Тәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТәрбие сағаты: Әдептілік-әдемілік белгісіТақырыбы: «Әдептілік - әдемілік белгісі»
Мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, өсиет сөздер мен мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат.
Барысы.
Шаттық шеңбер.
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді ұғамыз,
Саяхатқа шығамыз.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Әдептілік - әдемілік белгісі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Қазір мен сіздерге осы әдептілік жайлы бірнеше сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап берулеріңіз арқылы сіздердің әдептілік жайлы ойларыңызды тыңдағым келіп тұр. Ендеше бүгінгі осы тәрбиелік шарамызда біз көптеген мағлұматтар алып, ойларымызды кеңейтіп, сіздерге кішкене де болса болашаққа жол көрсетерміз деп ойлаймын.

Әдеби - музыкалық монтаж."Не деу керек?"
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ІІІ -кезеңнен тұрады
І -кезең «Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
Сұрақтар:
1. Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңіздер?
2. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді»деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңіздер?
3. «Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасын ашып беріңіздер?
4. Балалар, сіздер сәлемдесу түрлерін білесіздер ме?
Томирис : Қазақ тәрбиені амандасудан, есен - сау сұрасудан бастаған. Кейбір егде адамдар «Ассалаумағалейкум» дегеннен - ақ кім екенін білдім» деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес, олай болса мәнісіне үңіліп көрейік.

Зарина : Біріншіден, сәлем берген кісінің дауысының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды.

Расул : Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігіңіз бірден көрінеді.

Мұғалім: Әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзінен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек.
«Қоғамдық көліктегі әдептілік» Қарт әжей, Томирис, әдепсіз оқушылар.

Қолында ауыр жүгі бар қарт әжей көлік аялдамасына келе жатады.оны көрген Томирис алдынан жүгіріп шығып:

  • Сәлеметсіз бе, әжей?

  • Сәлеметсің бе, балам!

  • Кешіріңіз, қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңіз. Сонда әжей балаға мейірімді көздерімен бір қарап, іштей риза болып сөмкесін ұсынады. Сөйтіп аялдамаға жетеді. Автобус келіп, Томирис мен әжей автобусқа мінеді. Автобуста отыратын бос орын болмайды, сонда Томирис өзі қатарлас балалардың орындықта отырып, әжейге орын бермегенін байқап қалады. Сонда Томирис жақын отырған бір балаға әжейге тұрып орын беруін өтінеді.ал ол болса естімеген сыңай танытады. Біраз уақыттан кейін аялдамадан түскен апайдың орыны босап, әдепті бала әжейді отырғызады. Томирис іштей әдепсіз баланың ісіне ұялып өз сыныптастарын әдепті болуға шақырады.
    Мұғалім : -Балалар осы оқиғаға өз көқарастарынды білдіріңдер.
    Ән: «Әнші балапан»

ІІ- кезең «Әдептілік әліппесі»
Мұғалім: Балалар, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойымыздан шығармауымыз керек.
Мұғалім: Әдеп - діннің жаршысы.»Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар» делінуі бекер емес екен.
«Кітапханадағы әдеп»
- Сен кітапханада ертеңгі сабағыңа беріле дайындалып отырсың. Көрші столға екі оқушы келіп отырды да, қолдарындағы кітабын ретсіз парақтап, күбірлеп сөйлесе бастады, сенің көңілің бөлініп кетті. Сен не істер едің?(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
1 - оқушы: Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр. Кітапхана - қоғамдық орын, сондықтан ол да үлкен мәдениеттілікті талап етеді. Кітапханада тыныштық сақтауға қатаң талап қойылады, ешкіммен дауыстап сөйлесуге, қағаздарыңды ретсіз сытырлатып жаныңдағылардың көңілін бөлуге болмайды. Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалана біл, бетін жыртуға, шимайлауға болмайды. Дайындалып болғаннан кейін кітапханашыға өткізіп рахметіңді білдіруді ұмытпа.
Мұғалім: Жауаптарыңа рахмет, балалар. Енді тәрбиелік шарамыздың келесі бөлімі - «Құпия хаттармен» жұмыс бөліміне көшсек. Мен мұндағы «Құпия хаттарды» оқып, сіздердің пікірлеріңізді тыңдағым келіп тұр.
1 - хат: Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Ол өтірікші, көзбе - көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып ойнаймын ба?
2 - хат: Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап, тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?

