Тақырыбы: Зат есім. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Зат есім. 3-сынып Мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: ребус, мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 56-жаттығуда сөздерден сөйлем құрастыру. Оқушылардан ауызша сұрау, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу


´´´´´ Тақырыбы: Зат есім. 3-сынып ´´´Тақырыбы: Зат есім. 3-сыныпТақырыбы: Зат есім. 3-сынып´´ ´´´ Тақырыбы: Зат есім. 3-сынып 2. сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 58-жаттығудағы мақалдардың мағынасымен жұмыс, зат есімдердің астын сыздырту. Тау мен тасты су бұзар, (не?) Адамзатты сөз бұзар. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. (не?) ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: З з З з Зәуре. 59-жаттығуды оқушылармен тақтаға талдай отырып орындау: Гүл аттары: қалампыр, раушангүл, нарғызгүл, қызғалдақ, Дәрілік өсімдіктер: жалбыз, жолжелкен, түймедағы. 60-жаттығу өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту. Сұрақтар қою арқылы зат есімді теріп жаздырту. б) Зат есімнің түрлерін еске түсіру. Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс. 61-жаттығу мәтінді оқу, жалқы, жалпы есімдерді табу, сұрақ қою. Жалқы есімдер қандай әріптен басталып жазылып тұр? в) сергіту жаттығуы Ү.Бекіту: Терме диктанты. Көкшетау - қазақтың Швейцариясы атанған өлке. Оның табиғаты өте көркем. Көкшетау - Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып-өскен жері. Жалқы есімдерді теріп жазу. ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ. Үйге тапсырма: 62-жаттығу, 21-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
№10. Тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістіктің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 62-жаттығу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. тақырып мазмұны бойынша ертегі айту. Етістік Ғаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай һақ шебер көсемі суретшілер болмақ. Өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір затар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Ол бұрын сонды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді. Енді оның суретіндегі заттар құбылысға айналып, қозғалысты бейнеленейтін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейін оларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз - заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер)Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтты?) Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 63-жаттығудағы жұмбақты оқу, шешімін табу (мысық), жатқа айтқызу, жаздырту. Етістіктің астын сыздыңдар ма? Ол қандай сөздер? (ұқсайды, ұстайды) Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?) ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: И и И и Инелік. 64-жаттығуды топпен орындау. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктер: (өрмек) құрады, тоқылады (алаша) б) етістіктің түрлерін түсіндіру, мақсатымен ережені талдау, мысал келтіру. Дара етістік дегеніміз бір ғана етістіктен құралған етістікті айтамыз. Мысалы: оқыды, жазды, жинады. Күрделі етістік - екі, не одан да көп етістіктерден құралған етістік түрін айтамыз. Мысалы: айтып бере алмады, оқып отыр. 66-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау.

Дара етістік

Күрделі етістік Айбар оқыды Айман секірді Дәрігер емдеді Анам құйды Әжем тікті Бала көмектесті Айбар оқып отыр Айман секіріп ойнады Дәрігер емдеп жатыр Анам құйып жатыр Әжем тігіп отыр Бала көмектесіп жүр

67-жаттығу. Ақ, кит, мысық, ыдыс, ала. «қимыл» Етістік. 68-жаттығу Жаңылтпашты, оқу, жаттау, 5-6 оқушыға жатқа айтқызу. Жаңылтпаштағы тыныс белгілерге назар аударту, жазғызу. Түбіт сөзінің мағынасын ашу. в) Сергіту жаттығуы ҮІ. Бекіту: Өздік диктант 1. Көктем ... . 2. Қар ... . 3. Жер ... . 4. Жаңбыр ... . 5. Найзағай ... . 6. Құстар туған жерге ... . 7. Арықтарда су ... . 8. Ағаштар ... . Көп нүктенің орынына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 23-бет түсіндіру. ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022