Эссе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық класс түлегінің моделі

(Эссе)

Кабибулла Гульнур Асылханқызы

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы

№4 орта мектебінің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі болашақ ұрпақ қолында. Тек білімді азаматтармен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ.

Ал, сол білімді азаматтар, еліміздің болашағы білім берудің бірінші сатысы ретінде мектепалды даярлық топ балалары.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, білім беру үрдісі мынадай 5 салада ұйымдастырылады: денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық, әлеумет.

Осындай 5 саланың нәтижесінде:

  • Дене бітімі дамыған

  • Білуге құмар

  • Белсенді

  • Эмоционалды елгезек

  • Үлкендермен, құстармен қарым-қатынас жасауды меңгерген

  • Өзі, отбасы, қоғам, мемлекет, әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар.

  • Мектепте оқуға қажетті дағдылар мен іскерліктерді игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі қалыптасады.

Әр таңда, жұмысқа келгенде, мен балалардың көздерін көремін. Бірінде - қызығушылық, екіншісінде - үміт, үшіншісінде - сүйіспеншілік. Олар сондай әртүрлі. Әр баланың өзіндік ойы, өзіндік айрықша әлемі бар, ал сол әлемнің ашылуына көмектесуім керек.

Балаларды бір-бірінен ажыратпай жақсы көруіміз керек. Оның өзіндік абзал сезімін және өзіңе, өзінің іс-әрекетіне жауапкершілігін тәрбиелеу және мақтау, мадақтау, мақұлдау қажет. Әр баланың мүмкіндігіне сенуіміз қажет.

Балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызықтыру және көңілдерін аудару үшін, өткен материалдарды жақсы меңгертуге көмектесетін түрлі дидактикалық материалдарды қолдануға тырысамын. Алайда мектепке дейінгі білім беруде ең тиімді әдістің түрі ойын деп есептеймін.

В.А.Сухомлинский сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өнерімен ұштасып, өзің қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдің бірі.

Ер балалардың ойындағы әрекетін бақылай отырып, олардың техника шығармашылығымен байланысты ойын түрін қалайтындарын байқадым. Сондықтан мен ойын бөлмесінде балалар бірнеше топтарға бөлініп, өзідерінің қалаулары бойынша ойнауы үшін, ойын бұрыштарын жасадым. «Шаштараз», «Аурухана», «Дүкен», «Отбасы».

Балалардың танымын жан-жақты дамытудың тағы бір шешу құралы - ақпараттық технологияны пайдалану. Бүгінгі таңда төмендегідей ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемді қолданып жүрмін:

Paint, Power Point, Microsoft office жиынтығы, Activstudio, Windows Movie Maker. Бұл балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Келесі жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші, оның руханилығы. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

В.А. Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.» - демекші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді жиі көрсетемін. Мәселен, «Батпан құйрық», «Мақтаншақ қоян», «Қызғалдақ» ағылшын ертегісі.

Кез-келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің міндеті - өмір қорғау және денсаулықты нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Дене тәрбиесі балалардың бойында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастырса, баланың дене дамуын жүзеге асыратын: табиғи күштер (күн, ауа, су), жалпы дамыту жаттығулары, ойын түрлері, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі сергіту сәттері.

Мектепалды даярлық класс түлегі өзінің кім екенін, өзінің мүмкіндіктерін, қолынан не келетінін, не қалайтынын және не қаламайтынын білетін жеке тұлға.

© 2010-2022