание для родителей 2 класса Сабақта алған бағаның рөлі

Ата-аналар жиналысы

Хаттама № 2 Өткізілген күні- 20 қараша 2015 жыл. Қатысқан ата-аналар саны- 18. Қатыспағаны- 5 ( хабарласып келе алмайтын себептерін айтты) Ата-аналар жиналысының жоспары: 1. Коучинг «Сабақта алған бағаның рөлі». 2. Сынып жетекшісінің сөзі: тазалық, денсаулық туралы, 2 тоқсанда өткізілетін іс-шаралар туралы. 3. Ата-аналардың сауалдары.

1. Коучинг қызықты, өтті. Ата-аналар өздерінің ойларын айтып , балаларын расында бағамен қорқытып, бағаға тәуелді болғызып алғандарын түсінеді. Тренингтердің сұрақтарын бірлесіп талқылап, көп баланы қолдамай жүргендерін байқады. Коучинг ата-аналарға ұнап, соңында өздерінің алғыстарын айтып сөз қозғады. Умербаева Сауле:- Бүгінгі коучингтен алған әсерім мол. Расында да мен қызымның кей кезде 4 алған кездерінде де ренжіп, неге 4 алдың деп сұрақтың астына алатыныма өз-з-өзіме ренжіп тұрмын. Коучингте айтылғандай , бұндай әрекетпен біз балаларымызға сенімсіздік, өз өзін бағалай алмауға мәжбүр етеміз екен. 2. Сынып жетекшісінің сөзі: Қыс мезгіліндегі қалыпты ауру -тұмаудың алдын алу үшін : балаға бетперде кигізіп, мұрнына май жағып қорғану керек. Себепсіз сабақтан қалуға болмайды. Екінші тоқсанда 2 ашық сабақ , Тәуелсіздікке арнап ашық тәрбие сағатын өткізілетіні туралы сөз қозғады. Жаңа жыл мерекесін қалай өткізетіні туралы ата-аналарға шешуге ұсынды. 3. Ата-аналардың сөзі: Ата-аналар толғандырған сұрақтарын қойып, сынып жетекшісімен сұрақтар бірге талқыланды. Жиналыс соңында төмендегі шешім қабылданды: 1. Балаға көңіл бөліп, қандай баға алсада оған сенімділік, өз-өзін бағалай білу қасиетін ұялатып арттыру. 2. Тұмау ауруын алдын алу. Іс шараларға белсенді қатысу. 3. Жаңа жыл шыршасына театр артистерін шақырып, көңілді өткізу. Балаларға арналған Жаңа жылдық сыйлықты әр ата-ана өзі дайындайды. Сынып жетекшісі : / / Н. И. Жубанышева Ата-аналар төрайымы: / / Оңалбаева Ләйлә 21. 11. 2015 жыл

© 2010-2022