Планирование на тему Шегіртке мен құмырсқа 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту, ойын жүйелі айтуға меңгерту

Сабақтың міндеті: а) оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту,ұшқырлығын

ойлау қабілетін шыңдау,шапшаңдықпен нақтылыққа бейімдеу.

ә) Оқушылырды алғырлыққа, зеректікке ,ептілікке, тапқырлыққа баулу.

б) Оқушыларға эстетикалық тәрбиеге баулу,еңбекқорлыққа адамгершілікке

баулу

Күтілетін нәтиже: Ойларын ашық айтуға,шапшаңдыққа, нақтылыққа үйренеді

Оқулық/әдебиет/: Әдебиеттік оқу 2-сынып

Құрал-жабдық: Оқулық,интерактивті тақта,автор суреті

Әдіс -тәсілдер: СТО стратегиялары: Топтастыру, Венн диаграммасы, семантикалық карта, бес жолды өлең,рөлге бөліп оқу

Уақыты

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин












10 мин

















7 мин























3 мин




3 мин



5 мин



3мин



5мин



3 мин





2 мин



2мин


Қызығушылықты ояту


Үй тапсырмасын тексеру.


Мағынаны тану

Сурет бойынша әңгіме

Автормен таныстыру



Оқулықпен жұмыс



Сергіту жаттығуы

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс








Сабақ қорытындысын жасау, бағалау


Үйге тапсырма беру.

Психологиялық дайындық.

Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан Үлгі аламыз жақсыдан

Топқа бөлу

Есіркеп Тәжин «Мұз үстінде»

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою 1.Жазушы қысқы Нұра өзенін қалай суреттеген? 2.Эдуард қандай бала? 3.Эдуарттың ұлты кім? 4.Достық туралы мақал айт. 5.Досын құтқару кезінде оның қандай қасиеттері байқалды? 6.Қауіпті жағдайда Эдуард жылап қашса немесе қорқақтық жасаса,баланың жағдайы не болар еді? 7.Эдуардтың анасы туралы не айтуға болады? 8.Балалардың басты қатесі не болды деп ойлайсың? 9.Балаларға қандай ескерту ереже айтар едіңдер?

Жұмбақтар шешу Қылдай белі бүгілген Өзіненде жүгі үлкен (құмырсқа) Өзі қара шекілдеп,секіреді секілдеп (шегіртке) Абай Құнанбаев 22 тамызда 1845 жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген - 1904 жылы 5 шілдеде 59 жасында қайтыс болған. Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.

Иван Андреевич Крылов - белгілі орыс жазушысы, мысалшы,журналист, академик . И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде офицердің отбасында дүниеге келген. Сөздік жұмыс.

Мәтін бойынша сұрақ қою. 1. Кейіпкерлердің қайсысы ұнады. Неліктен?
2. Жаздыгүні шегірткенің жағдайы қандай болды, Шегіртке жазды қалай өткізді?
3.Қыс түсісімен шегірткенің өмірі қалай өзгерді?
4. Ол құмырсқаға неге келді?Құмырсқадан қандай көмек сұрады? Құмырсқаға қандай өтініш айтты?
5.Сендер Шегірткені аяйсыңдар ма?
6.Шегірткені ақын қандай адамға теңейді? Құмырсқаны ше? 7. Шегіртке мен құмырсқа бейнелері арқылы адамдардың қасиеттерін көріп, байқауымызға болады ма?

Өлең мазмұнын ары қарай ойша жалғастырып, Шегірткені қиншылықтан құтқаруға көмектес. Ойыңды дәптерге жаз.

1.Топпен жұмыс 5 жолды өлең

/- топ. Ролге бөліп оқыту. /сахналау/

//- топ. Семантикалық карта
///- топ. Мақал-мәтелдің жалғасын табу

«Шегртке мен құмырсқаға»

Венн диаграммасын құру

Формативті бағалау, ауызша мадақтаулар , бірін-бірі бағалау

"Шегіртке мен Құмырсқа" мысалын жаттау

Хормен айту.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан

Сұрақтарға жауап береді



Жұмбақтың шешуін табады Балалардың жауабы



Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Бейнекөрсетілімдегі физминутканы жасайды.

Дәптерге жазды

Қима қағаздағы тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күнделікке жазу



© 2010-2022