Дүниетану Тыныс алу мүшелері

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері. Өкпе. Тыныс алу гигиенасы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тыныс жолдары туралы түсінігін қалыптастыру, олардың жұмысы жайлы мәлімет беру; Тыныс алу гигиенасын сақтау. Таза ауаның тыныс алу мүшелері үшін маңызы туралы айту; тыныс алудың гигиеналық тәртібін қарастыру. Таза ауада көбірек серуендеуге баулу. Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері» кестесі. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. -амандасу -оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық дайындық. «Кім көп біледі» ойыны. Балалар дені сау адамның белгілерін атап шығады (көңілді, сергек, оқтай түзу, дұрыс тамақтанады, терісі таза, спортпен шұғылданады және т.б.). Балалар, адам тыныс алу үшін қандай газ қажет? (Оттегі) Үй тапсырмасын тексеру. -үйге берілген тақырыпты әңгімелету. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе әңгіме. Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып көрейік. Не байқадыңдар? (Ауа жетпей, тынысымыз тарылды.) Ауаның құрамы қандай? Дүниетану Тыныс алу мүшелері
Дүниетану Тыныс алу мүшелері Қорытынды. Адам тыныс алуы үшін оттегі қажет. - Адам өмір бойы дем алады - ауаны жұтып, сыртқа шығарлды. Жұтқан кезде ауа мұрын қуысымен кеңірдек, көмекей жолдары арқылы өкпеге жетеді. Бұл мүшелердің бәрі бірігіп тыныс алу жүйесін құрайды. Мұғалім «Тыныс алу мүшелері» кестесін көрсетеді, оқушылар осы мүшелерді тауып, есте сақтайды және сызба құрады: Тыныс алу мүшелері: Мұрын қуысы Кеңірдек Көмекей Өкпе 1.Оқулық бойыншажұмыс: а) Мақаланы оқып, жұптасып пікір алмасу; ә) Тыныс жолдарын қорғаудың негізгі ережелерін анықтау. Әрі қарай балалар мәтіннен мұрын қуысының маңызын біліп, адам денсаулығы үшін мұрын қандай рөл атқаратынын бығамдайды. 2.Сөздік жұмыс. Көмей, кеңірдек, өкпе. 3. Жағдайға талдау жасау. Мерейтойы әжемнің: Қонаққа толы үйіміз. Күлкі, әзіл көбейді, Бұрқыраған көк түтін. Қонақтар аса көңілді, Маған ғана күлкі жоқ. Түтіннен әбден тұншықтым, Маған мұнда орын жоқ.

- Темекі түтіні адам денсаулығына қандай зиян келтіреді?
- Осы өлең кейіпкерінің орнында сен болсаң қайтер едің? 4. «Дұрыс жауабын тап» ойыны. « Иә, жоқ» Оқушылар екі топқа бөлініп, жарты шеңбер жасап тұрады. 1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ) 2. Сенің жүрегің өз жұдырығыңдай (иә) 3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ) 4. Оттегі таза ауа. (иә) 5. Тірек, қозғалыс мүшесі - өкпе. (жоқ) 6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ) 7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. 8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян.(жоқ) 9. Дені сау адам аурушаң. (Жоқ) 10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә) - Сенің қасыңда біреу темекі тартып тұрса сен не істейсің?:

а) Былайырақ барып тұру қажет.
ә) Темекі тартпауын өтіну керек.

Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

- Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы қандай және ол қалай жұмыс істейді?

- Өкпе қандай бөліктерден тұрады?

- Өкпе көпіршіктері қандай қызмет атқарады?
Негештің сұрағы:

- Тұмау кең таралған кезде дүкен, емхана және басқа мекеме қызметкерлерінеліктен аузы-мұрнына дәке байлап алады?

Үйге тапсырма беру.

Бағалау

© 2010-2022