2 - көрініс. Ортада Нұрсауле мен Айсәуле сурет салуын тамашалайық. Айсәуле қарындашды рұқсатсыз алып кетеді. Себебі Нұсауленің қарындаштары Айсәуленікінен қарағанда әлде қайда әдемірек болатын. Нұрсауле қарандаштарын қайтарып беруін сұрайды. Алайда Айсәуленің оған бергісі келмеді.
Мұғалім , Балалар, біреудің құралын рұқсатсыз алуға бола ма?
Балалар: ЖОҚ..

Мұғалім Қане, бұл қателікті кім түзейді.
Арыстан. Өтінемін қарындас,
Бере тұршы қарындаш - дейді.
Қыздар қарындашты Арыстанға береді.
Мұғалім . Балалар, қараңдаршы Арыстан қандай әдепті. Өтінем деген ізгі сөзді айтуды ұмытпады. (Айсәуле ,Нұрсауледен кешірім сұрап, қарындаштарын беріп, екеуі қайта достасады.
Би: «Жорға»


ІІІ-кезең «Жағдаяттарды шешу»

1. Сұраққа - жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.

4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.

6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.

7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.

8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?

9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.

10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма?
Жоқ.

3 - көрініс. Дүкенге бір қарт кісі келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатады. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады.
Манара: - Ана кісі сенің анаңба?
Айдос:- Жоқ, анам емес.
Манара: - Жеңген бе?

Айдос:-. - Жоқ, жеңгем емес.
Манара: әжең бе?
Айдос:-. - Жоқ, әжем емес.
Манара: - Танисын ба?
Айдос:- - Жоқ танымаймын. Жай бір адам ғой.
Қыз бала таңыркап қалады.
Сендер осы көрністен не түсіндіңдер?
(балар өз ойларын айтады) Әже недейді балаға? (рақмет)
«Әдептілік» дегеніміз не?

Мансур. Адамгершілік, үлкендерді сыйлау, кішкетайларды аялау, сыпайы сөйлесу, таза болу, Отанды жақсы көру. Салт - дәстүрді сыйлау, дұрыс тамақтану.
Адамгершілік дегеніміз не?

Зарина. Бір - бірімізге көмектесу, ренжіспеу, ойыншықтарға таласпау, әке - шешенің тілін алу, үлкендерді құрметтеу, сыйлау.

Нұрсауле. Әдепті мектепте сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.


Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, бұл мүмкіндектерін ұмытпаңдар.
Әдептілікке байланысты қандай мақал-мәтелдер мен өлеңдер білесіңдер?

Ендіше әдептілік туралы тақпақтарды айтайық.

Айдос: Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде
Ізетпен бас иемін
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін
Нұрсауле: Атам маған қашанда
Әділетті бол деген.
Ата сөзін санамда,
Жүрем тура жолменен.
Мансур: Егер сіздер әдепті екенсіздер:

Ардан жұрдай болмаймын, десеңдер

Қарсыласпай беріңіз қарт кісіге орынды.

Айсәуле:

Егер сіздер әдепті екенсіздер:

Үлкенменен сөйлескенде

Атаң болсын, мейлі апаң болсын

Сөзін онын ешқашан бөлмеу керек әмәнда.

Мақал-мәтелдер
Расул:ӘДЕПТІЛІК - ар - ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
Манара:Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Сәлем - сөз анасы.

Айдос: Бірлік болмай, тірлік болмайды.
Зарина : Өнерлі өрге жүзеді.
Нұрсауле: Жақсы аға орман, жақсы іні қорған.
Айсәуле : Сіз деген әдеп, біз деген көмек.

ӘдептілікҚорытынды: .- Балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде әдептілік, сыпайлық жайлы сөйлес тік. Әдепті, сыпайлы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайлы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйренейік Сонда әдептілік деген не? (екі топқа да қойылады)
ТОПТАСТЫРУ



- Балалар, сонымен әдептілік деген ар - ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата - аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік - әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022