Әдебиеттік оқу сабақ жоспары Туған тілім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
3-сынып. Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Туған тілім

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өлеңнің негізгі ойын ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға машықтану, жатқа оқуға дағдыландыру
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамиды, өз бетінше ізденуге талпынады, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айтуға, сөйлей білуге машықтанады.
Тәрбиелік: тілдің құдіретін сезінеді, оқушылар отан сүйгіштікке, сөз өнерін құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиеленеді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: «Әдебиет үйірмесі », ой қозғау, лездеме сұрақтар , РАФТ

Оқыту нәтижесі: Д. Әбілов туралы қысқаша мағлұмат алады, Оқышылардың тілге, халқына, Отанға деген сүйіспеншілігі, құрметі арта түседі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Үй жұмысын тексеру

  • Кесте көмегімен

  • Сиқырлы қаламың болса қандай жақсылық жасар едің елге?

  • Қиялыңдағы қылқаламды сөйлет

Тақырыбы

Түрі

Оқиға орны

Кейіпкерлер

Оқиғаның аяқталуы

І. Қызығушылықты ояту

Лездеме сұрақтар

Сабақтың бастығы --------------

Сыныптың басшысы ---------------------

Сабақтың бітуі --------------------

Сабақ арасы ----------------------

Бүгінгі мереке ---------------------

Тіл қажеті ------------------------

Яғни бүгінгі біз не жөнінде айтамыз?

  • Дұрыс, тіл туралы сөйлесіп, ой бөлісеміз

  • Мұғалімнің әңгімесі:
    Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.


1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заң» қабылданды.

ІІ. Мағынаны тану

Әдебиет үйірмесі

Қазір біз өз саламыз бойынша бөлінеміз

  • Оқырман - Әли

  • әңгімелеуші - Ділназ

  • зерттеуші - Кәмилә

  • Суретші - Тілеген

  • Сұрақ қоюшы - Ернұр

Мұғалімнің түсіндірмесі: - Дәптерге жазып алу

Әбілев Дихан (26. 12. 1907 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауы) - ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы.

Туған тілім

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім!


Көк аспанда қанат қағып ұшқанда

Өз тілінде қиқулайды құстар да.

Өз тілінде кісінейді құлыншақ ,

Деген кім бар «Өз тіліңді ұстанба!»


ІІІ. Сергіту сәті «Көңілді күн»

ІV. Ой толғаныс

  • Мақал мәтел

  1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

  2. . Ақынның тілі қылыштан өткір.
    3. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
    4. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де - тіл.
    5. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

  • Біз сендермен бірлесе отыра аңыз құраймыз

  • Аңыз деген не?

« Басқа пәле тілден»

Ерте -ерте ертеде бір қария болыпты. Оның үш ұлы болған екен.

Уақыт өте ол қартайыпты. Бүр күні ұлдарын сынамақ болып, олардың жанұяларына қонаққа барады.Әр ұлы өз алдарына отбасы құрған , балалары бар. Әкелерінің келгеніне қатты қуанған бірінші ұлы қой сойып, әкесінің алдына тосады. (ары қарай жаластырып, аяқтау)

Сабақты осы аңыз желісімен пысықтап, оқушылар білімін бағалау

Үйге: 31 бет жаттау РАФТ яғни кейіпкерге бүгінгі сабақтан алған әсері туралы хат жазып келу.

© 2010-2022