Өнеге отбасынан тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№35 мектеп» МКМ Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Н.Мамытова

Тақырып: Өнеге-отбасынан

Құндылық: Адамгершілік

Қасиеттер: Сыйластық, түсіністік, бірлік, татулық, ынтымақ

Сабақтың мақсаты:

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Міндеттері:

- Отбасының негізгі өмірдің ұйтқысы,киелі қасиетке ие болу сыры,отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

-отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы айта отырып,өзінің ішкі дүниесіне үңілдіру, жан толғанысын тудыра отырып сезімін жетілдіру,ойлау,жинақтау жасауда философиялық астарына назар аудару;

-отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Ресурстар: оқулық, жұмыс дәптер,слайд, т.б

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгендеу)

Шаттық шеңбері

-Балалар,бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық. Н. Айтовтың «алтын сөз» өлеңін бірге оқиық.

Алтын сөз

Ұсақ болма,ірі бол!

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата-анаңның көзінің,

Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім брлсаң да әйтеуір,

Азаматтың бірі бол!

Туған елдің ұлы бол!

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі-алтын сөз.

Әңгімелесу (сұхбат)

-Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесің?

-Өнеге отбасынан басталады деген сөз нені білдіреді?

-Отбасындағы тәрбиенің мәні неде?

Жаңа ақпарат:

Адамға өмірдегі ең қымбат отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады. Осындай тату-тәтті отбасында тәрбиеленген бала үлкендерді құрметтеуге,кішілерге қамқор болуға,мейірімді,ұқыпты болып өседі. Ата-ана ұл-қыздарына дұрыс жол көрсетіп, олармен үнемі кеңесіп,ақылдасып, жас кезінен оқуға,еңбекке баулып жөн сілтеп отырса балалар өнегелі болып өсері сөзсіз.

Сабақ барысын талдау

Балалар өз ойларын айтады.



Тыңдау.

Дәйексөз

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріледі.

Шығармашылық жұмыс. (Балалар өз ойларын айтады)

Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың өз отбасына деген құрметті, аялы қарым-қатынасы арта түседі.

1.Ана көрген тон пішер,

2.Әке көрген оқ жанар.

3.Анасын көріп қызын ал.

4.Баланың бас ұстазы-ата-анасы

5.Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы

Ойын «Айналайын, толғанайын!»

Оқушыларды ортаға кезекпен шығып, отбасындағы адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастыру. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің! Ақылыңнан айналдым!» т.б. Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты

болуға ықпал етуге бағытталады

Түйіндеме

Отбасы:

Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;

Жақсылыққа жетелейді;

Еңбектенуге үйретеді, білім алуға көмектеседі,

Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға үйретеді.

Әр адам жақсылық бастауы, тәрбие көзі отбасы екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасау.

Жүректен жүрекке:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін « Сыйластық» өлеңін бәрі бірге қосылып айтып сабақты аяқтайды.

Ата болып ақыл айтып көріңдер,

Әже болып ертегі айтып беріңдер.

Әке болып еркелетіп көріңдер,

Ана болып мейірімділік төгіңдер.

Аға болып үлгі көрсет кішіге,

Іні болып мейіріміңмен аяла,

Қарындас боп бауырында саяла

Түсініктерін кеңейту.

Балалар ойынға қатысады.



Есте сақтау.



Шеңберге жиналып бәрі бірге өлең айтады.



© 2010-2022