Оқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Оқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдану

Оқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдануОқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдануОқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдануОқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдану

Қостанай қаласы .

«Физика-математикалық лицейі» ММ

Самбулатова Г.Ш, бастауыш сыныпта қазақ тілі

пәні мұғалімі, сайт жетекшісі.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдану. Өз білімдерімізді жетілдіру, тәжірибе алмасу, бөлісу, білім беру аясында насихаттау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері арасында шағын шығармашылық топ құрып, жобамызды сіздерге ұсынып отырмыз.Шығармашылық топта ММ «Физика-математикалық лицейінің..» бастауыш сынып мұғалімдері қызметтерін ұсынады. Сіздерге ұсынып отырған сайтымыздың мекен-жайы: kaztili.fmlkst.kz. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, білім саласы туралы мәлімет алуға, қандай да бір инновациялық байқауларға қатысуға тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы ұстаздармен хабарламалар алмасуға, бейнеконференцияларға қатысуға ,онлайн сабақтар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz - Қазақстан, .ru - Ресей, .ua - Украина, .uk - Ұлыбритания, .fr - Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com - коммерциялық ұйымдар, .org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Internet-тегі ақпарат сайттарды пайдаланып, білім жетілдіру әр мұғалімге қол жетімді процес.

Біздің ұсынып отырған жобамыз, бастауыш сынып қазақ тілі мұғалімдерінің «Балдәурен» сайты.

Мақсатымыз: бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды қолдану барысында, тәжірибелі мамандармен тәжірибе алмасу, ой бөлісу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Өзектілігі: Білім кілті бастауышта,ал оның іргетасын қалаушы мына біздер, яғни ұстаздар, бастауыш сыныпта қазақ тілінің оқытылу аясын кеңейту, озық тәжірибелермен бөлісу.Бүгінгі заман талабына сай, тәуелсіз еліміздің ұлттық тарихын, мәдениетін, білім саласындағы инновациялық технологияларды жаңғырту және насихаттау . Осы сайттың алғы шарттары және қажеттілігі (проблематикасы) Біз бұл сайтты таңдап алу себебіміз, бүгінгі заман талабына сай оқытуда жаңа инновациялық технологияларды, оқытудың ықшамдалған, жүйелі, электронды түрлерін қолдану аясын насихаттау мақсатын көздеп отырмыз. Заман талабына сай білім беруде, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруда ұсынылған сайтты іске асыру қажет деп санаймын. Ұсынылған сайттың ерекшелігі қолжетімділігінде деп ойлаймын. Себебі бұл сайт ұстаздармен, ата-аналармен, оқушылармен жан-жақты қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Нысаналы топ. Сайтта бағытталған мақсатты тобымыз ұстаздар мен мектеп оқушылары. Бұл сайт бастауыш сынып мұғалімдері арасында байланыс жасауға арналып жинақталды. Сайтта алынған материалдар топтамасы бастауыш сыныптың білім деңгейіне сай жинақталды және қосымша материалдар берілді. Міндеттері:

1. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде білім беруші мұғалімдермен білім стандартына сай материалдар топтамасын жасау.

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында,оқыту желісіндегі инновациялық технологияларды насихаттау,оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруда, логикалық қабілеттерін ұштастыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс*шараларға белсене араластыру мақсатында материалдар жинақтау.

  2. Сапалы, жүйелі сайт ашу барысында оқушылардың елін тануға,қастерлей білуге , тілді үйренуге деген ниеттерін қалыптастырып, Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

  • Күтілетін нәтижелер. Жоғарыдағы көрсетілген әрекетті іске асыру нәтижесінде оқушылардың пәнге , мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру көзделеді. Нәтижесінде сапалы білім көрсеткішіне, тәжірибе алмасу тиімділігіне, жан-жақты білім дамыту әрекетіне қол жеткізуге болады.
  • Сайт нәтижелерінің бағасы және мониторинг. Сайт нәтижелерін мазмұны мен құрылымына сай, безендірілуі мен сапасына қарай бағалауға болады. Іске асқан әрекеттің пайдалылығын білім беруде қосымша электронды тәжірибе алмасу құралы ретінде пайдалануға болады,мұндағы алынған іс-әрекеттер білім беру мекемесіндегі, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүйелі жұмыс жоспарына сай атқарып келе жатқан қызметтері.Сайт бөлімдеріне тоқталатын болсақ, бірінші бөлім Негізгі бет ол бетте сіздер сайт туралы біле аласыздар, екінші бөлімі «Біз туралы» бұл бөлімде шығармашылық топ мұғалімдері туралы жеке мәлімет алаласыздар. Үшінші бөлім «Сайтқа тілек» бұл бөлімде сайт құруда ақыл-кеңес беріп, жетекші -тәлімгер болған озық тәжірибелі мамандар, сайт жетекшісі туралы және сайтқа тілектермен таныса аласыздар.Төртінші «Менің Отаным-Қазақстан» бөлімінде бастауыш сынып оқушыларына арналған елтану материалдары орналасқан. Бесінші «Біздің жетістіктеріміз» бөлімі арқылы оқушыларымыздың бойындағы пәнді тек қана оқып қоймай,аталған пән бойынша олимпиада, байқау, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу, қашықтық олимпиадасына қатысуға деген қызығушылықтарын арттыруға болады. «Қиын да қызық,грамматика», «Әрі оқу,әрі ойын» бөлімдері бастауыш сынып оқушыларына грамматиканы оқуда, өз білімдерін пысықтауға арналған материалдармен қамтамасыз етілген.

Бастауыш сынып қазақ тілі мұғалімдерінің

«Балдәурен» сайты.



Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

(Абай)





Сіздерге ұсынылып отырған «Физика -математикалық лицейі..» ММ бастауыш сыныптағы қазақ тілі мұғалімдерінің «Балдәурен» сайты.Біз сіздермен қауышқанымызға өте қуаныштымыз. Сайттың беттерінен Сіздер біздің лицейдегі қазақ тілін оқыту, ақпараттық-инновацияларды пайдалану, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылу желісімен таныса аласыздар.

Әрекет жоспары.

Сайт қызметін іске асыру барысындағы жұмыс жоспары.

1. Сайт тақырыбын таңдау.

Оқу жылының басында.Қыркүйек айы.

2 Сайт ашудың мақсат , міндеттерін айқындау.

Жыл бойында

3. Мазмұны мен құрылымын айқындау.

Жыл бойында

4. Сайт қызметін ұсыну

Қыркүйек айында

5. Сайт жұмысын қорғау

Наурыз айында

6. Нәтижеге қол жеткізу

Оқу жылы соңында



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қ. Ақбаева. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.

  2. Ж. Қасенова Дидактикалық материалдар. Алматы «Рауан» 1996 жыл.

  3. Ж. Жеткізген. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері, әдістемелік құрал. Алматы кітап, 2007 жыл.

  4. Самоучитель казахского языка 1500 слов и словосочетаний. Т.Шаңбай, Қ. Байгабылова,ТОО «Аруна LTD» 2005 г.

5.alikhan97.ucoz.ru/forum/3 6. inform.kz

7. topreferat.com/

© 2010-2022