Ашық сабақ Сан есім 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сан есім

Сарсембаева Ш.К.

Қарасай ауданы ,Исаев ауылындағы бастауыш сынып мұғалімі.

1.Сабақтың мақсаты : оқушыларға сан есім туралы түсінік беру, сан есімдерге сұрақ қою, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табуға үйрету,ой қозғау стратегиясын пайдаланып,оқушыларды сұрақ қоюға үйретіп,сауатты жазуға дағдыландыру.

2.Сабақтың тәрбиелік мақсаты : оқушыларды адамгершілікке,ұйымшылдыққа,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: тікелей эфир,телефон,тірек сызбалары,бейне камера.

Әдісі: сын тұрғысынан ойлап талдау жасау,өз бетімен жұмыс,өз ойын қорғау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Терезеге күн шығысқа қарап алақандарын жайып ,күн жылуын алып бір-біріне беру.

Аспанға қараймыз,

Жұлдызды санаймыз.

Сабақтан бестік алып,

Қуанып тараймыз.

Тікелей эфир: Құрметті қонақтар,оқушылар біз бүгін сіздермен тікелей эфирдеміз.Бүгін бізге «Сан есім» қонаққа келіп отыр.Біздің телефонымыз 44-03-77.Бізге телефон шалып хабарласыңыздар.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Етістікті қайталау.

Бөлім бойынша өткен сабақты қайталау.

---Балалар ,біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз? Кім болам?ойыны арқылы сөз таптарын қайталау.Ұшқыш,мұғалім,құрылысшы,әнші мамандықтары бойынша зат есім,етістік,сын есімдерді қайталау.

---Біз осылардың ішінде қайсысын өттік?(зат есім,етістік,сын есім)

---Енді,қазір біз «кім жылдам?»ойынын ойнаймыз.Бұл ойынның ерекшелігі,барлық тапсырмалар тікелей эфир болғандықтан телефон арқылы беріледі.

3.Өткен сабақты қайталау.

Сұрақтар:

1.Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

2.Зат есімнің көптік жалғауларын ата ?( -лар,-дар,-тар,-тер)

3.Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не ?

4.« Әке» сөзін тәуелде.

5.Етістік дегеніміз не ?

6.Дара және күрделі етістік дегеніміз не ?

7.Негізгі және туынды етістік дегеніміз не ?

8.Туынды етістіктің жұрнақтарын ата.(-ла,-ле,-та,-те,-да,-де)

9. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

10.Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.( -ба,-бе,-па,-пе)

11.Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай ?

12.Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?

13.Туынды сын есімнің жұрнақтары қандай ? (- ғыш,-гіш,-қыш,-кіш,-дай,-дей,-дау,-деу,-лау,-леу,-тау,-теу)

4.Жаңа сабақ.Сан есімді түсіндіру.

---Балалар,жылдың неше мезгілі бар? ( төрт)

--- Көктем айлары нешеу?( үшеу)

---Қазір қай мезгіл ?( Көктем)

--- Сен нешінші сыныпта оқисың?( үшінші)

---Отбасында қанша адам бар?(Бес)

---Сенің досың нешеу?(екеу)

---Сен нешінші партада отырасың?(үшінші)

---Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым ?( Қанша? Неше? Нешінші?)

--- Ендеше балалар,бүгін біз сан есімді бастаймыз?

Ұзын мойын,екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

---Осы өлеңде қарамен жазылған сөз нені білдіреді ?Кім сан есімнің ережесін өз түсінігі бойынша айтып береді.

5.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.Өтірік өлеңді мәнерлеп оқу.Сан есімді табу.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.Өтірік өлеңге жалғастырып,өлең құрастырту.

2-жаттығу.Уақыт өлшемдерін сөзбен жазып,сөйлемдерді көшіру.

3-жаттығу.Математика сабағымен байланыстыру.Мәтінді оқып,сан есімді табу.

4-жаттығу.Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жазу.Өз беттерінше жұмыс.

6.Сабақты қорытындылау.Қасиетті қоржыннан нөмірленген асықтарды алып,карточкадағы сұрақтарға жауап беру.

7.Үйге тапсырма.201-ші бет, 5-жаттығу,жұмбақты шешу,сан есімді табу, ереже жаттау.

---Құрметті қонақтар,оқушыла,көрермендер телефон шалып,хабарласқандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау болыңыздар!



© 2010-2022